Талдықорған: +18°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Журналист — қоғамның барометрі

06.05.2017
ЖАНСАРАЙ
Журналист - қоғамның барометрі
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақ руханияты әлемінде өзінің оқшау тұғыры бар тұлғалар аракідік ойдым-ойдым ой айтып басылым беттерінде жарқ ете қалса, жансарайың кеңігендей күйге түсесің. Бұл қоғам айтылар сын мен шынға зәру болмаса да, шөліркеп қалатын сәттері болатындақтан шығар, бәлкім. Рас, ұлт қамын ойлайтын текті елдің перзенттері өзекті өртеген мәселелерді дүркін-дүркін көтеруге тырысып бағатыны бар. Одан сайын мызғыған жұрт селт етпейді, сең бұзылмайды. Бірақ басым көпшілігі бір сала төңірегіндегі дүниелерді желеу етіп, жан қиналысын, ішкі сезімі мен өзіндік пікірін алға тартып жатады. Мәселен, қаламгерлер ұлт руханияты мәселесіне, тарихшылар мыңжылдықтан жалғасқан жазбалардың ғасырдан-ғасырға қалыбы бұзылмай бару-бармауына алаңдайды-мыс. Ал сан саладан хабары бар журналистер қауымы неге назар аударады, оларды не толғандырады?! Міне, осындай бірқатар сауалдың жауабын қазақ тележурналистикасының корифейі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ ұлттық өнер академиясының Құрметті профессоры Нұртілеу ИМАНҒАЛИҰЛЫМЕН болған сұхбатта айқын аңғардық…

– Нұртілеу Иманғалиұлы, текті халқымыздың қасиетті қара сөз қамбасында «өткенсіз болашақ жоқ» деген татымды тіркес бар. Бұл өткен күндерді термелемей келешекті толғай алмайтынымызды ұғындырар ділмарлар даналығындағы ең ғажайып сөздер санатында. Осы айтылған тәмсілді  тележурналистика саласына бұрсақ. Кешегі күнмен салыстырғанда не ұттық, неден ұтылдық?
– Не ұттық, неден ұтылдық, оны ғалымдардың тұжырымдағаны дұрыс шығар. Ұзақ жылғы тәжірибеме сүйеніп, шама келгенінше пікір айтып көрейін, тәуекел! Менің пайымымда нағыз журналистика кешегі һәм бүгіні болсын, ұлттық санаға әсер етуі керек. Ол сол ұлттық сананы не биікке көтереді, болмаса құлдыратады.
Журналист әлі де «қоғамның барометрі» деген асқақ атауынан айырылған емес. Алайда журналист қоғамды өзгертпейді. Тек өзгертуге тиісті мәселені айта алады, қозғайды. Бұл соңғы сөз емес. Ол – жанды құбылыс. Осы тұрғыдағы пікір әрдайым жаңғырады, құбылады, түрленеді. 
