Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

Егін – елдің ырзығы

3 шілде 2025
ЭКОНОМИКА
Егін – елдің ырзығы
WhatsAppTelegramFacebook

Жазбен бірге Жер – Ананың да тынысы ашылды. Шаруа баққан елдің маңдайынан тер, қолынан қайрат кетпейтін нағыз бір шақ – егіс науқаны. Бұл жолы да Көксу жұрты жерді иітіп, дәнді сеуіп, тіршіліктің тамырына қан жүгіртті.

Биылғы жылдың көктемінде аудандағы 31 382 гектарға жуық жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілген. Қай-қайсысы да елдің азығы, жұрттың нәсібі. Ең көп орын алған дәнді дақылдар. Бидайы – білекке серік, арпасы – малдың қорегі, жүгерісі – жаңа заманның сұранысы. Барлығы 10 500 гектар жерге жайғасыпты. Бұған қоса, майлы дақылдар 11 478 гектарға егілген. Майбұршағы мен күнбағыстың да жайқалып тұрғаны еңбек пен уақыттың босқа кетпегенінен хабар береді. Ал 1 822 гектар алқапқа егілген қант қызылшасы – Көксу даласының тәтті үмітіндей.

Аудан әкімі Дәулет Халелов бастаған бір топ сала мамандары алқаптарды аралап, егіннің шығымымен танысты. Мұндай сапар жердің үнін тыңдау, диқанның мұңын ұғу, өнімнің өресін болжау.

Сапар барысында Мұқырының қоңыр топырағында тамыр жайған қызылша мен құнарлы топырақта жайқалған майбұршақ, Балпық бидің теріскейінде жайқалған бидай және Лабасыдағы көсілген жүгері алқаптары жіті назарға алынды.

Әр алқап өзіне тән тыныс, әр шаруа өзіне тән тәсіл. Бірақ бәрін біріктіретін бір-ақ ұғым – еңбек. Шыны керек, бүгінде аграрлық сала ескіше қара кетпенмен емес, тың тәсіл, жаңа үлгімен жүзеге асырылатын күрделі жүйе. Сондықтан аудан басшысы диқандарға суғару, тыңайтқыш беру, зиянкеске қарсы шаралар сынды агротехникалық талаптарды қатаң сақтау керектігін қадап айтты. Бұл берекелі өнімнің алғышарты екенін ұмытпаған жөн.

Көксу ауданы жер жомарттығы мен ел еңбекқорлығын бір арнаға тоғыстырған мекен. Бұл өлкеде бір түйір дән де ескерусіз қалмайды, себілген әрбір тұқым ертеңгі ырыстың бастауы. Ауылшаруашылығы мұндағы экономиканың алтын өзегі, елдің еңсесін тіктейтін іргелі тірек. Сондықтан да топыраққа түскен тер халыққа айналар нәсіп екенін ескерген жөн.

Аружан ЖАҚЫП,
Көксу ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Бүгін, 16:56
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Бүгін, 14:47
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Бүгін, 13:49
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.