Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жастар кадр резервіне іріктеу басталады

Елімізде 1 маусымнан бастап Президенттік кадр резервіне іріктеу басталады. Осыған байланысты Талдықорған қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қызметке іріктеу тәртібін түсіндіруге арналған арнайы жиын өтті.

20 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Жастар кадр резервіне іріктеу  басталады
WhatsAppTelegramFacebook

Басқосуға қала әкімі Ернат Бәзіл, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Қобылан Манап, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Злобин, сондай-ақ шаһардағы өзге де саланың жауаптылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстағы департапмент басшысы Қобылан Тоқбергенұлының сөзінше, кадрлық іріктеудің басты мақсаты – жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік лифт құру.  Осыған сай іріктеуге  негізінен 35 жасқа толмаған, мемлекеттік тілді білетін, білімі жоғары, кемінде 3 жыл еңбек өтілі бар Қазақстан азаматтары қатыса алады. Оған қатысу өтінімдері ағымдағы жылдың 1–ші маусымынан 30-шы маусым аралығында қабылданады. Құжаттарды onir.pkrezerv.gov.kz сайты арқылы онлайн түрде тапсыруға болады.

  – Бүгінде өңірімізде Президенттік жастар кадр резервін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістердің тың нәтижесі. Осыған сай қазір жастарды мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі жеңілдеуде,– деді департамент басшысы.

Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерде:

 – Біріншіден, мемлекеттік тапсырыс негізінде (грант) жоғары оқу орындарын үздік нәтижелермен аяқтаған түлектерге бір жыл ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз уәкілетті органның келісімін ала отырып тікелей тағайындалу мүмкіндігі берілген.

Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына,сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетеді.

Екіншіден, «Б» корпусының бірқатар жоғары лауазымдарына (мысалы: департамент және басқарма басшысы) уәкілетті органның келісімімен конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындау мүмкіндігі қарастырылған.

Үшіншіден, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жоғары үлгерімін көрсеткен түлектері оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде елорданы қоспағанда, жергілікті органдарға жекелеген лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындау қарастырылды.

Төртіншіден, екі тоқсан бойы тиімсіз деп бағаланған қызметшілердің лауазымы төмендетіледі. Ал төменгі бос лауазым болмағанда – қызметтен шығарылады. Бұл аппаратты тиімсіз мемлекеттік қызметшілерден босатуға ықпалын тигізіп, мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдетеді, – делінген.

Еске сала кетейік, бүгінде Жетісу облысындағы 350-ге жуық  мекемелердегі мемлекеттік қызметшілердің саны 3500-ден асады. Олардың тең жармына жуығы әйелдер қауымы. Аймақта көрсетілетін мемлекеттік қызметтің 762 түрі бар. Оның  467 орталық, 295 түрі жергілікті атқарушы органдар жағынан көрсетіледі. Биылғы іріктелген кадрлар білімді жастар қатарын толықтырып, халыққа сапалы қызмет көрсетуге мол мүмкіндік береді.

 

                                                                   Айдын КӘЛІМХАН

 

 

 

 

 

 

                                                                        

Қатысты жаңалықтар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.