Талдықорған: +3°C
$ 453.71
€ 505.80
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Көптің үміті ақталады

14 ақпан 2017
ЭКОНОМИКА
Көптің үміті ақталады
WhatsAppTelegramFacebook

Өткен жылы Ақсу ауданы бойынша 1552 гектар қант қызылшасы себіліп, оның 1360 гектары өнім берген. Жыл соңында мұның 1021,5 гектары толығымен жиналып, 30067 тонна өнім «Көксу қант зауыты» ЖШС-ға өткізілсе, қалған 339 гектар жерден алынған өнім ұсақ болғандықтан мал азығына жұмсалыпты. Аудан бойынша «Алихан», «Квитко», «Дармен», «Дәулет-Б», «Нұржан» шаруа қожалықтары жақсы өнім алса, Ойтоған, Арасан, Қаракөз ауылдық округтері тапсырманы 7-8 пайызға ғана орындаған. Ал Суықсай, Қапал ауылдық округтері қызылша себу жоспарын мүлде орындамаған.  Нәтижесінде, жоспарланған 45 мың тоннаның тек 30067 мың тоннасы жиналып, жоспар 68 пайызды құрап отыр.

Ақсулықтардың қант қызылшасының жоспарын орындай алмағандығының бірқатар себебі бар екен. Ең алдымен «Қызылағаш» су қоймасының іске қосылмауы қант қызылшасы мол егілетін алқаптардағы өнімділікті төмендетіп отырған көрінеді. Яғни, судың тапшылығынан қызылшаны мол өсіретін қызылағаштықтар өнім берекелігін көбейте алмай келеді. Екіншіден, қант қызылшасын жеткізетін Көксу қант зауытына дейінгі жолдың шалғайлығы ақсулықтардың адымын аштырмай отыр. Ақсудан 120 – 150 шақырым жолды басып Көксуға жететін көліктер көп уақыт жоғалтады. Бұл өз кезегінде алқаптағы өнімді ертерек жинап бітіруге кедергі келтіреді. Сонымен, ерте күзден қызылша жинау науқанын бастағанымен жаңбырлы күз айы мен ерте түскен қыс еңбекті қасат қардың астына көміп тастаған сыңайлы.  Үшіншіден, техниканың жеткіліксіздігі де Кеңес кезінде атағы қант қызылшасымен шыққан ақсулықтардың үмітін үкілей алмай тұр. Тек ауданда өткен жылы құрылған «Бәйтерек» кооперативін айтпағанның өзінде, дені түзу техникасы бар шаруашылықтар саусақпен санарлық қана. Ал қызылша таситын көліктер де жеткіліксіз. 4-5 тонна қызылша сиятын тракторлармен алыстағы зауытқа тасымалдау жұмысын жүргізу шаруаларды шаш етектен шығынға батырады. Осындай салмақты себептерді саралай келген де, ақсулықтар «Қызылағаш» су қоймасын іске қосып, Ақсу қант зауытын қайта жүргізу керектігін алға тартты. 
Өткен жылы Ақсу ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Амандық Баталов бұған дейін банкте кепілде тұрған зауыттың «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК» АҚ-ның иелігіне өткенін айтқан еді. Олар белгіленген жоспарға сәйкес, арнайы мамандар мен сарапшылар шақырып, бірнеше мәрте ғимараттың техникалық жағдайын, бас корпусын, ЖЭС-тің техникалық құрылғылары мен механизмдерін сараптаудан өткізген. Тіпті, банктің  қарызын 3 жылға бөліп төлеу туралы келісімшартқа қол қойыпты. Өндірісті іске қосуға кететін шығындарды да есептеп қойды.  
Бір айта кетерлігі, зауыт жұмысын тоқтатқанымен зауытқа жаны ашитын адамдар ондағы құрылғыларды сақтап қалуға бар күшін жұмсаған. Сондықтан мұндағы қондырғылар тозып, сыры кетіп, сыйқы бүлінгенмен тоналмаған. Осы зауытта бар өмірін өткізген және оны көзінің қарашығындай қорғап келген Владимир Юшков: «Зауыт ғимаратының сүйегі мықты, әлі де 120 жылға шыдас береді. Тіпті, мұндағы қондырғылардың көбі әлі де жұмысқа жарамды. Тек күрделі жөндеу жұмыстарына тездеп кірісіп, жоспарға сай іс атқарылса, зауытты тез арада ретке келтіруге болады», – деп сенім танытып отыр. Біз зауытты аралап көрдік. Зауыттың өндірістік бөлігі мен оған энергия беретін жылу-электр орталығы да көп бүлінбеген. 
«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-мен хабарласып, қазірдің өзінде Ақсу қант зауытына инвестиция салуға отандық және шетелдік үш инвестордың ниет танытып отырғанын білдік. Олар зауытты іске қосуға кететін шығынды есептепті. Облыс әкімінің нақты тапсырмасы бойынша биыл Ақсу қант зауыты іске қосылады деп сендірді. Алайда, зауыт толыққанды жұмыс істеу үшін шикізат қажетті деңгейде болуы керек. Сондықтан ақсулықтар биыл кем дегенде 1600 гектар қызылша сеуіп, 52800 тонна қант қызылшасын өндіру керек. Ол үшін жанар-жағармайға, тұқымға сұраныс жасап, техниканы дайындап, дақылды уақытында себу керек. Осыған орай, аудан орталығында  сервистік дайындау орталығы ашылып, 220 млн. теңгеге техника алыныпты. Алдағы уақытта аудандық ауылшаруашылық бөлімі екі сервистік орталық ашуды жоспарлап отыр. 

Ақсу ауданы.

Қатысты жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары

30 қазан 2026
Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

Жаңа Конституция: Адам құқығы мен мемлекеттік басқарудағы өзгерістер

30 қазан 2026
Кітапхана – рухани орта

Білім кілті – кітапта

29 қазан 2026
СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

СІМК отырысында халықаралық маңызы бар құжаттар бекітілді

29 қазан 2026
Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

Талдықорғанда 150-ден астам жас есірткісіз болашақ үшін бас қосты

29 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.