Талдықорған: +18°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Байрақты боксшылардың ұстазы

24.04.2017
ЖАНСАРАЙ
Байрақты боксшылардың ұстазы
WhatsAppTelegramFacebook

Күндіз сағым қуып, түнде аймен жарысатын бала шағында бойын билейтін алапат күш қиялын алыстарға самғататын. Ғарышқа ұшырып, жерге қондыратын. Тәтті арманның қанатына қол созып, жер шарын да шарлап кететін. Бала мінезіндегі аласұрған бұлқыныс айға ұшырмағанмен, үлкен спортқа жетеледі. Атын аңызға айналдырды. Алақандай ауылдағы өзі шамаластармен шуылдасып жүріп, ара-тұра ізінен ілескен іні-бауырларымен жұдырақтасып алатыны есінде. Ойын үстінде соққысы ауырлау тие ме, кейбірінің жанарынан жас тамып, арадағы достықтың сүт пісірім уақытқа жібі үзілетін. Асық атып, доп та қуатын. Есейе келе, былғары қолғаптың құдіретін сезіне бастады. Алғашында ебедейсіз, ауырлау көрінетін. «Осы да қызық боп па?» – деп қанша теріс айналғанмен, бойдағы тартылыс күшін жеңе алмай, нәзіктеу жұдырығына қайта іліп алғанын аңғармай қалатын еді. Қылығына өзі таңданатын. Аққұба келген дөңгелек жүзіне күлкі үйіріліп, былғары қолғаппен арпа немесе бұршақ толы қапты қойып қалатын. Қойғылаған сайын қуат алатын. Көктен күш құйылатындай. Бала жүрегі бұл қасиетті сезетін. Сезінген сайын спорттың бұл түріне деген қызығушылығы еселеп артып, шаршы алаңға шығуды арманына айналдыратын. Ауыл пошташысы арқалап әкелетін газет-жорналды отыра қалып парақтап, бокстан Әлем чемпионы атанған Валерий Рачковтың, Виктор Демьяненконың бейнесін іздейтін. 
Бұл жер жаннаты Жетісудың Тасқарасу ауылында дүниеге келген бокстан КСРО спорт шебері, республиканың үш дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Еділов Тұрсынғали Нұржақыпұлының балалық шағындағы қызықты белестері болатын.
Тәуелсіз ел тарихында білікті бапкер ретінде танылған Тұрсынғали Еділовтің есіміне ел елеңдеспей қоймайды. Себебі, Тұрсынғали Еділов  жетекшілік жасаған жылдары ел боксының жұлдызы жарқырады. Саңлақ спортшыларымыз халықаралық жарыстардың чемпионы атанды. Айталық, Қазақстан боксшылары Хьюстонда (АҚШ) 1999 жылы өткен Әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль алса, 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен ХХVІІ Олимпиада ойындарында 2 алтын, 2 күміс медаль иеленіп, айды аспанға шығарды. Қазақстанның Көк Туын көкте желбіреткені тарих жыланамасына жазылды. 
Бұл күнде білікті бапкер Тұрсынғали Еділов Алматы облыстық бокс федерациясының вице-президенті ретінде бокс өнерінің өрісін кеңейтіп, өңір боксшыларының шеберлігін шыңдауға үлесін қосуда.

