Талдықорған: -3°C
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ТАРИХ — ҰЛТТЫҢ ТАМЫРЫ

29.09.2016
КҮЛТӨБЕ
ТАРИХ - ҰЛТТЫҢ ТАМЫРЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«Жібек жолындағы жүздесулер – «Орталық Азия: өңір халықтарының ынтымақтастығы мен келісімі». Осындай тақырыппен Қазақстан халқы Ассамблеясының Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнаған жобасы Жетісу жерінде жалғасты. Оған Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Голландия, Қытай елдерінен келген сарапшылар мен белгілі ғалымдар және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Елімізде бұл бастама 2006 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісімнің» іске асуымен жүзеге асып келеді.

Ұлы Жібек жолы әлемнің 65 елінің шекарасын басып өтеді. Оның басым бөлігі Қазақстан жерін бойлай созылып жатыр. Бұл – Орталық Азия аймағындағы халықтарды жақындастыра түсетін халықаралық жоба. Былтыр Таразда «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған жиын өткізген  ұйымдастырушылар биыл Жетісу жерін бетке алды. Басқосу Кербұлақ ауданындағы тарихи орындардан басталды. Топ мүшелері Шоқан Уәлиханов мемориалдық мұражайында болып, облыс орталығына ат басын бұрды. Киелі де қастерлі білім ордасына айналған І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің кіреберісіндегі жыр дүлділі Құлагер ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ғали Орманов атындағы кітапханаға барып, «Тағзым», «Теңдессіз сый» акциясына қатысып, білімгерлермен кездесті. Негізгі алқалы жиын Тіл сарайында өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев қатысты. Отырысты жоба жетекшісі, мәдениеттанушы, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов жүргізді.
Қатысушылар он жылдың ішінде Жібек жолы бойындағы елдердің достық байланыстарын нығайтуға, тарихи құндылықтарды сақтауға және мәдениетаралық диалогты дамытуға едәуір ықпал жасаған жоба туралы ойларын айтты. Іс-шараға арнайы келген академик, археолог, тарих ғылымдарының докторы Карл Байпақов Ұлы Жібек жолының тарихына тоқталып, керуен жолының Қазақстанға тигізген әсері, саяси және мәдени байланыстары туралы сөз қозғады. Ал жазушы, тарихшы, мәдениеттанушы, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Әміржан Әлпейісов аталған  шара осыдан 10 жыл бұрын қоғам қайраткері Мұрат Әуезовтің бастамасымен қолға алынғанын тілге тиек етті. – Жер жаннаты  Жетісуда  өткен  бұл  сұхбатымыздың ерекшелігі сонда, бұл – Жібек жолының үсті, көне  Жібек жолы. Бұл ұлыларды дүниеге әкелген, батыс пен шығысты байланыстырған мекен. Қазіргі таңдағы Батыс Қытай-Батыс Еуропа байланысы да осы көне Жібек жолымен жалғаспақшы, – деді ғалым Әміржан Әлпейісов. Ал Алматы қаласындағы Корей Республикасының бас консулы Джон Сын Мин маңызды шараға қатысқанына ризашылығын білдіріп, қазақ елінің тарихы турасында жазылған кітаптарды оқып, келесі жылға өзінің ғылыми жұмысын алып келуге уәде берді. 
Орта Азия елдері арасындағы халықтарды жақындастыра түсу, дүниежүзілік мәселерді айта отырып, оның шешілуіне өз үлестерін қосуды мақсат еткен ғалымдар ғылыми жұмыстар туралы әңгіме өрбітті.  
Алыс-жақын шетелден келген қонақтарға біз тарихымыздың тереңнен бастау алатынын көрсете отырып, олардың біздің өткенімізді зерттеуге қызығушылықтарын туғызуымыз қажет деген ғалымдар мен қоғам қайраткерлері өз зерттеулерін кейінгі ұрпаққа арнады.

