Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Өз ұлың жүрсе доп теуіп

19.09.2016
АЛТЫН ТҰҒЫР
Өз ұлың жүрсе доп теуіп
WhatsAppTelegramFacebook
Әлемде футболды бірінші ойын деп бекерге айтпайды. Дамыған мемлекеттің барлығы осы спорттың түрімен шұғылданып, жанкүйерлері футболмен тыныстап жатады. Біздің ел де кем соғып жатқан жоқ. Тәуелсіздік алғаннан бері ел футболы даму үрдісінде. Өкінішке қарай баяу. Әйт­се де, көңілімізді осымен де аулап, жұбатып қоямыз. Әлемдік футбол одағының қатарына енгенімізге де біраз жылдың жүзі болды. Түрлі шетелдің командалары келіп, біздің алаңда доп тепті. Оны көзімізбен көрдік. Жанкүйерлер сүйсінді, қызықты, іштей біздің ұлдар осылай қашан жарқылдайды деген ой да түйді. Иә, бұл жалпы футболға байланысты айтылған әңгіме. Менің негізгі меңзегенім жергілікті «Жетісу» футбол командасы.

Жыл сайын алаңнан басымыз салбырап, жігеріміз құм болып қайтатын кезіміз көп. Жадырап шыққан футболшылар тоқсан минуттың ішінде тас-талқан болып ұтылып, жанкүйерлерін жерге қаратуда. Оның үстіне жергілікті футболшылардың жоқтығы тағы бар. Сырттан келген ойыншылар да абыройды асырар емес. Әрине, ФИФА-ның талыбы солай. Кемінде команда сапында сырттан келген алты-жеті ойыншы болу керек деген. Мейлі, солай-ақ болсын. Бірақ ойын көрсету керек емес пе? Елімізде футболды дамыту үшін істеліп отырған іс. Сол мықтыларға қарап, жастар өседі. Ал мынадай ойынымен қалай дамытамыз және жастардың құлшынысын қайтіп оятамыз? Мені толғандыратын осы мәселе. Мемлекет қолдау көрсетпей отыр деуге болмайды. Жергілікті әкімдік қыруар ақша жұмсап келеді. Сол қомақты қаражаттың басым көпшілігі сырттан келген ойыншыға төленетіні анық. Мол ақшаны алып тұрып ойынға белсене атсалыспағаны жанымды жегідей жиді. Ондай ойынды өзіміздің ұлдар да көрсетеді. Қаражатты соған бергеніміз едәуір тиімді емес пе. Мәселен, осыдан біраз жылдар бұрын жергілікті команда сапында доп тепкен А. Ни­кулин, Д. Иманқұлов, Шатских, Қ. Әбдірахманов, Ауытов сынды жігіттердің ойыны тамаша еді. Нәтиже мен жетістік те бар. Турнирдің басына шығып кетпесек те төмен түскен күніміз жоқ. Шеберліктері де, қақпаға қақырата соққан голдары да әдемі еді. Ал бүгінгінің ойыны тым төмен. Чемпионаттың соңында салпаңдап әлі келеміз. Осындай күйге түскенімізге біраз жылдың жүзі болды. Баяғы жартас, сол жартас. Жаттықтырушыдан да кемде емес. Осыны ескермеген соң бапкерлер де жиі ауысады. Басқа жаттықтырушы келеді де өзінің жігіттерін әкеледі. Одан да келер пайда жоқ. Жергілікті жаттықтырушылардың да еңбегін көрсеткен дұрыс. Мысалға, талай мықтының томағасын сыпырған бапкерлер Жетісу жерінде жоқ емес. Кезінде өңірімізде балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінде тер төгіп отандық футболшыларды тәрбиелеген жаттықтырушылардың еңбегі ерен. Бүгінде сол жігіттердің біразы о дүниелік болды. Тасен Бөкебайұлы, Жәнібек Биешов, Нұрлан Баяхметовтың өзі жоқ болғанымен еңбектері сайрап жатыр. Міне, сол жігіттерден түлеп ұшқан қаншама ойыншы бүгінде доп теуіп жүр. Ал қазіргі уақытта жастарды қанаттандырып жүрген білікті бапкерлердің қатарында Талғат Қуанышбаев, В. Магай, Мұрат Садыбаевтың тәлімін алған ойыншылар аз емес. Міне, осындай жігіттердің түлектерін ойынға қосса, сырттан келген ойыншыдан кем соқпайды. Тіпті, турнир кес­тесіндегі жағдайымызды да түзеп алар едік. Қазақты «доп тебе алмайды» деген жаңсақ пікірді түбегейлі өзгерту керек. Тек мүмкіндік туғызған дұрыс. Үкіметтен қолдау бар. Бапкерлер мен басшылықтың намысын, ұлттық санасын ояту қажет. Сонда ғана біздің футбол дамиды. Сырттан келген ойыншыға ауыз ашып, сенім артып қоюды доғарған дұрыс па деп ойлаймын. Ал «Жетісу» желпінетін күнің қашан?! Алаңдағы орныңды өзгеге беріп, өз ұлың алаңның сыртында отыра берсін бе? Жасыл алаңда жарқылдайтын кезің келді емес пе? Ендеше аяғыңды нық басып алаңға шық, теңбіл допты қақырата теуіп, қақпаның торын бұз. Бұл менің саған айтқан ақылым, намысыңа сілтеген қамшым деп біл.

Ерболат ТҰРАХМЕТОВ.

 

Қатысты жаңалықтар

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026
Жетісу – жердің жұмағы

Жетісу – жердің жұмағы

30.01.2026
Сыни ойлау – радикализмге қарсы қалқан

Сыни ойлау – радикализмге қарсы қалқан

30.01.2026
Тоқаев: Конституцияда гуманитарлық құндылықтарды қалыптастыру маңызды деп санаймын

Тоқаев: Конституцияда гуманитарлық құндылықтарды қалыптастыру маңызды деп санаймын

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.