Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР АНАЛИТИКА

Гендерлік теңдік және еңбек нарығындағы әділдік

Қазақстанда соңғы онжылдықда гендерлік теңдік мәселесі мемлекет деңгейінде көтеріліп, әйелдердің әлеуметтік, экономикалық, саяси және кәсіби салалардағы мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған бірқатар шара қабылданды. Дегенмен, бұл бағытта белгілі бір нәтиже болғанымен, әйелдердің мансап жолында кездесетін кедергілер мен жүйелі теңсіздік мәселелері әлі де бар.

20.07.2025
АНАЛИТИКА, КҮНДЕРЕК
Гендерлік теңдік және еңбек нарығындағы әділдік

forbes

WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі мен БҰҰ әйелдер ұйымының (UN Women) деректері бойынша, елдегі жұмысқа қабілетті әйелдердің үлесі шамамен 48–49% құрайды. Әйелдер білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметтер, әкімшілік және сауда салаларында белсенді жұмыс атқарып келеді. Бұл салаларда әйелдердің саны ерлерге қарағанда басым, бірақ бұл мамандықтардың жалақысы төмен, ал жоғары лауазымды қызметтерге әйелдердің жетуі қиынға соғады. Әйелдердің басқарушы қызметтердегі үлесі жылдан жылға артып келе жатқанымен, бұл көрсеткіш әлі де төмен. Мәселен, орта және жоғары буын басшылардың арасында әйелдердің үлесі 30% шамасында. Парламентте де әйелдер саны соңғы реформалар нәтижесінде көбейгенімен, олардың ықпалы мен шешім қабылдаудағы рөлі шектеулі күйінде қалып отыр.

Қазақстан қоғамында әлі күнге дейін патриархалдық көзқарастар мен дәстүрлі гендерлік рөлдер үстем. Әйелге көбіне «отбасының ұйытқысы», «ана», «жұбай» рөлі жүктеледі, ал мансапқа ұмтылуы – жиі түсінбеушілікке, тіпті қысымға тап болады. Жоғары лауазымға үміткер әйелге сенім арту, оны көшбасшы ретінде қабылдау деңгейі ер адаммен салыстырғанда төмен. Мұндай стереотиптер жұмысқа қабылдау мен қызметтік өсуде де байқалады. Мысалы, кейбір жұмыс берушілер әйелдердің декреттік демалысқа шығу мүмкіндігін ескере отырып, оларды маңызды жобаларға тартпауға тырысады. Бұл – тікелей кемсітушілік. Елімізде жынысқа байланысты жалақы айырмашылығы бар. Әйелдер ерлермен салыстырғанда, бірдей қызметте 20-30% төмен жалақы алуы мүмкін. Бұл жағдай тек жекеменшік салада ғана емес, мемлекеттік мекемелерде де кездеседі. Жалақыдағы бұл алшақтық әйелдердің экономикалық тәуелсіздігіне кері әсер етеді және кедейлік деңгейін арттыруы мүмкін.

Соңғы жылдары әйелдердің саясатқа араласуы артып келеді. 2023 жылғы парламенттік сайлау нәтижесінде мәжілісте әйел депутаттардың саны 27%-ға жетті. Сонымен қатар, әйелдер жергілікті басқару органдарында, үкіметтік емес ұйымдарда және қоғамдық бастамаларда белсенділік танытып жүр. Мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып жатқан «2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» әйелдердің барлық салада тең құқыққа ие болуын көздейді. Бірақ, бұл құжаттарды іске асыруда жүйелі, нақты механизмдердің жетіспеушілігі байқалады. Әйелдердің саясатқа араласуы көбіне формалды сипат алып, нақты ықпал ету тетіктері жеткіліксіз.

Кәсіпкерлік салада да қазақстандық әйелдердің белсенділігі артып келеді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметтері бойынша, шағын және орта бизнес субъектілерінің шамамен 40%-ын әйелдер басқарады. Олар қызмет көрсету, білім беру, қоғамдық тамақтану, жеңіл өнеркәсіп салаларында көбірек шоғырланған. Алайда әйел кәсіпкерлердің банк несиелеріне қол жеткізуі, инвестиция тартуы ерлермен салыстырғанда қиын. Қаржылық сауаттылық пен ресурстарға тең қол жеткізу мәселесі әлі шешімін таппаған.