Екіншіден, менің пайымымда қазіргі республикалық электронды ақпарат құралдарында жаппай «әләуләйлім» бітсе, «хәләуләйлімге» салу етек алып кетті. Онсыз да рухымыз кеміп, туған тілімізден жеріп, мүмкін кей сәттерде санамыздан ерік, салтымыздан көрік кете бастаған осындай «қу аяқтау» заманымызда көрермен есті сөз естігісі келеді. Кейде шешендер мен билерден қалған ескі, бәлкім журналистің көзқарасын анық білдіретін сесті сөз керек болар?! Қазақ бір сөзбен мемлекеттік мәселені шешкен,  қасиетін біліп-түсінетін, кепиетінен қорқатын ел.  Бұған ақиық ақын Мұқағалидың «Бір ауыз сөз» деген өлеңі дәлел. Мен биік бағалайтын Серік Ақсұңқарұлы деген ақын бар. Сол шайырдың:  «Адам баласының миындағы Алланың коды – сөз», – деген түсінігіне екі қолымды көтеріп қосыламын. Қазақ деген феноменнің психологиясын ашуға, өмір салтын, философиясын беруге, қызыл тілін салғаны әлімсақтан белгілі. Одан кейін журналист интуициясы деген бар. Оған оқығаны түйгені, білімі келіп қосылады. Сонымен қатар, гендік жады (генная памьят) деген ұғым және бар. Міне, осы айтылған түсініктердің жиынтығы біз журналистикаға келген кезде қолданыста еді, сонымен бағаланылатын. Бүгін одан айырылып қалдық-ау. Қалайда «аузыңды қу шөппен сүрткің» келмейді. Қазақ журналистикасы тәуелсіздікке орасан зор еңбек етті. Өзінің ұлтына қалтқысыз қызмет көрсетіп келе жатқан бұл сала қазіргі заманның жетік технологиясымен қаруланған, мемлекеттіліктің рухани ұстынын сапалы ұстап тұрған, қоғамдық сананың қозғаушы күші екені даусыз. Жалпы, журналистикада әр арнаның, әр басылымның ішкі ұстанымы кей сәттерде бір-бірімен қабыса бермейді-ау деп пайымдаймын. Бәлкім, солай болуы да керек шығар. Алайда, қазақ журналистикасы тұтас бас біріктірсе қоғамның ғажайып рухани күшіне айналар еді. Ат төбеліндей ғана қазаққа, оның зиялы қауымына, әсіресе жылдам жанр иесі журналистерге біртұтас болып жүргені, бір идея үшін біріккені, тіпті күрескені ұтатын тұсымыз болар еді. Көрермен, оқырман, тыңдарманның талғамын бірігіп биік деңгейге көтеруге әрекет етуіміз керек-ау деп топшылаймын. Әзірге жетекке ерген, ырыққа көнген телевидения болып тұрмызау. 
Ұлтымыз дәл қазіргі уақытта әр идеяны әр тұстан талапайға салатындай деңгейге көтерілген жоқ деген пікірге қосыламын. Ендеше қазақ халқының рухани тұтастығы әл толық  көңілімізде, миымызда, санамызда тоқылып біткен жоқ. Тәуелсіздік туын көтергенге 26-шы жылға кетті. Халықтың ішкі психологиялық өзгеруі туралы қомақты ештеңе жоқ. Бүгінгі қазақ кешегілерге  ұқсамайды. Міне, осының себептері не дегенге жауап беретіндей сүбелі көркем туынды, сахналық қойылым, не болмаса кино жоқ. 60 жылға жуық тарихы бар қазақ телевидениясы әлі күнге дейін жүйелі ғылыми айналымға түспей отыр. Бұл журналистерден гөрі, ғалымдардың айналысар жұмысы мен міндеті. Бүгінгі  таңда осыған ықпал етуші күш жоқ. Егер ол ғылыми айналымға түссе, зерттеледі, сараланады, мектеп пайда болады, тұлғалар ұмытылмайды. Телеарналардағы 1960–1970 жылдардағы тұлғалардың бірен-саранын болмаса, көбін  бүгінгілер білмейді. Міне, осындай сұмдық бар, міне, осындай шындық бар!
Бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар қызметінің айқын жолы кеше ғана қалыптасқан жоқ па?! Көпшіліктің көкейінде жүрген көптеген аса маңызды мәселелер Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айқын көрсетілді. Ендігі жерде көкірегінің көзі бар кез келген азамат еркін қимылдайтын қуатты бағдарға ие болды деп ойлаймын! Ал қазіргі арналардағы журналистердің орнына әншіер мен сайқымазақтардың жаппай келуін, Абайша айтқанда «көңілсіз құлақ, ойға олақ» екеніне көз жеткізіп, «бойда қуат, ойда көз, болмаған соң айтпа сөз», – деп түңіліп жүре бермесек болғаны-да. Алайда, еліміздің басты арнасы «Қазақстанда» жаңа серпіліс басталғаны қуантады. Корпорацияның басына елге танымал тұлға Ерлан Қариннің келуімен үлкен үміт пайда болғанын жасырғым келмейді. 
