Талдықорған: +1°C
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Егіс аяқталып келеді

16.05.2017
КҮЛТӨБЕ
Егіс аяқталып келеді
WhatsAppTelegramFacebook

Алакөл ауданы мал мен егін шаруашылығын дамытуда мол мүмкіндікке ие. Осы тұрғыдан келгенде ауданда жыл өткен 
сайын мал басының өсіп, егін алқабының да көлемі арта түскенін  білеміз. Әсіресе, өңірде көктемгі науқандық жұмыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындардың берекелі тірлікке деген ұмтылысын қамшылай түсті. Оны Алакөл ауданына барған сапарымызда Көлбай ауылындағы ағайындардың қарышты қадамынан аңғарып қайттық.​

Талдықорған – Өскемен күрежолының бойына орналасқан Көлбай ауылдық округіне Көлбай, Қызылқайың, Әлемді, Бұдыр елді мекендері қарайды. Түгін тартса майы шығатын ырысты өңір мал мен егіннің құтты мекені. Олар жыл сайын 53284 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдарын сіңіріп, соның берекесімен үш мыңға жуық тұрғынның пейілін шалқытып отыр. Көктемгі науқандық жұмысқа ауылдық округтегі шаруа қожалықтары бір күнде жұмыла кіріскен. Қазірге дейін 3625 гектар жердің дені жыртылып, тұқым сіңіру жұмыстары да аяқталу алдында. Ол жерлерге дәнді және майлы дақыл, күздік бидай, арпа, күнбағыс, майбұршақ, мақсары, тағы да басқа дақылдар себілуде. Науқанды жұмысқа ауылдық округтегі жүзден астам техника толығымен жұмылдырылған. 
Ауылдық округ әкімі Ержан Шәкеровтің бастауымен егіс алқаптарын аралап көрдік. Жоңғар Алатауын бөктерлей құлашын жайған алқапта еңбеккерлер тынымсыз тірлікке көшкен. Бір шетінде қатар-қатар тізілген «Беларусь» тракторлар бұрқыратып жер жыртып жатса, ана шетте сеялкалар жерге дән сіңіріп әбігер. Тағы бір шетінде бұрындары бітеліп қалған арықтарды аршып, ауылға су жеткізетін тоғандарды тазалап жүрген адамдар көрінеді. Қай қырынан келсең де береке-бірлігі жарасқан ырысты елдің бақуатты тірлігін көресің.
Осы тұста айта кетерлігі, Алакөл ауданы жылдан-жылға дәнді және азықтық дақылдардың үлесін арттырып, ел ырысын молайтты. Сондай-ақ, ауданның су жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізіліп, игерілмей жатқан суармалы егістіктер айналымға қосылды. Мұның шапағаты көлбайлықтарға да тиіпті. Ауылдық округ әкімі биыл алғаш рет 10 гектар жерге қант қызылшасын себуді қолға алмақ екен.
Асыл тұқымды мал басын өсіруге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды орындауда Алакөл ауданы көш басында келе жатқанын айта кеткен жөн. Осыған дейін жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру мақсатында ескі каналдар мен арықтар қалпына келтіріліп, 10 мың гектар жайылымдық жер суландырылды. Алдағы уақытта ет өңдеу комбинатын, шаруашылық кооперативін, сүт қабылдау пунктін, мал бордақылау және мал сою алаңдарын ашуды жоспарлап отыр. 
Ауылдың алдағы міндеттері де ауқымды. Олар облыс және аудан басшыларының тапсырмасы бойынша келесі мақсаттар үшін жыл бойы бұрынғы бітеліп қалған арықтар мен каналдарды тазалап, суармалы алқап пен жайылымның аумағын кеңейтуге тырысып жатыр. Сонымен қатар, Көлбай ауылында асыл тұқымды ірі қара түлігін өсіруді де қолға алыпты. Ауылдастар етті және сүтті бағытта мал өсіру мақсатында «Көлбай сүт» атты кооператив құрамына бірігіп, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы несие алып, жаңа жұмыс орнын ашуға ниеттенуде. 
 

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

47 секундта үш гол салды

47 секундта үш гол салды

03.03.2026
Ақхалатты абзал жандарға алғыс

Ақхалатты абзал жандарға алғыс

03.03.2026
Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

Мәулен Әшімбаев: «Жаңа Конституция – Президенттің елді жүйелі жаңғырту бағдарының тарихи кезеңі»

03.03.2026
Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

Жетісудағы республикалық жолдар 100 пайыз жақсы жағдайда

03.03.2026
Жертөледен басталған жол

Жертөледен басталған жол

03.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.