Қазақстанда жоғары білім алатын әйелдер саны ерлерден көп. Бұл олардың кәсіби әлеуетін арттырып, еңбек нарығына сапалы кадр ретінде қосылуына мүмкіндік береді. Бірақ жоғары білім автоматты түрде мансаптық өсуге кепіл емес. Әйелдердің мансап жолында алға жылжуында отбасылық жағдай, балалы болу, күтім міндеттері, қоғамның күтілімдері сияқты факторлар көп кедергі келтіреді. Осыған байланысты, қазіргі таңда елімізде әйелдерге арналған түрлі грант, курс, mentorship бағдарлама ұйымдастырылуда. Бұл бастамалар оң қадам, алайда олардың ауыл әйелдері мен әлеуметтік аз қамтылған топтар үшін қолжетімділігі маңызды мәселе болып отыр.

Мансаптағы әйелдердің біраз бөлігі жұмыс орнында жыныстық және моральдық қысымға тап болатыны құпия емес. Бұл құбылыс әлі де жеткілікті зерттелмеген және көп жағдайда ашық айтылмайды. Әйелдердің кәсіби дамуына әсер ететін бұл фактор еліміздегі гендерлік теңдіктің шынайы ахуалын көрсететін маңызды көрсеткіштің бірі. Жұмыс орнында қауіпсіз, құрметке негізделген орта қалыптастыру әйелдердің өз қабілетін толық көрсетуіне мүмкіндік береді. Бұл ретте гендерлік мәдениетті қалыптастыру, этикалық кодексті сақтау және заңнамалық тетікті күшейту маңызды екенін ескерген жөн.

Сонымен қатар, гендерлік теңдік мәселесін қарастырғанда, ауылдық жерлердегі әйелдердің жағдайына жеке тоқталған жөн деп ойлаймын. Ауыл әйелдері көбіне үй шаруашысымен, бала тәрбиесімен айналысады, ал мансаптық өсу мүмкіндігі шектеулі десе де болады. Жақын маңдағы білім беру мекемесі мен жұмыс орындарының аздығы, интернет пен көліктің қолжетімсіздігі бұл әйелдердің кәсіби дамуына кедергі келтіретін нақты фактор. Оған қоса, ауылдарда патриархалдық көзқарас басым болғандықтан, әйел адамның жұмыс істеуі, әсіресе қоғамдық салада белсенді болуы көбіне тосын әрекет ретінде қабылданады.

Мемлекеттік және қоғамдық ұйым тарапынан ауыл әйелдеріне бағытталған бағдарлама қолға алынғанымен толық іске асырылып жатқан жоқ.  Бұл мәселеде нақты сұранысты ескеріп, жергілікті менталитет пен ерекшеліктерді түсіне отырып, нақты іс-әрекет қажет. Әйтпесе, «формалды қолдау» нақты өмірде нақты нәтижеге жеткізбейді. Қоғамда әйел адам үшін басты рөл ана болу, отбасына қамқорлық көрсету деген түсінік әлі де басым. Мұндай әлеуметтік қысым әйелді таңдау жасауға мәжбүрлейді: не мансап, не отбасы. Бұл әділетсіз дилемма. Себебі ер адамға мұндай талап қойылмайды. Әйелдің жұмыс уақыты, қызметтегі белсенділігі бәрі оның отбасылық мәртебесімен, «жақсы ана», «жақсы келін» деген ұғыммен қатар бағаланады. Мұндай жағдайда кәсіби өсу үшін әйелге екі есе күш салуға тура келеді. Олар көбіне эмоционалды күйзеліс пен қоғамның бағалауына тәуелді болу секілді психологиялық қиындыққа тап болады. Бұл гендерлік теңдікке кедергі келтіретін көлеңкелі, бірақ аса маңызды факторлардың бірі.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі әйелдің қоғамдағы бейнесін қалыптастыратын қуатты құрал. Өкінішке қарай, кейбір медиаконтенттер әйелді тек сыртқы келбетімен бағалайтын, сұлулық пен нәзіктікті ғана дәріптейтін обьект ретінде қабылдайды. Мұндай біржақты бейнелер мансапқа ұмтылатын, кәсіби білікті әйелдер туралы көп айтылмауына алып келеді. Алайда соңғы жылдары медиадағы өзгерістер байқалып келеді: табысты әйелдер туралы деректі фильмдер, подкасттар, мотивациялық контенттер көбейіп жатыр. Бұл қыз балалар мен жас әйелдерге үлгі боларлық жақсы үрдіс. Қоғамда әйелдің мүмкіндігі шексіз екенін көрсету, оны тек әдемілікпен емес, білімімен де бағалау қажет. Әйелдің мансаптық дамуы тек жеке жетістік емес, сонымен қатар ел экономикасының дамуына да әсер етеді. Дүниежүзілік банктің зерттеулеріне сәйкес, әйелдердің еңбек нарығына белсенді қатысуы ЖІӨ-нің айтарлықтай өсуіне ықпал етеді. Қазақстан жағдайында да бұл қағида өзекті. Әйелдердің әлеуетін толық пайдалану арқылы жаңа кәсіпорындар ашылып, инновациялар көбейіп, әлеуметтік жауапкершілік артады.

