Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Өмірді ұзартып, сымбатты болуға көмектесетін тағамдар аталды – ғалымдар зерттеуі

17 сәуір 2025
ДЕНСАУЛЫҚ
Өмірді ұзартып, сымбатты болуға көмектесетін тағамдар аталды – ғалымдар зерттеуі
WhatsAppTelegramFacebook

Адамның салауатты өмір сүруі мен ұзақ ғұмыр кешуіне тікелей әсер ететін тағамдар анықталды. Сидней университетінің ғалымдары жүргізген жаһандық ауқымдағы зерттеу нәтижесі осындай қорытындыға келіп отыр. 1961 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықта әлемнің 101 елінен жиналған деректерге сүйене отырып жасалған талдау өсімдік ақуызы мен өмір сүру ұзақтығы арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетті, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Ғалымдар зерттеу барысында өсімдік және жануар тектес ақуыздардың адам денсаулығына әсерін салыстырған. Қызығы сол, 5 жасқа дейінгі балалар үшін ет, жұмыртқа мен сүт өнімдері өмір сүру көрсеткішін жақсартатыны байқалған. Алайда ересектер үшін керісінше – өсімдік негізіндегі ақуыздарды көбірек тұтыну ұзақ әрі сапалы өмір сүруге сеп болады екен.

Мәселен, Үндістан сынды өсімдік тектес тағамдар басым елдерде халықтың орташа өмір жасы, жануар ақуызы көп тұтынылатын АҚШ пен Аргентина елдеріне қарағанда анағұрлым жоғары. Бұл ретте зерттеу авторлары халықтың табыс деңгейі мен саны сияқты факторларды да ескерген.

Зерттеу Nature Communications журналында жарияланды. Мамандар атап өткендей, пайдалы өсімдік ақуыздары бұршақ, жаңғақ, дәнді-дақылдар мен тофу өнімдерінде молынан кездеседі. Мұндай тағамдар жүрек-қан тамырлары аурулары, диабет пен қатерлі ісіктердің алдын алуға көмектеседі.

Айта кету керек, дәл осындай тағамдарды күнделікті тұтынатын халықтар жапондық Окинава аралында, гректің Икария аралында және АҚШ-тағы Лома-Линда қаласында шоғырланған. Бұл өңірлер ұзақ өмір сүретін тұрғындарымен әлемге танымал.

Сидней университетінің зерттеуі тағы бір рет дұрыс тамақтанудың адам өміріне қаншалықты маңызды екенін дәлелдеді. Табиғи, өсімдік негізіндегі тағамдар – тек сымбатты келбет пен жеңіл жүрістің емес, ұзақ ғұмыр мен мықты денсаулықтың кепілі екенін ұмытпаған жөн.

Фото: ВК

Қатысты жаңалықтар

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Бүгін, 13:49
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43
Пайдалануға берілетін нысан көп

Пайдалануға берілетін нысан көп

Бүгін, 12:29
Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Уикипедияның қазақша қоры молаяды

Бүгін, 12:27

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.