Сырттан келетін жобалардың қазақиланбауы, ұлтқа қызмет етуден ада бағдарламалардың пайда болуы сескендіреді. Түсінбеушілік бар сияқты. Елге белгілі бір арнада, «Келіндер бәйгесі», «Әжелер жарысы» деген жобалар жүреді. Келіндерге, әжелерге арналған хабарлар керек-ақ шығар. Бірақ ұлттық санадан, ұстаным мен салттан ада хабарлар кімге қажет?! Еліктеген-солықтаған осындай дүниелер көрерменді аздырады. Жастайынан телеарналарға үңіліп отырған тәуелсіз елдің ұлы мен қызы тәрбие осы екен деп ойласа қайтпекпіз? Оның үстіне қазір оқитын емеспіз, көретін, еститін жұртпыз. БАҚ-тың тізгінін ұстап отырған менеджерлер  бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қараса игі еді.  Бізбен жиі салыстыратын Мәскеу арналарында кешегі «КВН» сияқты санаулы-ақ жобалар өздерінікі болса, қалғаны шетел арналарынан алынған бағдарламалар екенін мамандардың барлығы біледі. Өткен уақыттарда қазақ телевидениясы төл туынды жасауға белсенді болғаны сонша, 80-90 пайыз өз жобаларымыз еді. Мәселен, «Пай-пай – 25», «Құрдастар» «Ақиқат», «Алтыбақан», «Қымызхана», «Терме», «Айтыс», «Тамаша», «Ұят болмасын», «Азия даусы», «Жас қанат», «Ой-көкпар», «Қолтаңба», «Аманат» секілді хабарлар, оған республикалының бүкіл көркемөнерпаздарын қосыңыз. Оған қоса, репортаж, телеочерк, теленовелла, телеәңгімелер деген жанрлар эфирлерде бар болатын. Бүгін тегіс ток-шоу. Осындай дүниелер зерттеліп-зерделенбегендіктен, ғылыми айналымға түспегендіктен орын алуда. Демек, бұл мамандар ғана емес, ғалымдар, мүмкін Үкімет ойлануға тиісті мәселелер. Десек те, журналистика кәсіп қана емес, ол өнер! Ал шын өнер кез-келгенге қонбайды. Айталық, қазақтың бәрі өлең құрай алғанымен, олар ақын емес қой. Журналис те сондай. Ептеп-септеп жаза алатын, зуылдап тоқтамай сөйлейтіннің бәрі ақпарат айдынының өкілі деп айту қате. Шіркін-ай, қателессем жақсы болар еді, бірақ, журналистиканы күнкөріс кәсібіне айналдыруды көздеген «қауаяқ» заманға сай ойыншылар осы маңайға топтасып алған секілді. Тіпті, өз деңгейі төңірегіндегі мәселелер мен идеяларды өткізетін ойын шартын, ережелерін  қоғамға қабылдатып жіберген олар. Мен аңсап отырған шын журналист аз. Көбі басқалар. Ал қазақ «көп қорқытады, терең батырады» демей ме?! Кәсібін өнер деп бағалайтын, білім парасат, тәрбие жиынтықтары мен тәжірибесі біріккенде ғана Әзілхан Нұршайықов, Шерхан Мұртаза, Камал Смаилов,  Совет Мазғұтов, Сағат Әшімбаев, Ғадылбек Шалахметов, Құсман Игісінов, Сейдахмет Бердіқұлов, Кәкімжан Қазыбаев немесе Жанболат Ауыпбаев, Несіп Жүнісбаев, Қайнар Олжай, Бауыржан Омаров, Әміре Әрін, Нұртөре Жүсіп, Әлімжан Сабыржанұлы, Серік Жанболат, Арман Ысқабылұлы, Нұрділдә Ораз,  Бейсен Құранбек,  Әйгерім Сейфолла, Гүлназ Әлімгерей, Дәурен Қуат, Қали Сәрсенбай тағы басқа журналистер жарқ ете қалады. Менің аузыма есімдері түспей жатқан нағыз журналистер әлі де бар. Ол әріптестерім ренжімесін. 
