Талдықорған: +13°C
$ 455.63
€ 507.89
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Таңдау жасалды

29 маусым 2017
КҮЛТӨБЕ
Таңдау жасалды
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен биылғы 28 маусымға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын белгілеген болатын. Соған орай Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында облыс көлеміндегі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары өз таңдауларын жасады. Облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың 333 депутатының 327-сі қатысқан сайлауда халық қалаулылары ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатурасын ұсынған үміткерлерге өз дауыстарын берді.

Алқалы жиынды ашып, жүргізіп отырған облыстық мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсенбинов алғашқы сөзді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Тимур Даутовқа беріп, сайлаудың тәртібімен таныстыруды ұсынды. Баяндамашы айтып өткендей, кандидаттарды ұсыну «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 71-бабына сәйкес 28 сәуірде басталып, 28 мамырда аяқталды. Осы уақыт ішінде Сенат депутаттығына облыс­тан 6 адам өз кандидатурасын ұсынған. Солардың ішінен екі үміткер – Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы және Өмірзақов Еркебұлан Ерденұлы іріктеліп шыққан болатын. Бұлардан бөлек, тағы бір үміткер Есболатов Болат Қанатұлы кандидатурасын өз өтініші бойынша 23 мау­сымда алдырып тастаған.
Осыған байланысты  облыс­тық, аудандық және қалалық мәслихаттардың 327 депутаты кезекпен дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Дауыс беру нәтижесі бойынша дауыс берушілердің 298-і Нұрлан Қылышбаевтың кандидатурасын қолдаса, Еркебұлан Өмірзақовқа барлығы 29 адам дауыс берген. Сөйтіп, облыстық сайлау комиссиясының дауыс беру қорытындысы туралы хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутат болып Нұрлан Наурызұлы Қылышбаев сайланды. Мұны облыстық мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсенбинов көпшілікке ресми түрде жеткізіп, алдағы күндердегі жұмысына табыс тіледі.
Мінбеге көтерілген жаңа депутат Нұрлан Қылышбаев көпшілікке сенім білдіргені үшін өз ризашылығын білдіріп, сенім үдесінен шығатынына, ел мен жер үшін аянбай еңбек ететініне уәде берді. 
Биылғы сайлауды 14 халықаралық бақылаушы бақылап, Саяси доданың талапқа сай өткендігіне куә болды. Олардың оны Оңтүстік Корея Республикасынан болса, төртеуі Ресей Федерациясынан келген.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Елімізде агротуризм саласы жаңа белеске көтерілді

Елімізде агротуризм саласы жаңа белеске көтерілді

Бүгін, 10:30
Жетісуда газ бен өрт қауіпсіздігі күшейтілді

Жетісуда газ бен өрт қауіпсіздігі күшейтілді

Бүгін, 10:27
Ұлттық тәрбие – ел болашағының тірегі

Ұлттық тәрбие – ел болашағының тірегі

Бүгін, 10:21
Мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анкараға барады

Мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анкараға барады

Бүгін, 10:08
Қазақстан білім беру бойынша Орталық және Оңтүстік Азияда бірінші орынға шықты

Қазақстан білім беру бойынша Орталық және Оңтүстік Азияда бірінші орынға шықты

Бүгін, 10:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.