13 мамырда көлік министрінің Шу–Бурылбайтал автожолын ақылы пайдалану туралы бұйрығы күшіне енеді, деп хаьарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, 13 мамырдан бастап Шу–Бурылбайтал автожолының Мерке–Шу–Бурылбайтал учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.
Жеңіл көліктер үшін жол ақысы тегін болады. Ақылы жолдың ұзақтығы – 175 шақырым.
— 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейін жүк көліктері үшін – 1 213 теңгеге дейінгі (бекеттегі төлем) және 1 032 теңге (алдын ала төлем).
— 32 орынға дейінгі автобус тар және жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейін жүк көліктері үшін – 2 446 теңге (бекеттегі төлем) және 2 083 теңгеге дейінгі (алдын ала төлем).
— 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейінгі автопоездар үшін – 3 659 теңгеге (бекеттегі төлем) және 3 115 теңге (алдын ала төлем).
— Жүк көтергіштігі 10 тоннадан жоғары 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 4 892 теңге (бекеттегі төлем) және 4 156 теңге (алдын ала төлем).
— Жүк көтергіштігі 15 тоннадан жоғары жүк көліктері мен тіркемелері үшін – 6 105 теңге (бекеттегі төлем) және 5 188 теңге (алдын ала төлем).
Сонымен қатар, жүргізушілер үшін айлық және жылдық абонементтер қарастырылған. Ай сайынғы абонементтің құны көлік құралының түріне байланысты 1-5 АЕК, ал жылдық абонементтің құны 12-60 АЕК арасында.