Ұшқан ұя
Туған ауылдың түтіні ыстық. Кей сәттері көңіл түкпірінде жатқан Аюлысай, Жыландысай, Қоржынсыймасты жағалай жүріп қой бағатын бейқам уақыт жүрек тұсын шымыр еткізіп, сағындырады да. Малсақ Нұржақып әке мен Тұрлыхан ананың кіндігінен 9 бала дүниеге келсе, Тұрсынғали аға солардың ортаншысы. Қара шаңырақтаң шұғылалы шуағына малынып, мейіріміне қанып өскен ұл-қыздардың арасында еңбекке епті, қолға алған ісін тындырмай тынбайтын бала Тұрсынғалидың табанды қимыл-әрекетіне үлкен кісілер сүйсіне көз тоқтатып, келешегіне зор үмітпен қарайтын. Ол метеп қабырғасында жүріп-ақ қоғамдық істердің бел ортасынан табылатын. Қашанда алдыңғы қатардан көрініп, көшбасшы болуға ұмтылатын. 
Тасқарасудағы 8 жылдық орталау мектепті тамамдаған соң 7 шақырым қашықтағы Шарын ауылына қатынап, 9-10-сыныпты оқиды. Екі арада балаларды тасымалдайтын автобусты сарыла күтіп тұра беруді ар санайтын. Қыстың қаһарынан қаймықпастан сөмкесін достарына қалдырып, Шарынды бетке алып жүгіре жөнелетін. Сабақтан кешікпей көліктегі оқушылармен қатар жететін Тұрсынғалидың қас-кірпігіне қырау байланып, буы бұрқырап отыратын. Сөйтіп, ол жүгіре жүріп шынығуға, ерінбеуге және өзін төзімді болуға тәрбиеледі. Бұған қоса, әке-шешенің қайраттылығы мен еңбекқорлығын сіңіріп өсті.
– Мал төлдеп болған соң жазда жайлауға көшетінбіз. Анамның буып-түйген төсек-орнын теңдеп өгізге артатын да, мені үстіне мінгізіп қоятын. Бірталай жерді жүріп өтеміз. Сонда Қоржынсыймасты айналып өту керектігін айтып жататын. Көк майсаға қоныстанған ел-жұрт бір-біріне «қоныс құтты болсын!» айтысып, ерулікке шақырысатын. Бізге бәрі қызық. Ата-ананың аялы алақанында алаңсыз ержеткен ең бақытты шағымыз екен ғой, – деп сағымға айналған жылдарды сағынышпен еске алады Тұрсынғали аға. 
– Әкем өте қайратты адам болған. Атты күтіп-баптаудың, тағалаудың шебері болатын. Басына жүген ілмеген шу асауды үйрететін өнерін жалпақ жұрт жақсы білетін. Қолқа салатын. Әкем алдына келген асауды жуасытпай тынбайтын. Көкпар жиі ұйымдастырылатын еді. Буы бұрқыраған аттарды суыту үшін жолын сарыла тосып, соның ішінде көкпарды іліп әкелген жүйрік атқа таласа-тармаса мінетінбіз. Ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-біріне өте жақын адамдар саналатын. Еңбек те, ас та, тіпті, балаларының тәрбиесі де ортақ боп кеткен тәрізді. Бір қазаннан ас ішіп, бір үйге түнеп жүре беретін едік. Әсіресе, ауыл ішінде бір көшеде бір үйде ғана теледидар болады. Сол кездің өзінде хоккейді қызықтайтын ауылдастар әлгі үйге жиылып алып, үлкен-кіші шуылдасып «СССР – Канада» командаларының хоккей ойынын көретінбіз, – деген бокс шебері адамдар арасында айрандай ұйыған ағайынгершілік пен ынтымақтастықтан, тату-тәттіліктен сабақ алғандығын әңгіме арқауы етті.
Үй мен түздің тізгінін тең ұстаған анасының қыларқан есудегі шеберлігі де балаларын шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеген. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген емес пе?! Ұлттық тәрбиенің қайнар бұлағынан нәр алып, ағайынгершіліктің, бауырмашылдықтың, көпшілдіктің шапағатын көріп өскен ұл-қыздың ұрпақ сабақтастығында осы үрдістің үзілмеуіне атсалысу қажеттігін айтады. Отбасындағы тәрбиені көріп өскен бауырларының қалаға келіп, спортқа араласқанда да жанынан табылып, қысылтаяң шақтарда қол ұшын берген қамқорлықтарын жадынан шығармақ емес. Үйдің үлкені Әбдіғали ағасы жырдан шашу шашып, мақтауын өсіріп отыратын. Бұл – қаймағы бұзылмаған көпбалалы отбасының өмір салты, ұстанымы болатын.   

