2025 жылдың 8 мамыры, бейсенбі күні Қазақстанда күн құбылмалы болады. Кейбір аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар бұршақ, дауыл және шаңды дауыл болуы ықтимал, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Астана – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +28…+30°C.
Алматы – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +31…+33°C.
Шымкент – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Түнде +19…+21°C, күндіз +33…+35°C.
Ақтау – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +20…+22°C.
Ақтөбе – бұлтты, жаңбыр, найзағай күтіледі, түнде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел 7–12 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +21…+23°C.
Атырау – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел бағыты түнде – солтүстік-батыс, күндіз – оңтүстік-батыс, жылдамдығы 3–11 м/с. Түнде +14…+16°C, күндіз +26…+28°C.
Жезқазған – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 5–10 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +30…+32°C.
Қарағанды – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, 5–10 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +28…+30°C.
Көкшетау – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, 5–10 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +25…+27°C.
Қонаев – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15 м/с дейін. Түнде +13…+15°C, күндіз +32…+34°C.
Қостанай – бұлтты, жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел – солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +21…+23°C.
Қызылорда – күн құбылмалы, күндіз аздаған жаңбыр, найзағай, дауыл және шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, 8–13 м/с, күндіз екпіні 15 м/с дейін. Түнде +17…+19°C, күндіз +34…+36°C.
Павлодар – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан, 7–12 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +29…+31°C.
Петропавл – бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +18…+20°C.
Семей – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан, 7–12 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +28…+30°C.
Талдықорған – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, 5–10 м/с. Түнде +9…+11°C, күндіз +32…+34°C.
Тараз – күн құбылмалы, күндіз жаңбыр және найзағай. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с дейін. Түнде +15…+17°C, күндіз +35…+37°C.
Түркістан – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с дейін. Түнде +20…+22°C, күндіз +34…+36°C.
Орал – күн құбылмалы, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы ықтимал. Жел солтүстік-батыстан, 9–14 м/с. Түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C.
Өскемен – күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан, 5–10 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +26…+28°C.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда найзағайлы жаңбыр мен шаңды дауыл болатынын болжаған еді. 8 мамырда орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен найзағай, кей жерлерде бұршақ күтіледі. Ақтөбе облысында қатты жауын-шашын болжанса, Қарағанды облысында күн ашық болады. Елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл тұруы мүмкін.
«Жетісу-Ақпарат»





