Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Азаттық алаңы

11.07.2016
ҰЛТ ҰЯТЫ
Азаттық алаңы
WhatsAppTelegramFacebook

Алматыдай алып шаһарға жат жұрт­тан аңсары ауып келген Жеті­бай ақсақал бірден бауыр басып кет­кен. Әдетінше, бүгін де ол таңалакеуім­нен тұрып, ұшы-қиыры жоқтай көрінетін әсем қаланың ең қасиетті орны – орталық алаңға немересінің көлігімен жетті. Тақтайдай теп-тегіс көшелерді аралай жүріп, ғасыр құрылысы атанған зәулім үйлер мен көкпен таласқан ғимарат­тарға таңданыспен көз қиығын салады. Күн озған сайын құлпырып, көріктене түскен келбеті сүйсінтпей қоймайды. Жанына жұмақ орнатқан атажұрттың ауасын жұтып, суын ішкелі туған жерге, Отан-анаға деген сарғайған сағыныштың жалыны басылғандай. Кемел келешек пен нұрлы болашаққа кәміл сенген асқақ арманды тізгіндеп, тек қана алға қарай ұмтылуды ұрпағының санасына сіңіріп отыратын ақ самайлы қария Тәуелсіздік монументіне тағзым етіп, азаттықтың ақ таңын атқызар жолда жанын пида еткен құрбандардың рухына Құран бағыштауды айнымас парызы санайды.

Иә, бұл алаңда ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған азат­ты­ғының ақ таңы атып, бодандықтың бұғауы үзілген. Еркіндіктің, елдіктің лебі ескен. Осы жолда ұлт мұратын ұран еткен жалынды жас­тары­мыз­дың қаны төгіліп, жаны қиылған. Міне, қарт жүрегін кеудесіне сый­дырмай азаттық алаңына алып ке­летін кемел күштің қасиеті де осын­да жатыр.

Көк аспанға иек артқан ес­керт­кіш­тен ұлттың рухы, ерік-жігері тө­гіліп тұрғандай әсер қалдырары хақ. Еңселі ескерткіштің тарихына көз жүгіртер болсақ, 1996 жылы ел тәуел­сіздігінің бес жылдығына орай бой көтерген монументтің ашылу салтанатына Қазақстан Респуб­лика­сының Президенті Н. Назарбаев пен сол кездегі Түркия Президенті С. Де­мирель қатысқан. Содан бері тәуел­сіз ел тарихында ерекше маң­ыз­ға ие мо­нументке арнайы келіп, тағзым ету­шілер қатары үзілмеген.

Қазақтың қолданбалы өнерінен тамыр тартқан Тәуелсіздік мону­ментінің негізгі ортасында ком­по­зициясы ұлттық өрнекпен көмке­ріл­ген текшелі діңгек тастан құралып, оның биіктігі 28 метрге дейін бой тү­зе­ген. Зеңгір көкке көтерілген орта­лық діңгектің ұшар басы қауызы ашыл­маған қызғалдақ тәрізді жұ­мыр­­ланып мүсінделген әрі оған Қазақ­станның Елтаңбасы ойылып түсі­ріл­ген. Қола­дан құйылған қанатты ба­рыс­­тың үс­тінде оң қолында қыран құ­сы, сол қо­лында садағы, белінде қан­жа­ры мен асы­нып алған қорам­са­ғын­дағы сауыт­бұзар алтынға малын­ған жебелері бар дулығалы жас сар­баз­дың құрыштай мығым бітім-тұл­ғасы аса ай­барлы кейіпте бей­не­лен­ген. Ұлы Да­­ланы бі­лектің күші, най­за­ның ұшы­мен қор­ға­ған хас батырдың алып бей­не­сі ерлік пен өрліктің бел­гі­сін біл­ді­ре­­ді.

