Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Шегірткемен күрес: 455,85 млн теңге бөлінді

27 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Шегірткемен күрес: 455,85 млн теңге бөлінді
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде Жетісу облысында 32 754 гектар жерде шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жүргізілген, оның 21 824 гектары итальяндық прус, қалғаны үйірсіз саяқ шегірткелер. Химиялық өңдеу 18 жер үсті техникалары мен 3 борт ауыл шаруашылығы ұшағымен жүргізілген. Аталған жұмыстар қазір жоспарға сай жалғасуда.

Бұл туралы Журналистер үйінде өткен брифингте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыс бойынша аумақтық инспекциясының басшысы Мәулен Жұмағалиев пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бахтияр Шампиков баян етті. Сондай-ақ, журналистер қойған сұрақтарға да жауап берілді.

Мәулен Бүркітқалиұлының айтуынша, биыл шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 114,8 мың гектар жерде жүргізілмек, оның 74,6 мың гектары үйірлі шегіртке, қалғаны үйірсіз саяқ шегірткелер. Шегіртке тектес зиянкестерге, басқа да аса қауіпті зиянды организмдер мен карантинді нысандарға қарсы күрес ұйымдастыру үшін облыстық және аудандық штабтар құрылып, жұмыстар атқарылуда.

Осы жылы шегіртке тектес зиянкестерге қарсы жалпы 455,85 млн. теңге бөлінген, оның 284,75 млн. теңгесі республикалық, 171,1 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен. Қазіргі уақытта үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жер үсті тәсілімен жүргізетін компаниялар анықталған. Сонымен қатар, саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеуді жер үсті тәсілімен жүргізетін мердігер компания анықталса, аса жеңіл авиациямен өңдеу жүргізетін компанияны анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу байқауы жалғасуда.

Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін шегіртке тектес зиянкестерді анықтауға жалпы екі жүзден аса адам қатысады. Шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу кезінде облыс бойынша пайдаланылатын 41 су көздері және 22 жанар-жағармай бекеттері белгіленген.

Айгүл Байжұмақызы

Қатысты жаңалықтар

Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.