Талдықорған: +14°C
$ 464.73
€ 546.57
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Белгіленген мерзімде бітеді

22.06.2017
ЭКОНОМИКА
Белгіленген мерзімде бітеді
WhatsAppTelegramFacebook

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары, саяси кеңестің мүшесі Гүлнар Тойлыбаева, саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ләйлә Сағынғалиқызы, «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейбіт Төлеген және аудандық мәслихаттың депутаты Атлана Исаева бастаған топ Қарасай ауданы, Жамбыл ауылдық округінің «Жаңақұрылыс» ықшамауданында салынып жатқан мектеп құрылысының барысымен танысты.

Жамбыл ауылдық округінде 12 мың адам тұрады. Жыл сайын тұрғындар санының артуына байланысты балаларды мектеппен қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналуда. Қазіргі күні Жамбыл ауылындағы 600 орынды мектепте 1600 бала үш ауысымда білім алуда. Оның ішінде 600 оқушы өзге ауылдар мен саяжайлардан келеді. Сондықтан  «Нұрлы Жол» бағдарламасына сәйкес жаңадан салынып жатқан 600 орынды мектеп жалпы жұртшылықтың қуанышына айналып отыр, – деді ауыл әкімі Бекзат Мыржиев қонақтарды ел жайымен таныстырып. 
Тексеру тобының мүшелері ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумағы атшаптырым әсем ғимараттың ішін аралай жүріп, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Олар бірінші кезекте құрылыстың қаржымен қамтамасыз етілуін, оның орынды жұмсалуын, құрылыс жұмыстарының жоспарға сәйкес жүргізілуі мен «Қазақстандық мазмұн» бағдарламасына орай отандық материалдармен жасалынып, жабдықталуын жан-жақты сұрап білді. Мектепті салып жатқан «Құрылысшы ТБС» компаниясының директоры Батырхан Тоқтаев кездескен кедергілерге қарамастан ғимараттың белгіленген мерзімде, яғни 25 тамызда пайдалануға берілетінін жеткізді.
– Құрылыс жұмыстары сәл кешіктіріліп, өткен жылдың қыркүйек айында басталды. Бірақ біз бүгіндері қауырт қимылдай отырып, белгіленген кестеге сәйкес жұмыс атқарудамыз. Қазірдің өзінде мұнда жұмыстың 70 пайызы жасалынды. Құрылыста 182 адам екі ауысымда жұмыс істеуде. Үлкен еңбек ұжымының әрбір мүшесі өздеріне жүктелген міндетті сезіне отырып, қызметін сапалы атқарып келеді. Ендеше, қанша қысылтаяң болғанымен мектепті жаңа оқу жылы басталғанға дейін бітіреміз, – деді Батырхан Сыдықұлы. 
Айтса  айтқандай, бүгіндері мектеп құрылысына бөлінген 1 млрд. 737 млн. теңгенің 610 млн. теңгесін игеру ғана қалған. Ғимараттың ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, 2,5 шақырымнан электр желісі, 1,5 шақырым  жерден газ құбыры тартылып, қосуға дайындалып қойылған. 280 метр тереңдіктен ұңғыма арқылы таза су шығарылып, өртке қарсы су сақтайтын резервуар да пайдалануға дайын тұр. 
Осы және өзге де жұмыстармен таныса келіп комиссия мүшелері «Кедергісіз келешек» бағдарламасына сәйкес  мүгедек жандардың жүріп-тұруына арналған арнайы құрылғылардың толық назарға алынбағанын ескертті. Атап айтқанда, ғимаратқа кіретін пандустар бар болғанымен олардың төбесіндегі шатыры, мүгедектер арбасы сиятын дәретхана ойластырылмаған болып шықты. Құрылыс басшылары ресми рұқсат беріліп, қаржы қарастырылған жағдайда аталған  мәселелердің  тез шешімін табатынын айтты. Орындалуы оңай осындай олқылықтар болмаса, құрылысшылардың жұмысы қарқынды екенін көрген қонақтар риза көңілмен сәттілік тілеп аттанды.
Қуат Қайранбаев

 

Қатысты жаңалықтар

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Қолжетімді медицина: Жастар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

21.04.2026
30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

30 тамыз қазақстандықтар демала ма – Еңбек министрінің жауабы

21.04.2026
«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

«Көктем-2026» шақырылым сарбаздарымен психологиялық тренинг өтті

21.04.2026
Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Алакөл ауданында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

21.04.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

21.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.