Күн сәулесінен қабағын көлегей­лей көкке көз тіккен қарияға мону­мент­тің әр деталі ой салып, мұңға ба­ты­рады. Ғасырлар қойнауынан сыр тар­татын тарих толқыны қарт жүре­гін қа­рып өтеді. Оған Тәуелсіздік мону­мен­тінің екі қапталын айнала қазақ хал­қының мың өліп, мың тіріл­ген та­рихынан үн қататын шағын архи­тек­тор-мүсіндемелік бедерлі бейне­лер, яғни сонау сақ дәуірінен тәуел­сіз­дік­ке дейінгі тарихи кезең­дердің бей­не­ленуі есті адамды ерек­ше әсер­ге қал­ды­рады. Көңіл тол­қы­тады. Ау­қымы кең монументті жиек­тей жү­ріп, көңіл таразысына салса, сонау Томирис заманынан бастап әл-Фара­би, Қазақ хандығының құрыл­уы, Ақтабан шұ­бы­­рынды, алқакөл сұла­ма, жоңғар шап­қыншылығына қарсы күрес, ұлт-азаттық қозға­лыстар мен Ұлы Отан со­ғысы, Жел­тоқсан көте­рілі­сі мен тәуел­сіздіктің жария­ла­нуын көр­се­тетін көрініс-суреттердің ор­наласуы тарихты тілсіз сөйлетіп тұр­­ғандай.

Діңгектің төрт жағында орна­лас­қан төрт мүсіндік бейне де Тәуел­сіздік монументінің архитекторлық және мүсіндік шешімін дәл тапқан­дығымен ерекшеленеді. Кеудесі ал­тын сандық абыз ата мен қойнауы құт, жүрегі мейі­рімге толы ақ жау­лықты Жер-ана және олардың ал­дыңғы жа­ғын­дағы құлыншаққа мін­ген бала мен қыз­дың бақытты бей­несі ұлттық рух пен салт-дәстүрден сыр ақтарады.

Сырға толы суретті-мүсіндерге ба­жайлай көз тоқтатып, қабағын қалың ой тұмшалаған қария өзінің ата-баба­сының ғасырлар бойы аңсап, жете ал­май кеткен қасиетті де киелі ұғым – тәуелсіздіктің ақ таңының арайлап ат­қа­нына мың да бір шү­кір­шілік етеді. Қиын­дық пен қуа­ныштың табы терең­дей түскен әжімді жүзіне қан жүгіріп, әп-сәтте мейірімнің шуағы төгіледі. Мұн­дайда ертеңгі күнін жалғастырар немересін мейір­ле­не иіскеп, талай­лы тағдырына тәу­бе келтіреді. Тәуелсі­з­діктің не­бәрі 25 жылдық тарихында төрткүл дүниеге таныл­ған Қазақ­станның қа­рыштай дам­уына қажыр-қайратын жұмыл­ды­рып отырған Ел­ба­сының ерен ең­бегіне сүйсінеді. Тәуел­сіз­дік­тің көк туын желбіретіп, тұғы­ры­ның биік­тей түсуіне үлес қосар ұр­пақ­тың білімді де білікті, жігерлі бол­­уын тілеп, бата-тілегін арнап оты­рады. Ас­панмен астасқан Ала­тау­дың қара­ғай­лы орманы тәрізді көге­ріп-көк­теуін, құрақтай жайқа­лып өсіп-өнуін ті­леуден әсте жаңыл­ған емес. Ізінен ілес­кен ұрпағын ұл­тын, елі мен жерін сүю­ге, тілі мен ді­нін құрметтеуге бау­лып, бағыт-бағ­дар беру де аталық па­ры­зы. Тәуел­сіздік монументіне сы­қыр­ла­ған сүйегін сүйретіп келіп, тәу ету­дің де басты мақсат-мұраты осы бол­­са керек.

Ұлбосын ИСАБЕК

Қатысты жаңалықтар

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

29.01.2026
Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

29.01.2026
Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

29.01.2026
Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.