Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Жетісуда Құрбан айтқа дайындық пысықталды

Енді санаулы күндерден кейін күллі мұсылман қауымы асыға күткен Құрбан айт мейрамы. Осыған байланысты мерекелік дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында Талдықорғанда аудан, қала имамдарының қатысуымен арнайы басқосу өтті.

28 мамыр 2025
КҮНДЕРЕК
Жетісуда Құрбан айтқа дайындық пысықталды
WhatsAppTelegramFacebook

Жиын барысында өңірдің бас имамы Керімбек Дәуітов ҚМДБ тарапынан бекітілген нақты талаптар мен ұсыныстар негізінде Құрбан айт мерекесіне орай атқарылатын іс-шаралар жоспарын таныстырып, аймақтағы мешіт имамдарына бірқатар міндеттер жүктеді. Онда құрбан шалынатын орындардың санитарлық талаптар мен ережелерге сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, діни рәсімдердің жүйелі түрде ұйымдастырылуын қадағалау, сонымен қатар дәстүрлі «Имани жаз – 2025» діни сауат ашу курстарын жоғары деңгейде өткізу анық атап көрсетілген.

Бас имамның айтуынша, бекітілген кестеге сай биылғы 5 маусым –  арапа күні. Ал, маусым айының 6, 7, 8 күндері Құрбан айт мерекесі  деп белгіленген. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Намаз оқы және құрбан шал» деп Кәусәр сүресінің 3-аятында  әмір еткен. Негізі құрбан шалу – уәжіп. Құрбан шалатын адам мұсылман болуы, жолаушы емес, 85 грамм алтынның құнына тең келетін ақшасы немесе дүние-мүлкі бар адам болуы тиіс. Құрбандыққа шалынатын малдың 12 мүшесі сау, көзі соқыр, аяғы ақсақ, құлағы шұнақ болмауы шарт. Құрбандық малы айт намазы оқылып болған соң арнайы дұға жасалып шалынады. Малдың басын құбылаға қаратып, «Бисмилләһи Аллаһу әкбар» деп жанын қинамай бауыздаған дұрыс.  Мұнда түйе 5 жасқа, сиыр 2, қой мен ешкі 1 жасқа толған болуы керек. Ал, түйе мен сиыр малын 7 адамға дейін бірлесіп, қой мен ешкіні бір адамның атынан арнап шалуға болады. Осы барыста діни басқарма жалпы елдегі кәсіпкерлерді азық-түлік пен мал бағасын өсірмеуге, жұрттың қалтасымен санасуға шақырады.

– Биылғы  айт мерекесінде құрбан шалумен бірге Жетісу облыстық, қалалық және аудандық мешіттердің аумағында салт-дәстүрімізге сай түрлі рухани-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Онда ұлттық ойын түрлерінен арнайы жарыстар өткізу, қарттар үйі мен жетімдерге құрбандық етін тарату, әйел жамағатының қатысуымен қайырымдылық жәрмеңкелерін  ұйымдастыру сынды ізгі амалдарды орындау жоспарлаған. Сонымен қатар, жақында Құрбан айт кезінде қызмет ететін қасапшылар семинарға қатысып, арнайы тапсырмалар алды,– деді Керімбек  Сәрсембайұлы.

 

                                                                       Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының басым бағыттарын айқындады

Бүгін, 13:30
Шағын шаруаларға серпін берді

Шағын шаруаларға серпін берді

Бүгін, 12:18
Дүбірлі додада топ жарғандар

Дүбірлі додада топ жарғандар

Бүгін, 10:11
Тәуелсіздіктің төл белгісі

Тәуелсіздіктің төл белгісі

Бүгін, 08:08
Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

13 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.