Бақыт құсы
Еңбекпен шыңдалып өскен ауыл баласының спортқа бейім дарынын танып, қабілетін ашуда алғашқы бапкері, спорт шеберінің кандидаты Михаил Краснянскийдің еңбегі ерекше аталады. Сабақтан, үй шаруасынан қолы босай сала қауырсын қалбырларды немесе допқа жарайтын кез келген құралды аяққа іліп, жазыққа кететін ойын баласында бір тыным болмайтын. Сөйте жүріп, кеш батқанын асыға күтетін. Жұмыстан соң бапкері бокске баулитын. 
Адам бойындағы бір пайыздық таланттың толықтай ашылып, жарқырай танылуы – тынымсыз еңбектің жемісі екенін басқадан бұрын бапкер жақсы біледі. Бақ пен бап қатар шабатын байрақты бәсекелерде ел намысын қорғаудан артық мақсат болмайды. Оқушы жастан аудан асып, облыстық, республикалық деңгейдегі жасөспірімдер арасындағы жарыстарда шаршы алаңның шаңын шығарып, айызын қандыра өнер көрсетудегі ұмтылысы қызықтыратын. Республикалық жарыстарда топ жарып, жүлделі орындарды иемденген. Кезекті тағы бір жарысқа бет алған. Арқаланып барған жарыстың ересектер арасында өтетінін бапкері де білмепті. Алған бетінен қайтқысы келмеген жас боксшы жасы үлкен біреудің құжатын көрсетіп жатып, шаршы алаңға шығып, өзінен ересек қарсыласымен қаймықпастан бетпе-бет келіп, өнер көрсетудегі батылдығы талайларды таңдандырған. Бұл боксқа деген құмарлықтың айқын белгісі болатын. 
Шаршы алаңдағы шеберлігі шыңдалып, тәжірибесі толыға бастаған шағында Тұрсынғали Нұржақыпұлы Отан алдындағы әскери борышын өтеуге Ресейге аттанады.
– Әскерде болуымның маған көп пайдасы тиді. Ер-азамат темірдей тәртіпке, тазалыққа, ұқыптылыққа, ең бастысы, өз міндетін орындауда жауапкершілікке үйренеді. Жатқан төсегіңді қырдай етіп жиып, киетін киімнің жағасына кір шалдырмауға дағдыланасың. Бұл үнемі жаттығуда, жарыста жүретін спортшы үшін аса керек тәрбие. Отанын, отбасын қорғайтын ер-азаматтың қиындықтан қашпай, төзімді де шыдамды бола білудің өмірде алар маңызы зор, – дейді көргені мен көңілге түйгені мол бокс шебері.
Алматыға оралған соң «Динамо» клубын жағалап, жаттығуына кіріседі. Өзі бала кезден бокстың піріндей көретін Әлем чемпионы Валерий Рачковтың, КСРО чемпионы Виктор Демьяненконың жаттықтырушысы Станислав Болдыревтің алдына келгенде бақыттан басы айналғандай күй кешкенін қуана еске алады. Былғары қолғап өнерінің қыр-сырына қанықтырып, баулыған білікті бапкері Тұрсынғали Еділовтің ерекше өнеріне көңілі толатын. «Болашағы бар» деп есептейтін. Бапкерінің еңбегін ақтады. Небәрі үш-төрт жыл аралығында Тұрсынғали Еділовтің жұлдызы жанып, 1984 жылы КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы атануы бала күнгі арманының орындалғаны еді.

Қазақтың қаны
Міне, ащы термен келетін жеңістің тәтті дәмін татқан бокс шебері бұдан кейінгі жылдары Қазақстан құрамасында бапкерлікпен айналысады. Тұлпарды тұяғынан танитын атбегілер тәрізді боксқа келген спортшыны да болмысынан білетін бапкер білегінде күші мығым, шаршы алаңда ақылы мен айласын үйлестіре алатын бірнеше дарабозды тәрбиеледі. Атап айтсақ, Қазақстан боксының көшбасында жұлдыздай жарқыраған Сидней Олимпиадасының чемпиондары Ермахан Ыбрайымов, Бекзат Саттарханов, Болат Жұмәділов пен Мұхтархан Ділдәбековтердің есімдері ерекше аталады. Соның ішінде Олипиада чемпионы Ермахан Ыбрайымовты 1990 жылдан бастап баптап, бағын жандырған бапкер.
– «Жақсы жаттықтырушы – жаман әке» деп бекер айтылмаған ғой. Шәкіртті өз балаңнан артық қарайсың. Оған жан-тәніңді салып, баулып, баптайсың. Онсыз жетістікке жету мүмкін болмайды. Рингте өнер көрсетудің өзіндік айла-тәсілін меңгерту үшін аянбай тер төгу керек. Бокс – қазақтың қанында бар спорт. Себебі, соққысы мықты, қимылы ширақ қарсыластың мысын басып, тойтарыс беру үшін – ептілікпен қатар, жүректілік керек. Ал біз найзаның ұшы, білектің күшімен кең-байтақ қазақ жерін жаудан қорғаған батырлардың ұрпағы емеспіз бе? – дейді Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Нұржақыпұлы.
Қазақстандық спортшылардың әлемдік ареналардағы алар орны айқындалып келеді. Еліміз кәсіпқой боксқа бет бұрды. Бұл деген сөз қатарымыз ел намысын қорғайтын даңқты спортшылар есімімен толығатынын білдіреді. Сондықтан жастардың боксқа келуін қуана құптау керек. Бұл – бас бапкердің ойы. 

Иә, адам баласына берілетін қамшының сабындай қысқа ғұмырда төрт құбыланы тең ұстау да оңайға соқпасы анық. Жүрегің қалаған істі жүзеге асыруда жақыныңнан жырақтап, ағайын-туыс, дос-жараннан да қол үзіп қалатын кездер аз болмайды. Өмірдің ащысы мен тәттісін татып, ыстығы мен суығына күю деген де осы болар, бәлкім?! Қазақ боксын жандандыруға жастық жалынын, бойдағы қабілет-қарымын арнаған аға жаттықтырушының ендігі арманы – осы бір олқылықтардың орнын толықтыру, туған ауылына жиірек ат басын бұру. Жарқын ізін жалғастырар ұрпағын бокске баулу.

Ұлбосын Исабек

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026
Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.