Қазақ телевидениясында «Сұхбат» атты хабар жүргізген қаламгер Сұлтан Оразалин қазақ әдебиеті майталмандарының ой-толғамдарын таспада қалдырғанын біреу білсе, біреу білмейді. Ұлттың руханиятына байланысты пікір айтатын тұлғалардың тұжырымына шөлдеп отырмыз-ау деген ойменен «Жетісу» телеарнасында «Бай-қуатты болайық!» деген авторлық интернет бағдарлама ашқаным рас. Өйткені, интернетте де аты-жөнін көрсетпей ойына келгенін айта беретін «диван-батырлар» көбейіп кетті. Ол да біздің ішкі мәдениетіміздің көрінісі. Интернет кеңістігін бос қалдыруға болмайды. Екі адамның арасындағы әңгіме-сұхбат көпшілік ойлағандай аса жеңіл жанр емес. Тыңдай білу секілді тыңдата білу де өнер.  Қазақтың Асанәлісімен болған бір сұхбатымда, «сөйлегенді жақсы көресіз бе, тыңдағанды ұнатасыз ба?» деген сауал қойдым. Ал Асекең: «Менің Ақселеу деген досым бар. Терең, көшелі жігіт. Ол сөйлесе тыңдағанды ұнатамын. Ал мен әңгіме айтқанда аузын ашып тыңдайтындарды жолықтырамын. Жалпы екеуі де «каиф», – деп еді. Осы пікірде қазақтың өзегі жатыр-ау, деп ойлаймын…
– Жаһандану заманын кейбір қаламгерлер «құндылықтар құлдыраған өліара шақ» деп те айтып жүргені бар. Бұл басыбүтін келісетін не болмаса иланбайтын сөз емес. Шындығы бар шымыр ой. Құндылықтардың құлдырағаны сол, кейбір маман иесі өз саласында жемісті еңбек етіп жүрген жоқ. Бұл қазақ тележурналистикасында да оқтын-оқтын байқалып қалып жатыр емес пе? 
– Жоғарыда көтерілген мәселені ой елегінен өткізер болсақ, көзі қарақты оқырмандар қазақ тележурналистикасы батпан жүгін көтере алмаған екен-ау деп ойлап қалуы кәдік. Олай емес! Өткен мен бүгінді немесе бір телеарнадан өзге бір арнаны бөле жарып, оларды шендестіріп, салыстырғаннан гөрі, кей кезде назарымыздан тыс қалатын дүниелерді тілге тиек еттім ғой деп ойлаймын. Ал негізінен қай кезде де ұлттық дүниелерді ара-тұра көтерер бағдарламалар болады. Мәселен, бүгінгі таңда «1 студия» ток-шоуы, күн тәртібінде күнде тұрған қазақ мәселесіндегі «Мәселе», «Парасат майданы» тағы сол сияқты жаңа бағдарламалар патша көңілді көрерменді елең еткізгені шындық. Осыған байланысты эфирге ел танитын тұлғалардың оралуы да қуантады. Міне, осындай жерде нағыз журналистика ұлттық санаға әсер етеді деген тәмсілді алға тартамыз.  
