Талдықорған: +14°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

2025 жылғы дзюдодан әлем чемпионаты: Кімдер бақ сынайды?

13 маусым 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
WhatsAppTelegramFacebook
Бүгін дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионаты басталады. Бұл байрақты бәсекеде әлемнің ең мықты татами шеберлері медаль үшін таласқа түседі. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының көшбасшылары да жеңіс тұғырының биігіне көтерілу үшін бақ сынайды. Толығырақ Olympic.kz материалында.

Әлем үздіктері 2024 жылғы Олимпиададан кейінгі маусым барысында ірі халықаралық жарыстардан сырт қалған болатын. Солардың ішінде қазақстандық балуандар да бар. Алайда, алда өтетін әлем біріншілігіне татами шеберлері түгел дерлік қатыспақ. Бұл — мұндағы бәсекелестік өте жоғары деңгейде болады деген сөз. Әрбір кездесу тағдырын ұсақ-түйек қателіктер шешіп кетуі әбден мүмкін.

Қазақстан құрамасының балуандары соңғы рет ел ішінде өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне қатысқан болатын. Толық құрамның ішінде Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та болды.

Татами шебері аталмыш жарыста екінші нәтиже көрсеткен еді. Айта кетейік, Ғұсман үшін бұл әлем біріншілігі ұзақ уақыт демалыстан кейінгі алғашқы ауқымы жоғары жарыс саналмақ.

Ал, әйелдер арасында Әбибә Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева бұл жарысқа қатыспады. Бапкерлер штабы қос спортшыны әлем чемпионатына тыңғылықты дайындық үшін сақтауды жөн көрген.

Дегенмен, Әбибаның бірнеше халықаралық доданы өткізіп алғанын ескерсек, соған қарамастан спортшының аяқ алысы жаман емес. Отандасымыз Австрияда өткен Гран-приде алтыннан алқа тақса, Душанбедегі «Үлкен дулыға» турнирінде қола жүлде иеленген. Сонымен қатар Ғалия Тынбаева да әлем біріншілігінде жүлдеге таласа алатындай қауқары бар.

Биылғы әлем чемпионатында 92 елден барған 566 дзюдошы 14 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды. Сонымен қатар әр салмақта 40-қа жуық спортшының медаль үшін таласатынын айта кету керек.

Дүбірлі додаға қатысатын дзюдошылардың қатарында көптеген әлем чемпионы мен Олимпиада жүлдегерлері бар. Атап айтар болсақ, 60 келі салмақта Лука Мхеидзе (Франция), Рюдзю Нагаяма (Жапония), Георгий Сардалашвили (Грузия), Франсиско Гарригос (Испания). 66 келі салмақта Хифуми Абэ (Жапония), Рамазан Абдуллаев (Ресей), Хяр Валид (Франция). 73 келі салмақта Хидаят Гейдаров (Әзірбайжан) бар. 81 келіге дейінгі салмақта бәсекелестік өте жоғары болмақ. Себебі, Ли Ен Хван (Оңстүстік Корея), Сомон Ахмадбеков (Тәжікстан), Тимур Арбузов (Ресей), Таканори Нагасе (Жапония), Тато Григалашвили (Грузия) өзара мықтыны анықтайтын болады.

90 келіге дейінгі салмақта Сансиро Мурао (Жапония), Лаша Бекаури (Грузия), Федор Целиди (Грекия), Нгаяп Амбу, Максим Гаэль (Франция) сынды мықты балуандар татамиде кездеседі. 100 келіге дейінгі салмақта Зелим Коцоев (Әзірбайжан), Илья Суламанидзе (Грузия) фаворит саналады. 100 келіден жоғары салмақта Инал Тасоев (Ресей), Тимур Рахимов (Тәжікстан), Ким Минджон (Оңтүстік Корея), Гурам Тушишвили (Грузия), Хьега Ота (Жапония) бар. Жалпы ерлер арасындағы бәсеке өте жоғары деңгейде өтпек.

Әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Ширин Букли (Франция), Вакана Кога (Жапония) бар. Алайда Әбибә Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева да осал емес. Отандастарымыз да фавориттердің қатарында.

Ал, Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстанның толық құрамы төмендегідей:

Ерлер:

— 60 келі: Мағжан Шамшадин, Шерзoд Давлатов

— 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев

— 73 келі: Есет Қуанов

— 81 келі: Абылайхан Жұбаназар

— 90 келі: Мейірлан Максим

— 100 келі: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

— 100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

— 48 келі: Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева

— 63 келі: Эсмигүл Куюлова

Жекелей сайыстар 13 маусымда басталып, 19 маусымға дейін жалғасады. Ал командалық сайыс 20 маусымда өтеді.

Әлемнің үздіктері жиналғанына қарамастан, қазақстандық спортышлардың медаль жеңіп алуына толықтай мүмкіндігі бар.

Бөлісу

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 2026 жылғы 29 қарашада өтетін сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда

Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындады

Бүгін, 18:37
Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Балық шаруашылығын дамыту бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін, 18:30
Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Кохлеарлық импланты бар балаларды оңалту жүйесі жаңа форматпен толықтырылды

Бүгін, 17:33
«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

«Рухы биік, намысы зор»: Тоқаев Азия рекордын жаңартқан «Әділет» депутатының қайсарлығын атап өтті

Бүгін, 17:08
«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

«Әділет» партиясы өңір әлеуетін көтеруді көздейді

Бүгін, 16:50

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.