Талдықорған: +5°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ұлы даладағы жаһандық жиын

13.06.2017
КҮЛТӨБЕ
Ұлы даладағы жаһандық жиын
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен аптада бүкіл әлемді елең еткізген керемет шараның өткені мәлім. Әлемнің әр түкпірінен жиылған 115 мемлекеттің сорпа бетіне шығар азаматтары, 22 халықаралық ұйымның тізгін-шылбырын мығым ұстап отырған қайраткерлер, ғылым, білім, мәдениет, өнер, тағы да басқа салалардың көшін бастап жүрген тұлғалар Астана қаласында бас қосты. Олар ЭКСПО – 2017 көрмесінің ашылу салтанатына қатысып,  әлем тарихында қалатын ғаламат оқиғаға куә болды. 

Салтанатты ашылу рәсімі
Ашылу салтанаты көрме аумағындағы Конгресс-орталықта өтті. «ЭКСПО – 2017» көрмесінің ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен 17 мемлекет және Үкімет басшылары қатысты. Оларды көрме кешенінде Қазақстан Президентінің өзі қарсы алды. Осыдан кейін биік мәртебелі меймандар Қазақстан Көшбасшысына еріп, «Нұр Әлем» атты Қазақстан павильонын аралады. 
Таныстыру рәсімі аяқталған соң көп күткен «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанаты да басталды. Ашылу салтанатында сөз алған Елбасы Халықаралық көрмелер бюросының президенті Стин Кристенсенге, Ұйымның Бас хатшысы Висенте Лоссерталес мырзаға айрықша алғысын жеткізді. 
Мемлекет басшысының сөзін Халықаралық көрмелер бюросының президенті Стин Кристенсен қолдайтынын білдірді.
– Мен үшін Қазақстан астанасында басталған осынау көрмеге қатысу зор мәртебе, – деді ол. 
Халықаралық көрмелер бюросының президенті халықаралық қоғамдастық тарапынан көрмеге деген зор қызығушылыққа оған қатысушылардың санының көптігі нақты дәлел бола алатындығын атап өтіп, Астана көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым өкілінің қатысып жатқандығын еске салды. Сөз соңында Стин Кристенсен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, Қазақстан Үкіметіне және көрменің барлық ұйымдастырушылары мен қатысушыларына атқарған жұмыстары үшін шынайы ризашылығын білдірді. 
Көрменің ашылу салтанатын қазақстандықтар республикалық телеарнада тікелей эфир арқылы тамашалады. Сондай-ақ, Медиа орталық 4 түсірілім көлігі арқылы 60 түсірілім орнынан хабар таратты. Ал әлемнің әр түкпірінен жиналған 1200-ге жуық БАҚ өкілі осы тамаша көріністі дүниенің түкпір-түкпіріне сүйіншілеп жеткізді. Сөйтіп, 9-шы маусым Қазақ елі барша әлемнің көгілдір экранында өз мемлекеттігінің әлеуетін көрсеткен ерекше күн ретінде тарихқа таңбаланды.
Шараның соңында көрермендер лазер шоуы мен тамаша отшашуды тамашалады. 
Таңғажайып 
тақырыптық көрмелер
 Жалпы көлемі 25 гектар жерді алып жатқан көрме аумағында 115 ел мен 22 халықаралық ұйымның көрмелері орналастырылған. Көрме алаңындағы ең керемет көрініс еліміздің «Болашақ Энергиясы» музейі ретіндегі тұжырымдамасы ұсынылған «Нұр Әлем» кешені болды. Қай тараптан қарасаң да дәл ортадан көрінетін кешеннің көрінісі керемет. Алып ғимаратта негізгі энергия түрлері – ғарыш, күн, жел, су және кинетикалық энергия үлгілері көрсетіледі және «Астана – болашақтың қаласы – 2050» экспозициясы ұсынылған. «Нұр Әлемде», сондай-ақ, 5000 шаршы метрлік алаңда Қазақстанның Ұлттық павильоны орналасқан. Оның бірінші бөлігінде келушілер Қазақстанның тарихы мен мәдениетімен, осы күнгі тынысымен және болашаққа құрған жоспарымен таныса алады. Ал «Жасампаз қуат» аймағында көрме тақырыбы аясында отандық ғалымдардың үздік жобалары, Мемлекет басшысының энергетика және қоршаған ортаны қорғауға қатысты бастамалары, өңірлерде табысты іске асырылатын «Жасыл экономика» жобалары қойылыпты. «Үздік тәжірибелер аймағы» атты арнайы павильонда тұрақты энергия көздері саласындағы технологиялар мен жобалар көрініс тапқан.
«ЭКСПО» көрмесіне мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 130-дан астам экспозициясы әкелінді. Екі тақырыптық павильонда энергетиканың дамуы, оның ХХІ ғасырдағы мәселелері және осы саладағы технологиялық өрлеу сәті көрсетіледі. Осы тұста бізді ерекше қызықтырған Біріккен Ұлттар Ұйымының павильоны болды. Оған «Астана. ЭКСПО – 2017» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің өзі қатысты. Бұл павильонда қымбат емес және таза энергиямен 2030 жылға дейін температураны 1,5 градус шеңберінде индустрияға дейінгі дәрежеде ұстап, бір мезгілде қамтамасыз етуге арналған құрылғылардың таныстырылымы болды. Ал Малайзия павильонында халал өнеркәсібінің дамуындағы және ислам жасыл қаржыландыру  секторындағы дүние жүзіне танылған жетістіктер көрсетілді. «Тайланд өмір сүру қуанышы» тақырыбындағы Тайланд елінің ойын-сауық мәдениеті мен мәдени көңіл көтеру дәстүрлері назарға ұсынылды. 