Ақпарат айдынындағы мүйізі қарағайдай тұлғалардың «Журналист бәріне ептеген оппозицияда болуы керек», – деп айтқан сөзі бар. Бұл ақиқат. Тіпті журналистің өзінде оппозициялық көзқарастың болғаны жөн. Дегенмен бүгінгі күні  айтып отырған көзқарасқа мүлдем жат, басқа сипаттағы жандар  назарға ілігеді. Олардың ұстанымы қайшылықтан тұратын пікірлер сайысын ұйымдастыратын емес, күресетін, басыбүтін қарсы тұратын оппозицияға айналып кете береді. Немесе керісінше. Айтқанға көнгіш, өзінің жеке ұстанымы жоқ, бар болса да кез келген уақытта күштілердің ыңғайғына жығыла салатын «сарай әншісі» деген тіркеске татырлық. Осындай күйге түсер болсақ, журналист деген қадірлі сөздің қасиеті мен құндылығын кемітеріміз даусыз. Мен алғаш журналистік қызметіме кіріскен 1970-ші жылдары іссапармен ауылдарға, едімекендерге барғанымыз үлкен оқиға болатын. «Бізге журналист келді» деп аяқтарын аңдап басып, кемшіліктерін көрсетуден сақтанып, айтып қоймаса екен, жариялап жібермесе екен деп тіксінетін. Бүгін олай емес. Қоғам мен сананың өзгеруі бізді де түрлендіріп жіберді. Ал біздің ешуақытта өзгеруге қақымыз жоқ.
Бұрындары ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіргендердің 80 пайыздан астамы есімі елге белгілі тұлғаларға айналатын. Кәсібінің, білімінің арқасында ақын, жазушы, қоғам қайраткері деңгейіне көтерілетін. Ал бүгін еліміздің 30-ға жуық  жоғары оқу орнында журналистика факультеті бар. Ол оқу орындарын бітіргендердің бірен-сараны болмаса, көбі елге есімі жұмбақ жандар. Яғни, ел білетін журналист жоқ. Міне, осыдан болар, бұл саланы кім-көрінгеннің иектеніп кеткені. 
Ақпараттық кеңістігімізді қауіпсіз деп айтуымыз ерте. Жиі айта беретін дамыған елдердің ұстанған ұстанымы бар. Өз елінде таралатын ақпараттың кем дегенде 80–85 пайызы өзіңдікі, қалғаны шетел ақпараты болуы керек. Ал бізде ше, деп сауал қойып, ойлана беруге болады. Қазақ инженерлік қаржы-банк академиясының Алмас Ахинов атты жас мұғалімі: «Мен теледидарды мүлдем қарамаймын. Өйткені, одан алатын ақпараттың 80 пайызы пайдасы жоқ, тіпті зиянды ақпарат. Адамның ойын, сана-сезімін, негативті бағыттауға септік жасайды. Теледидар қазіргі уақыттың вирусы болды. Құнына еш байлық жетпейтін алтын уақытымды ысырап еткім келмейді», – деп жазыпты. Қай-қайсымызды да осы пікір ойландыруға тиісті емес пе?! Бүгінгі телевиденияға берілген бұл бағамен есептеспеуге болмайды. АШҚ-та Опра Уинфри атты тележүргізуші бар. Шетелдік осы әріптестің жасаған бағдарламасы 150 мемлекетке тараса, тек Америка Құрама Штатының өзінде 49 млн. көрермені бар екен. Уинфриді көрермендері «Американың бас дәрігері», «нәзік жанды арулардың жан құрбысы», «адасқандардың періштесі», «АҚШ телевидениясының бас кейіпкері» дейді. Міне, осы атаулардың өзі-ақ, ол жүргізетін жобалардың салмағын көрсетіп тұрған жоқ па?! Оның үстіне ол өз мемлекетінің ең бай адамдары санатында. Меніңше, дәл қазір халқымыздың «бәледен қашық жүрсең, бәленің сенде несі бар, бәленің құйрығын басып жүрсең, бәленің сенен басқа несі бар», – дегеннің о жақ бұ жағында жүрміз-ау, деп қорқамын.
– «Көш жүре түзеледі» деген тәмсілдің ақиқатқа айналғанын қалаймыз. Сіз айтқан дүниелер журналист ретінде, қайталай-қайталай тілге тиек еткен қасиетті саланың сайыпқыраны ретінде топшылап, таразылап келе берген татымды жауабыңыз деп білеміз. Ал текті жұрттың перзенті ретінде бүгінгі күні не алаңдатады?
