Талдықорған: +21°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АЛТЫН ТҰҒЫР

Жетпісінде желдей ескен желаяқ

24 маусым 2025
АЛТЫН ТҰҒЫР
Жетпісінде желдей  ескен желаяқ
WhatsAppTelegramFacebook

Күнделікті ары-бері өткенде үйінің маңайына қылау түсірмейтін, екі көшені төте жалғайтын жалғызаяқ жолды қысы-жазы таза ұстап, елдің алғаусыз алғысына бөленген көрші атаның жүгіргенде алдына жан салмайтын өнері барлығын жақында біліп таңғалдым әрі тамсандым. Таңғалғаным жетпіске келсе де жүгіруде анау-мынау жастарыңа шаң қаптыратын желаяқтығы. Тамсанғаным – «болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтпақшы, Ғалым атамыздан үйренер, үлгі алар өнеге көп екен.

Ғалым Шерубаев атамыз 1955 жылы 8 маусымда Қытайдың Шәуешек қаласында дүниеге келген. 1962 жылы атамекенге көшіп келгеннен осы күнге дейін Алла берген қуаттың арқасында саялы өңірдің ауасын жұтып, суын ішіп келеді. Талдықорған индустриалды-педагогикалық техникумын (қазіргі политехникалық колледж) техник-механик мамандығы бойынша бітіргенімен өмір бойы қолайына жаққан құрылыспен айналысты.

– Жүгіруді серік еткеніме 15 жылдай болды. Әлі есімде, алғаш рет өңірімізге белгілі тұлға Сәдуақас Қожасбаевты еске алу турниріне қатысып, бағым мен бабымды байқадым. 50 жастан жоғарылар 10 шақырымға жүгірдік. 30 адамның ішінде 12-ші болып келдім. Табандылығыма риза болған кәсіпкер Ерлан Қожасбаевтың арнайы жүлдесіне ие болуым осынау іске деген құлшынысымды арттырып, жігерімді жаныды – дейді желаяқ атамыз.

Содан бері желдей ескен Ғалым атамыз біраз жарыстарға қатысып, замандастарының арасында оза шауып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Ақсақалдың қабілет-қарымын байқаған аталмыш сала мамандары да түрлі деңгейдегі бәсекелерге апарып жүр.

Былтыр Республика күніне арналған 60 жастан жоғары ерлер арасындағы аудандық марафонда ІІ орынға ие болса, Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған 10 шақырымдық LEPSI RUN спорттық жарысына қатысып, жоғарыда аталған санат бойынша І орын иегері атанып, арнайы сертификат – Жасылкөлге сапарды олжалады. Сондай-ақ әлемге әйгілі Алматы марафонында 10 шақырымға жүгіруде 60-70 жас аралығындағы 20 үміткердің ішінде мәре сызығын 4-інші болып кесіп, талайларды таңғалдырды.

Күнделікті таң намазын мешітке барып өтеген соң Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің ауқымды стадионын екі рет айнала немесе қара жолды жағалап 10 шақырымға дейін жүгіру Ғалым атамыздың күнделікті әдетіне айналған. Дене шынықтыратын жаттығуды да тұрақты жасайды. Одан кейін бау-бақшаны күтіп баптау, қолдағы бар малдың жай-күйін жасаудан қолы босамайды. Сонымен қатар бие байлап, саумал саууды әдетіне айналдырған.

Құдай қосқан қосағы Мәрия Бейсембайқызы екеуі мәпелеп өсірген 2 ұл, 1 қыздан қазіргі таңда 12 немере сүйіп отыр. Ұлдың үлкені Ерболат Сарқан политехникалық колледжінде студенттерге білім берсе, қызы Жанар Талдықорған қаласында ұстаздық етеді. Ал шаңырақ иесі Жанболат өз несібесін сауда-саттықта тауып жүр.
Осы жылдың 8 маусымында 70 жасқа толатын желаяқ атамызға Жаратқан иеміз ұзақ ғұмыр берсін, балаларының, немерелерінің қызығын қызықтап, мағыналы ғұмыр кеше берсін деген ақ тілегімізді білдіреміз.

Партия ЖЕҢІСХАН
Сарқан ауданы

Қатысты жаңалықтар

Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Шенген визасын алу жеңілдей ме? СІМ келіссөздердің барысын айтты

Бүгін, 14:58
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Бүгін, 14:35
Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Текеліде интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілді

Бүгін, 12:00
Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Шөп жинау кезіндегі өрт қауіпсіздігі

Бүгін, 11:30
Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Жайпақ вокзалы толығымен жаңартылды

Бүгін, 11:03

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.