Талдықорған: 0°C
$ 451.05
€ 504.95
₽ 5.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ауылдарға интернет жеткізуге 84 млрд теңге бөлінеді – Мәдиев

25 маусым 2025
КҮНДЕРЕК
Ауылдарға интернет жеткізуге 84 млрд теңге бөлінеді – Мәдиев

primeminister.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда ауылдық жерлерді сапалы интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жоба іске қосылады. Бұл туралы Мәжілісте өткен отырыста Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. 

Министрдің айтуынша, бастама Халықаралық қайта құру және даму банкімен (Дүниежүзілік банк) жасалған келісімді ратификациялау арқылы жүзеге асады.

– Біздің мақсат қарапайым, бірақ талабы зор: интернет әр ауылда, әр үйде болуы керек. Бұл тек магистральді желі тарту емес, нақты тұтынушыға дейін интернет жеткізу мәселесі, – деді Жаслан Мәдиев.

Жобаның негізгі параметрлері:

  • Жалпы бюджеті – 84 млрд теңге;
  • Қаржыландырудың 50%-ы – нарық есебінен, 50%-ы – жеңілдетілген сыртқы несие (Дүниежүзілік банк);
  • Байланыс операторларына субсидия көлемі – 250 млн теңгеге дейін;
  • Жобаға 350-ден астам абоненті бар және тұрақты көрсеткішке ие операторлар ғана қатыса алады.

2027 жылға дейінгі жоспар:

  • 1 123 ауылға кең жолақты интернет жеткізіледі;
  • 2,3 млн-нан астам тұрғын цифрлық қызметпен қамтылады;
  • 1 000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады;
  • Шағын және орта бизнеске серпін беріледі;
  • 2 млрд теңгеден астам салық түсімі болады деп күтілуде.

Ауылдардағы қазіргі жағдай:

Қазақстанда 6 256 ауыл бар. Олардың:

  • 2 606-сы оптикалық интернетпен толық қамтылған;
  • 3 039 ауылда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы интернет тартылып жатыр;
  • Ал 1 900-ге жуық ауылда оптика тек шет аймақтарға дейін жеткен.

Жаңа бастама дәл осы жеткізілмеген ауылдарға бағытталмақ.

Шалғай ауылдарға – спутниктік шешім

Оптикалық инфрақұрылым тарту мүмкін емес өңірлер үшін баламалы технологиялар қолдану көзделген. Бұл әсіресе мектептерге, пойыздарға және шағын елдімекендерге арналған. Мұндай жағдайда спутниктік байланыс орнатылады.

Айта кетейік, бұл жоба ауыл тұрғындарының цифрлық мүмкіндіктерге қол жеткізуін арттырып, елді мекендердің экономикалық дамуына да оң ықпал етеді.

Қатысты жаңалықтар

Елдіктің жаңа кезеңі

Елдіктің жаңа кезеңі

Бүгін, 17:30
Аманатқа адалдық

Аманатқа адалдық

Бүгін, 15:30
Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Жетісуда 43 ту тұғырында Мемлекеттік Ту көтерілді

Бүгін, 14:26
Тамыры терең Тәуелсіздік

Тамыры терең Тәуелсіздік

Бүгін, 13:30
Табысқа толы 9 ай

Табысқа толы 9 ай

Бүгін, 11:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайттың редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.