Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады, — деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Ақордаға сілтеме жасап.
Атаулы күнге орай Президент:.
«Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады», – деді.
Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді.
Фото: Ақорда