– Гендерлік теңдіктің жалпы ахуалы аралас нәтижелер көрсетіп отыр. Қазақстан 2024 жылғы БҰҰ-ның Гендерлік даму индексінде 66-орынға тұрақтады, бұл  орташа деңгей. Әйелдер мен ерлер арасындағы сауаттылық пен орта білім алу мүмкіндігі тең болғанымен, еңбекке қатысу мен табыс мөлшерінде айқын айырмашылық сақталуда. UNDP мен UN Women жүргізген зерттеулерге сәйкес, әйелдер ерлерге қарағанда орта есеппен 28–48%-ға аз жалақы алады. Бұл айырмашылық көбінесе еңбек нарығындағы жыныстық сегрегациямен байланысты: әйелдер төмен жалақы төленетін білім беру, денсаулық сақтау, әкімшілік, әлеуметтік қызмет салаларында шоғырланған. Сонымен қатар, ауыл әйелдері, мүгедектігі бар және этникалық азшылық топтардағы әйелдер жүйелі кемсітушілікке жиі ұшырайды.Гендерлік теңдіктің жалпы ахуалы аралас нәтижелер көрсетіп отыр. Қазақстан 2024 жылғы БҰҰ-ның Гендерлік даму индексінде 66-орынға тұрақтады, бұл  орташа деңгей. Әйелдер мен ерлер арасындағы сауаттылық пен орта білім алу мүмкіндігі тең болғанымен, еңбекке қатысу мен табыс мөлшерінде айқын айырмашылық сақталуда. UNDP мен UN Women жүргізген зерттеулерге сәйкес, әйелдер ерлерге қарағанда орта есеппен 28–48%-ға аз жалақы алады. Бұл айырмашылық көбінесе еңбек нарығындағы жыныстық сегрегациямен байланысты: әйелдер төмен жалақы төленетін білім беру, денсаулық сақтау, әкімшілік, әлеуметтік қызмет салаларында шоғырланған. Сонымен қатар, ауыл әйелдері, мүгедектігі бар және этникалық азшылық топтардағы әйелдер жүйелі кемсітушілікке жиі ұшырайды, – деп пікір білдірді фембике, зерттеуші Айгерім Құсайынқызы.

Осы себепті гендерлік теңдік мәселесі тек әлеуметтік әділеттілік аясында ғана емес, стратегиялық даму тұрғысынан да қарастырылуы тиіс. Әйелдерді кәсіби дамыту бұл экономиканы әртараптандырудың, адами капиталды күшейтудің және тұрақты даму мақсаттарына жетудің бірден-бір жолы. Интернет пен цифрлық технологиялар әйелдерге жаңа мүмкіндік ұсынатын алаң. Қашықтан жұмыс істеу, онлайн білім алу, цифрлық кәсіпкерлік  бұлардың барлығы бала тәрбиесімен қатар мансапты қатар алып жүруге мүмкіндік береді. Қазақстанда цифрлық салада табысқа жетіп жүрген әйелдердің саны артып келеді. Олар IT, графикалық дизайн, онлайн білім беру, маркетинг сияқты салаларда өздерін еркін сезініп, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті бола бастады. Бұл дәстүрлі құрылымдарда өз орнын таба алмаған әйелдер үшін балама жол. Цифрлық сауаттылықты арттыру әсіресе жас қыздар мен ауыл әйелдері үшін келешекте олардың әлеуетін ашуға үлкен үлес қосады. Бұл ретте мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың арнайы гранттары, оқыту бағдарламалары өте қажет.

