Филиппинде өтіп жатқан волейболдан Азия чемпиондар лигасында «Жетісу» командасы жанкүйерлерін қуантып, ширек финалға жолдама алды.
Марко Гршич жаттықтыратын команда А тобындағы екінші кездесуінде иорданиялық «Al Nasser» клубын ұтты.
Бұған дейін «Жетісу» алғашқы матчта жергілікті «Creamline Cool Smashers» командасынан басым түсіп, өзінің мықтылығын дәлелдеген еді. Ширек финалда қазақстандық клуб филиппиндік «Pldt High Speed Hitters» командасымен бақ сынайды. Бұл тартысты кездесу «Жетісу» үшін маңызды сынақ болмақ, өйткені команда жартылай финалға шығуды мақсат етіп отыр.
Естеріңізге салайық, ойындарды «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
Қали Асқар
Суретті түсірген автор