 – Негізінен кез-келген мәселені байыптап қарайтын болсақ, санаға салмақ түсіретін қоғамда ғұмыр кешудеміз. Біріншіден, «жеті атасын білмеген жетесіз», – деп тектілікті, қан тазалығын жер бетінде жалғыз ұстанған халық бола тұра, өз тарихымызды толық білмей жатырмыз-ау, деп ойлаймын. Орыстың көрнекті жазушысы, ғалым Геннадий Тюньдешевтің «Великий хан Батый – основатель Российской государственности» атты кітабы бар. Осы жинақты қазақ халқының тауанды тарихқа дендегісі келген әр перзенті оқыса ғой шіркін. Ал енді шығысымыздағы «көзі қысық, тісі қисық» көршімізді ең алғаш жаулап алған Мұқали  деген Жалайыр еді! Оны бірі білсе, тіпті кейбірі есімін естімеген де. Одан кейін, Шыңғыс ханның немересі Құбылай Бейжіңді астана, қытайды империя еткен. Ол да – қазақ! Мысыр елінің билеушісі Сұлтан Бейбарысты қайда қоямыз. Міне, Алаш жұртының әр пезенті осы ақпарларды білсе игі еді. Егер, тарихымызды таңбаламасақ, тұлғаларымызды түгендемесек, олардың ерлігімен ұрпақты сусындатпасақ жарқын өмірге нық қадам баса аламыз ба?! 
Екіншіден, кешегі Араб мемлекетін    25 бөлікке бөліп, бөлшектеп тастаған «жымысқы ойынды» білеміз. Біле тұра оған қарсы қайран қылмаймыз. Қанға сіңді, сүйекке бітті жаман қасиетіміз – жүзге, тіпті руға бөліну сырқатынан емделе алмай жүргеніміз. Кешегі тегін біліп, қандасын қадірлеп, қан тазалығын ойлаған кемеңгер елдің әлімсақтан бергі жақындастық-туыстық қатынасын басқаша ұстанып жүргенімізді түсінетін мезгіл жетті ғой. Патшалық Ресейдің «бөліп ал да, билей бер» деген қулығын өміріміздің ұстанымына айналдырып жібергеніміз қаншалықты дұрыс деп өзімізге өзіміз сұрақ қойсақ қане?! Ол қан тазалығы ғана емес, ешкімге ұқсамайтын өзіміздің билік жүргізу тәсіліміз еді. Осыны зерттеп-зерделейтін мезгіл кеше келіп қойғанын түсінуіміз керек. Ұлт азаматы һәм журналист ретінде осы мәселелерді дүркін-дүркін айтып отыруды міндет санаймын және бұл жолда жалғыз еместігімді анық білемін.

«Әдебиет – ардың ісі» деген сөз ғажайып балама екені даусыз. Тек, ауық-ауық руханияттың жүгін көтерген кез келген салада қызмет ету арлының ісі емес пе деп сұрау салатынымыз бар. Сондықтан да болар, журналистика әлемі жайлы қазақ Нұртілеу Иманғалиұлымен еркін әңгіме жүргізгеніміз. «40 жылдан астам уақыт бойы үйіне кіргізіп, төрінде сөйлеткен патша көңілді көрерменнің, имиджіміздің биіктеуіне, қалыптасуына, қалтқысыз қызмет еткен барша қазаққа басымды иіп алғысымды айтамын. Көрерменнің ризашылығы маған берілген ең үлкен сый», – дейді бір сөзінде қазақ тележурналистикасының майталманы. Қашанда шешенге тән шеберлікпен, дәлмарға тән даралықпен сөйлейтін, шын мен сынды ашып айтудан жалтармайтын алпыстың бесеуіне келген арда азаматтың ақиқаттан таспа тілгендей етіп, орамды ой, өткір пікірімен бөліскені қуантты. Дей тұрғанмен пайымы мен парасаты терең жанның ұлт болашағы баянды, руханияты одан да қазыналы боларына зор үмітпен қарайтынын айтпай кету арға сын болары сөзсіз.

Сұхбаттасқан
Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ. 

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026
Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.