Карл БАЙПАҚОВ, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі:
– Тарих – ұлттың айнасы. Өзінің тарихы, тілі, діні, салт-дәстүрі бай халық қашанда мәдениеттіліктің көшін бастап тұрады. Біздің кең даламыздың әрбір жері тарихтан терең сыр шертеді. Мол мұрамызды жандандыру әрқайсымыздың міндетіміз бен парызымыз. Мен басқосуда Қойлық туралы құнды деректерді көпшіліктің назарына ұсындым. Ол туралы Францияның королі ІХ Людовиктің елшісі Гильом Рубруктың кітабында сақталыпты. Елші 1253 жылы құпия тапсырмамен Моңғол империясының жоғарғы қағаны Мөңкеге аттанады. Ұзақ сонар сапары барысында Рубрук Лепсі жазығындағы «Қайлақ» деген қалада Батыйдың хатшысын күтіп, 12 күн жатқанын жазады. Қайлақ – үлкен базары, алаңдары мен ғибадатханалары бар, бірнеше конфессия өкілдері мекен еткен ірі қала екенін сипаттайды. Қазба жұмыстары кезінде мұнда расында да  мешіт, будда және манихей ғибадатханалары табылды. Күміс және мыс ақша шығаратын өз теңге сарайы болғандығы дәлелденді. Мұның барлығы – біздің байлығымыз. Біз мұндай шараларды алдағы уақытта да жүргізетін боламыз. 

 Марико ЦУНОКАКЕ, Қазақстан Республикасындағы Жапония елшілігінің қызметкері:
– Біріншіден мен қазақ елінде, жерінде жүргеніме қуанамын. Мұндағы ағайынның бәрі бауырмал. Мені бір қызықтырғаны, мұнда отбасылық құндылық өте жоғары деңгейде сақталған екен. Мәселен, қазақтар бір шаңырақ астында атасы, апасы, әкесі, шешесі, баласы, немересі бәрі бірге тұрады. Бізде, яғни, Жапонияда ондай жоқ. Онда тек әке-шеше, бала ғана тұрады. Содан кейін бұл өңірде той болса қалың ел болып тойлайды. Маған бұл қатты әсер етті. Міне, осының өзі тұнып жатқан құнды тарих. Ал өтіп жатқан жобаға келер болсақ мұның мемлекет үшін пайдасы зор. Осы сұхбат арнайы мәдениеттану, яғни Орта Азия аймағындағы мәдениет, адамдардың әртүрлі қоғамын көрсету үшін арнайы құрылған.  Жапонияда ел дамуының әр саласында түрлі мемлекеттік басқосулар өткізіледі. Қазақстанда да алдағы уақытта тек мәдениет саласында емес, әлеуметтік, экономикалық, ауылшаруашылық салалар да қамтылады деп ойлаймын. Бұл көршілес мемлекеттермен тәжірибе алмасуда да қажет болары анық.

Гүлнар АННАКУЛИЕВА, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі:
– Бұл көпжылдық тарихы бар бастама. Ол Есіккөл жағалауынан бастау алған. Алматы облысы осы жоба өткізіліп отырған үшінші аймақ. Осыған дейін Ақмола, Жамбыл облысында болдық. Сонымен қатар, Алматы, Есік қалаларында да түрлі шара ұйымдастырдық. Қазір жастардың басым көпшілігі аталмыш жобаға ұсыныс білдіргені бізді қуантады. Олар да елінің тарихын зерттесек деген ниетпен біздің қатардан орын алуда. Жастар барлық бастамаға үн қатып, өздерінің жаңа идеяларын көпшілікке ұсынып жұр. Бұл – елдің өркендеп, дамуы жолында атқарылған іс. 

Еңлік Кенебаева

Қатысты жаңалықтар

Сот сараптамалары орталығы жемқорлыққа қарсы тексерістен өтеді

Сот сараптамалары орталығы жемқорлыққа қарсы тексерістен өтеді

02.03.2026
Президент жаңа Конституция мәтінін дайындауға жеке қатысты – Айбек Дадебаев

Президент жаңа Конституция мәтінін дайындауға жеке қатысты – Айбек Дадебаев

02.03.2026
Тоқаев Бахрейн Королімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Тоқаев Бахрейн Королімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

02.03.2026
Референдумда тіркелген жерден тыс жерде қалай дауыс беруге болады?

Референдумда тіркелген жерден тыс жерде қалай дауыс беруге болады?

02.03.2026
Таяу Шығыста 4 мыңнан аса қазақстандық турист қалып қойды

Таяу Шығыста 4 мыңнан аса қазақстандық турист қалып қойды

02.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.