Қазақстандағы әйелдердің мансаптағы орны

  1. Әйелдердің саясаттағы ілгерілеуі:

2023 жылғы ҚР Парламент Мәжілісіне сайлау нәтижесінде 98 депутаттың 27-сі – әйел. Бұл көрсеткіш 2016 жылғы 22%-бен салыстырғанда біршама өскенімен, БҰҰ ұсынған 30% «критикалық массаға» толық жете қоймады.

Алайда, әйелдердің мәслихаттардағы үлесі айтарлықтай өскен:

Ауылдық деңгейдегі мәслихаттарда әйелдердің үлесі – 25%

Облыстық деңгейде – шамамен 20-22%

Бұл гендерлік баланстың біртіндеп орнай бастағанын көрсетеді, дегенмен шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің салмағы әлі де шектеулі.

  1. Көшбасшы әйелдердің мысалы:

– Динара Құлыбаева — ірі қайырымдылық жобалар мен білім беру бастамаларын басқарып жүрген қоғам қайраткері. Оның басқаруындағы «Білім орда» мекемелері мыңдаған оқушының сапалы білім алуына жол ашты.

– Аида Балаева — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі ретінде әйелдердің қоғамдық өмірге қатысуын арттыру, волонтерлік қозғалыстарды дамыту бойынша маңызды бастамаларды іске асырды.

– Зере Есімжанова — ауыл әйелдерінің кәсіпкерлікке араласуын қолдауға бағытталған бірнеше бағдарлама негізін қалаған тәуелсіз тренер, оның «Rural Women Academy» жобасы – ондаған әйелге кәсіп бастауға көмектескен нақты бастама.

  1. Жалақы теңсіздігі:

2022 жылғы ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, әйелдер мен ерлер арасындағы орташа жалақы айырмашылығы 28%-ды құраған.

Мысалы: Ерлердің орташа жалақысы – 320 000 тг

Әйелдердің орташа жалақысы – 230 000 тг

Бұл айырмашылық әсіресе техника, құрылыс, IT, логистика, тау-кен өндірісі секілді ерлер басым салаларда айқын көрінеді. Ал әйелдер басым салалар — білім, медицина, әлеуметтік қызметтер — төмен ақы төленетін салалар қатарына жатады.

  1. Әйел кәсіпкерлер саны артып келеді:

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының деректеріне сәйкес:

Қазақстандағы шағын және орта бизнестің 40%-дан астамын әйелдер басқарады.

Бұл салада әйелдер көбіне қоғамдық тамақтану, сұлулық индустриясы, білім беру мен тігін цехтары бағытында белсенді.

2021 жылдан бастап жұмыс істей бастаған «Іскер әйелдер кеңесі» өңірлік филиалдары арқылы әйелдерге арналған 50-ден астам тегін оқыту бағдарламалары іске қосылған. Алайда қаржы қолжетімділігі, нарыққа шығу жолдары мен бәсекелестікке бейімделу мәселелері шешімін таппаған.

  1. Цифрлық кеңістіктегі әйелдер:

Пандемиядан кейін онлайн жұмыс форматына көшу әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Әсіресе жас аналар үшін бұл – бала тәрбиесімен қатар кәсіби дамуға жол ашқан қадам болды.

– TikTok, Instagram, YouTube платформаларында сәтті блогерлік жасап жүрген әйелдердің саны күрт артты.

– Қыз-келіншектер маркетинг, SMM, онлайн оқыту, психология, фриланс дизайн, кодинг сияқты бағыттарда табыс тауып, өз кәсібін жүргізіп отыр.

Мысалы, Алматы қаласының тұрғыны, екі баланың анасы – Гүлнұр Н. 2020 жылы декреттік демалыста отырғанда, онлайн маникюр курсын оқып, үйде шағын студия ашты. Қазір Instagram арқылы клиент жинап, табыс көзіне айналдырған. Оның айтуынша: «Бұрын жұмысқа оралу туралы ойланып жүргенде, қазір өзім жұмыс орнын аштым. Ең бастысы – тәуелсіздік пен өз уақытымды өзім басқару мүмкіндігі».

