Талдықорған: +13°C
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕУМЕТ

Жылыту маусымы қорытындыланды

22.05.2017
ӘЛЕУМЕТ
Жылыту маусымы қорытындыланды
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ төрағалығымен өткен бұл жолғы жиында өткен жылыту маусымының қорытындысы талқыланып, алдағы қысқа дайындық барысы пысықталды. Мәжіліске облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық деңгейдегі басқарма, департамент басшылары, мәслихат хатшылары, аудан, қала әкімдері, салаға жауапты тұлғалар мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, кәсіподақ ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Амандық Ғаббасұлы алдымен күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселелермен таныстырып, баяндама жасау үшін сөзді орынбасары Айдарбек Байжановқа берді. Айдарбек Естебекұлы өңір бойынша жылыту маусымының қалай өткенін баяндап, алдағы міндеттерге шолу жасады. Онда мәлім болғандай, өткен қысқа дайындық жұмыстары мен оны қалыпты өткізу үшін бюджет есебінен 4 млрд. 703 млн. теңге қаражат бөлініп, мақсатты жұмсалған. Нәтижесінде жоспарланған іс-шаралар толығымен орындалып, жылыту маусымының қалыпты өтуіне жағдай жасалған. Жылу беру маусымына барлығы 33 орталықтандырылған қазандық дайындалып, 38,7 шақырым жылу желілері жөнделген. Сонымен бірге 54,2 шақырым сумен жабдықтау жүйелері мен су кәріздері, 13 мың шақырым электр желілері қайта жаңғыртудан өткен. 
Барлығы 2185 бюджеттік сала нысандары дайындалса, соның ішінде білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала нысандары мен көпқабатты тұрғын үйлер бар. Сұйық отынмен жылытылатын 94 бюджеттік сала нысандарында бірнеше қазандық ауыстырылып, автономды қазандықтар шығару бойынша жұмыстар жүргізілген. Заречный кентінде жаңа қазандық іске қосылып, қуаттылығы 21-ден 31 ГКалл/сағ.-қа арттырылған № 4 қазандық күрделі жөндеуден өткен. 
Аталған салаға қатысты кемшіліктер де тізбектелді. Мәселен, сапасыз жылу энергиясының берілуі, білім беру нысандарында температуралық режімнің дұрыс сақталмауы сияқты мәселелер сынға алынып, берешек мәселелері сөз болды. Осы ретте облыс басшысы Текелі қаласы бойынша мерзімі өткен берешектің ең жоғары сомасының жинақталғанын сынға алып, бұл мәселені бір ай ішінде шешу керектігін тапсырды. Ал температуралық режімге байланысты жұмыстар әсіресе білім беру, денсаулық сақтау нысандарында жүйелі жүргізіліп, оны бақылауда ұстау қажеттігі айтылды. Көмір бағасының шарықтамауына да ден қойылып, осыған байланысты тиісті міндеттемелер берілді. 
Алдағы қысты ойдағыдай өткізу үшін бюджеттен қарастырылып отырған қаржы көлемі де аз емес. Мәселен, бұл мақсатқа бюджет есебінен       5 млрд. 937 теңге қаражат бөлініп отыр. Соның ішінде 410 млн. теңге бюджеттік ұйымдардың жылу жүйелерін күрделі жөндеу мен қазандықтың қосалқы бөлшектеріне, қалғаны отын сатып алуға жұмсалмақ. Бұдан өзге жылыту маусымына кәсіпорындардың  2 млрд. 34 млн. теңге жеке қаражаттары тартылмақ. 
Жиын соңында Амандық Ғаббасұлы Талдықорған қаласындағы жаңа жылу электр орталығының құрылысы жоспарланған ұзақмерзімді жұмыс екенін, сол себепті бұл жобаның сәтті жүзеге жүзеге асуына, «Басқуат» қазандығын қайта жаңғырту істеріне, Ақсу ауданындағы қант зауытындағы ЖЭО қалақұраушы мекемеге айналып, Жансүгіров кентін жылумен, ыстық сумен толық қамтамасыз етуге, осының есебін жасап, ұсыныс енгізуге, сондай-ақ, облыс орталығын газдандыру мәселесіне назар аудару керектігін еске салып, жалпы жылу беру маусымының ойдағыдай өткенін сөз етті. Сөйтіп, жауапты тұлғаларға міндет жүктеп, бұл бағыттағы жұмыстарды мейлінше жандандырып, бақылауға алуды қадап тапсырды. Осыған байланысты проблемалар болып жатса, оны дер кезінде қолға алып, тиісінше жұмыстар жүргізу керектігін ескертті. 
Облыс басшысы бұдан соң жылыту маусымын ойдағыдай аяқтаған аудандар мен қалалардың басшыларына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының мамандары мен электр энергиясы, су және жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорын қызметкерлеріне сый-құрмет көрсетіп, оларды облыс әкімдігінің Құрмет грамотасы, Алғыс хаты және түрлі дәрежедегі дипломдармен марапаттады. Мәселен, Балқаш ауданына арнайы техниканың кілті табысталып, Қаратал ауданына трактор, ал Талдықорған қаласы мен Жамбыл ауданына дизельді-генераторлық қондырғы берілді.

Айгүл Байбосынова

Қатысты жаңалықтар

Жетісудың жаңашыл ұстазы

Жетісудың жаңашыл ұстазы

02.04.2026
Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Үкімет басшылары кездесті

02.04.2026
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

02.04.2026
Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

Апат салдарынан екі боз бала жансақтау бөліміне түсті (видео)

02.04.2026
Шаңырақ шаттығы еселенген күн

Шаңырақ шаттығы еселенген күн

02.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.