Әлемдегі жаңа энергияның көшбасшысы саналатын жапондардың энергия үнемдеу мен энергетикалық микс саласындағы жетістіктері, сутек, балдырған биомассасын қолдану саласындағы үздік технологиялар, ЛТД және басқа да көптеген технологиялар қонақтар назарына ұсынылды. Корея павильоны «Болашақ энергия. Ақылды өмір» атты тақырыпқа негізделе отырып дайындалған. Олар ең алдымен көрермен назарына 1-қабаттағы жанды сурет шоуын ұсынды. Содан кейін Корея Республикасының энергетика саласындағы шешімдері мен жаңғыртылатын энергия саласындағы технологияларын таныстырды. Ал 2-қабаттағы Корея мәдениет аумағында сол елдің мәдениеті кеңінен көрсетілді. 
Жұртты көбірек қызықтырған «Энергия дұрыс жолда» атты Германия павильоны болды. Олар ақпарат пен ойын-сауықтың тартымды үйлесімін қамтып, табиғатты сақтау технологияларын, инновациялық үрдістер мен жаңашыл шешімдерді ұсынды. Әсіресе, ондағы электр қуатымен қозғалатын көліктер жұртты қызықтырмай қоймады. Ал «Энергетикалық шоу» үлкен дөңгелек үстелі бар он екі жақты кеңістікте өтеді. Келушілер smartstisk құралдарын үстел үстіне қояды, олар зарядталған жарық импульстерін түрлендіріп, керемет кескіндердің еліктіргіш лазерлік шоуын жасайды. ЭКСПО-ға барғандар мұны міндетті түрде көруі керек. 
Жұртты ең керемет таңғалдырғаны Қытай павильонындағы сол елдің жаңа энергия саласында жеткен жетістіктері болды. Қытайлық көрме жалпы бес бөлімнен тұрады. Онда су, жел, күннен энергия алудың түрлі технологиясы қамтылған. Бір қызығы, қытайлықтар өз көрмесін көк түспен безендірген. Олар көк түсті таңдап алу себебін  қазақ елінің Көк Туымен байланыстырып отыр. Олар балшықтан энергия өндіретін құрылғыны бірінші рет көрсетіп отыр. 
Жалпы павильонға 20-дан астам жоба қойылған. Ал Түрікменстан павильонының ашылуына сол елдің Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің өзі қатысты. ЭКСПО – 2017 көрмесінде павильонның ашылу салтанатына қатысқан Мемлекет басшысы да сол болды.
Әлем назарындағы ЭКСПО
Енді барша Қазақ елі дөңгеленген дүниені үш ай бойы жаңашылдық пен жаңғырудың жасампаз рухына бөлеп, «жасыл» дамуда жаңа белестерге бастайтын болады. Расымен, бүгінде Астана қаласының әлем елдерінің келісім мен татулығының орталығына айналғанын көрменің ашылу салтанатына қатыса жүріп сезіндік. Былайша айтқанда, бүкіл дүниенің озық жетістігін жаңа Елордамыз бір көрмеде ғана көрсетті. Тұтас дүние Сарыарқаның сайын даласына көшіп келіп орнай қалғандай болды. Тілі, түрі, ұғымы, түсінігі бөлек жүздеген елден келген мыңдаған қатысушы бірімен-бірі түсінісіп, жүрегімен сөйлесті. Қысқасы, бұған дейін де бейбітшілік пен келісімнің мекені болған қазақ даласы сол қасиетін тағы бір паш етті. Көрме барысында қонақтарға қызмет көрсетіп жүрген ерікті қазақ жастары қай тілде сұрасаң сол тілде жауап қайтарып, барлық жұмысты үйлестіріп жүрді. 
Жасыратыны жоқ, осы күнге дейін ЭКСПО жайлы сан түрлі әңгімені естіп келдік. Сегіз қабаттан тұратын «Нұр Әлемді» аралап шыққанда қазақстандық ғалымдардың жетістігіне тәнті болған белгілі республикалық басылымның танымал тілшісі:
– Осы күнге дейін ЭКСПО туралы бөтен пікірде болғандардың бірі едім. Бәрін де көрмей, білмей, сезінбей келіппін. Міне, бүгін Қазақ елінің бұл шараны тегіннен-тегін қолға алмағанына көзім жетті. Осы үшін Елбасының ерен еңбегіне бәрекелді айту керек, – деді ағынан жарылып. 
Мүмкін болса барлық жетісулықтарға көрмені бір көріп қайтуды ұсынамын. 
Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Фотографиядағы айтулы жыл. Ең алғашқы

Фотографиядағы айтулы жыл. Ең алғашқы

04.03.2026
Жетісуда бақылаушылар тобы дайындықты бастады

Жетісуда бақылаушылар тобы дайындықты бастады

04.03.2026
Орталық Азиядағы климаттық қатер: Қазақстан сақтандыру саласында көш бастады

Орталық Азиядағы климаттық қатер: Қазақстан сақтандыру саласында көш бастады

04.03.2026
Президенттің экс-баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың отбасы қара жамылды

Президенттің экс-баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың отбасы қара жамылды

04.03.2026
Ақтөбе мен Жетісу облысында жол жабылды

Ақтөбе мен Жетісу облысында жол жабылды

04.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.