– Соңғы онжылдықта Қазақстандағы әйелдердің еңбек нарығындағы белсенділігі сандық жағынан біршама артқанымен, бұл өсім сапалық тұрғыдан шектеулі күйінде қалып отыр. ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2013 жылы жұмыс істейтін әйелдердің үлесі 49,2% болса, 2023 жылы бұл көрсеткіш 48,7%-ға дейін төмендеген. Алайда бұл көрсеткіштің төмендеуі әйелдердің еңбек нарығынан ығыстырылғанын білдірмейді керісінше, олар кәсіби салаларға, әсіресе жоғары білім мен біліктілік талап ететін секторларға көбірек ене бастаған. Мәселен, STEM (ғылым, техника, инженерия және математика) салаларында әйелдердің үлесі 2020 жылы 30%-дан асқан. Мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі де артып келеді: 2023 жылғы дерек бойынша, мемлекеттік қызметшілердің 55,4%-ы әйелдер, алайда шешім қабылдайтын жоғары лауазымдарда олардың үлесі әлі де 25%-дан аспайды. Парламенттегі әйелдердің үлесі небәрі 19,4%, ал әкімдік пен министрлік деңгейіндегі саяси шешімдерде әйелдердің қатысуы шектеулі күйде қалуда, – дейді фембике, зерттеуші Айгерім Құсайынқызы.

Көп жағдайда әйелдердің мансап жолында кедергіге айналатын фактор сыртқы емес, ішкі сенімсіздік. Қоғамда қалыптасқан «әйелге тым көп армандауға болмайды» деген көзқарас жас қыздардың өз әлеуетіне сенімін азайтады. «Шамам келе ме?», «Бала мен мансапты қатар алып жүре алам ба?», «Мені басшы ретінде қабылдай ма?» деген ішкі сұрақтар олардың өзін-өзі шектеуіне алып келеді. Батыс елдеріндегі тәжірибелерде көрсетілгендей, әйелдердің көшбасшылық қасиеттерін дамытатын арнайы коучинг, психологиялық қолдау, менторлық бағдарламалар үлкен әсер береді. Қазақстанда мұндай бастамалар әлі кең таралмаған, тек жекелеген ұйымдар мен қоғамдық қорлар деңгейінде ғана жүзеге асуда. Бұл — мемлекеттік деңгейде жүйелі түрде қолға алынуы тиіс маңызды бағыт.

– Гендерлік теңсіздіктің терең бір қыры жалақы төленбейтін еңбек пен күтім жүктемесінің әділетсіз бөлінуі. UN Women талдауына сәйкес, Қазақстанда әйелдер күн сайын орта есеппен 246 минутын үй шаруасына жұмсайды, ал ерлер 110 минут қана. Демек, әйелдер өз уақыттарының 70%-дан астамын ақы төленбейтін еңбекке арнауға мәжбүр. Бұл олардың еңбек нарығына толыққанды араласуына, мансап құруына және өзін-өзі дамытуына үлкен тосқауыл. SDG индикаторлары бойынша, әйелдер уақыттарының 19,9%-ын үй жұмысына арнайды, ал ерлер небәрі 6,3%. Бұл теңсіздіктерге қоса, әйелдердің мансаптық өсу жолында бірнеше нақты тосқауыл бар. Біріншіден, жұмысқа қабылдау кезінде немесе лауазымға көтерілу кезінде әйелдің ана болу мүмкіндігі ескеріліп, “Балаңыз бар ма? Тағы туасыз ба?”деген сұрақтар ашық немесе астарлы түрде қойылады. Бұл атаулы емес кемсітушілік. Екіншіден, икемді жұмыс кестесінің жетіспеуі, бала күтімі қызметтерінің сапасыздығы мен қымбаттығы құрылымдық тосқауылдар туғызады. Үшіншіден, гендерлік стереотиптер “әйел басшы жұмсақ”, “эмоцияға берілгіш”, “отбасын бірінші орынға қоюы тиіс” деген ұғымдар әйелдердің кәсіби беделіне көлеңке түсіріп, олардың басқарушы лауазымға ұсынылу мүмкіндігін шектейді. UNDP және UN Women зерттеулеріне сәйкес, Қазақстандағы ер адамдардың 52%-ы “әйел ел басқара алмайды”деп есептейді, ал 54%-ы STEM пәндері қыздарға сай емес деген пікірде, – дейді Айгерім Құсайынқызы.

