Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қаржы мақсатты жұмсалса

22 мамыр 2025
КҮЛТӨБЕ, КҮНДЕРЕК
Қаржы мақсатты жұмсалса

https://www.instagram.com/p/DJ1nA_LCqM1/?img_index=2

WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысын кеңес төрағасы Әсет ҚЫДЫРМАНОВ жүргізді. Отырыста қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының есебі тыңдалды. Сондай-ақ, облыстық мәслихаттың «Жетісу облысының 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөніндегі мәслихат шешімінің жобасы талқыланды.

Алғашқы сөз алған қаржы басқармасының басшысы Жанар Керімбекова бюджеттік түсімдер мен шығыстардағы өзгерістерге тоқталды. Облыстық бюджеттің түсімдері жоспар бойынша 492,9 млрд. теңгені құраған, нақты түскені 505,4 млрд. теңге. Яғни, түсім көлемі артқан. Облыстық бюджеттің шығыстары 548,1 млрд. теңге болу керек еді. Бірақ, нақты жұмсалған шығыс 540,9 млрд. теңге. Яғни 7,3 млрд. теңге игерілмеген. Баяндамашы ауылшаруашылығы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, құрылыс басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, төтенше жағдайлар басқармасы және басқа да ведомстволардың қаржыларды игермегенін айтып, себептерін түсіндірді. Ол облыстық бюджет Мемлекет басшысы Жолдауының стратегиялық мақсаттарын іске асыруға, соның ішінде азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге, индустриялық-инновациялық дамуға, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталғандығы жөнінде айтты. Жанар Нұрқыдырқызы қаржының дұрыс игерілмегеніне қайта тоқталып, бөлінген қаражаттың уақытылы және толық игерілуін қадағалау мақсатында апта сайын мониторинг жүргізіліп тұратынын айтты.

Қоғамдық кеңесте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рауан Дауталинов сөз алып, бюджет қаржысының жұмсалуы бойынша баяндама жасады. Оның айтуынша, биыл республикалық бюджеттен қосымша 1,9 млрд. теңге нысаналы трансферттер бөлінген. Облыстық меншік кірістерін ұлғайту есебінен шұғыл шешуді талап ететін міндеттерге қаражат бөлу жоспарланған. Бұл орайда «Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру» бойынша жергілікті бюджеттен Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне бір жолғы төлемді арттыруға қосымша 9 млн. теңге қарастырылған.

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.