Гендерлік теңдік тек ер мен әйелдің сандық қатынасымен өлшенбеуі керек. Ол сапалы, инклюзивті саясатпен ұштасуы қажет. Яғни, әйелдердің әртүрлі топтарының мүгедектігі бар әйелдердің, көпбалалы аналардың, этникалық азшылық өкілдерінің, жалғызбасты аналардың және зейнет жасындағы әйелдердің де кәсіби мүмкіндіктері мен құқықтары ескерілуі керек. Қазіргі таңда мұндай инклюзивтілік деңгейі төмен. Жеке сектор да, мемлекеттік құрылымдар да мұндай топтарға бейімделген жұмыс орындарын, икемді жұмыс режимін, әлеуметтік қолдау тетіктерін жүйелі ұсынбайды. Бұл өз кезегінде әйелдердің қоғамдағы тең дәрежеде қатысуын шектейді. Гендерлік теңдік заңмен бекітілгенімен, ол қоғамның сана-сезімінде бекімейінше, шынайы өзгеріс орын алмайды. Қоғамдағы «әйелдің орны  ас үйде» деген ескірген түсінік әлі де кей ортада өмір сүріп келеді. Бұл пікірді өзгерту үшін мектеп қабырғасынан бастап гендерлік тәрбие, бірдей мүмкіндіктерге құрметпен қарау, ер мен әйелдің серіктес ретіндегі тең қатынасы туралы ұғымдарды қалыптастыру қажет. Сонымен қатар, ер адамдардың да гендерлік теңдікке қатысы бар екенін ұмытпаған жөн. Олар әйелдің табысты мансап иесі болуына қолдау білдіріп, тең серіктес ретінде қабылдауы тиіс. Бұл отбасындағы жауапкершілікті бөлісу мен кәсіби мүмкіндікті қатар дамыту үшін маңызды фактор.

Қазақстандағы әйелдердің мансаптағы рөлі қоғамның дамуын, демократия мен әділеттілік деңгейін анықтайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Соңғы жылдары бұл бағытта бірқатар алға жылжушылықтар бар: әйелдердің саяси белсенділігі артты, кәсіпкерлік саласында жаңа көшбасшылар пайда болды, цифрлық кеңістік арқылы жаңа мүмкіндіктер ашылды. Дегенмен, жалақы теңсіздігі, кәсіби өсуге кедергі болатын стереотиптер, ауыл мен қала арасындағы мүмкіндіктер теңсіздігі, аналық рөлдің әділетсіз салмақ ретінде қарастырылуы шешілмеген өзекті мәселелер ретінде өзекті.

– Гендерлік сарапшы ретінде өз тәжірибемде еңбек қатынастарындағы нақты теңсіздіктердің бірнеше түріне куә болдым. Мәселен, бірдей лауазым мен міндеттерді атқаратын ер мен әйелдің жалақысы арасында 20–40%-ға дейін айырмашылықтар болғанын нақты кездестірдім. Бұл көбінесе еңбек келісімшарттарының жабықтығы және ішкі HR саясатының мөлдір еместігімен түсіндіріледі. Сондай-ақ, кейбір әйел қызметкерлер декреттік демалысқа шыққаннан кейін, “штат қысқартуға байланысты”деген сылтаумен жұмыстан босатылған жағдайлар кездесті. Бұл еңбек құқығы мен гендерлік теңдіктің өрескел бұзылуы. Басқа бір мысалда, әйел қызметкерлердің басқарушы лауазымға ұсынылу мүмкіндігі формалды түрде қарастырылғанымен, іс жүзінде “үнсіз шектеу”бар олардың орнына ер азаматтар таңдалады, ал әйелдердің бастамасы жеткіліксіз деп бағаланады. Мұндай тәжірибелер “шыны төбенің” нақты және жүйелі көрінісі. UNDP Қазақстанның 2022–2025 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясы аясында әйелдердің экономикалық және саяси әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар жобалар іске асырылуда. Олардың қатарында  мемлекеттік және жеке сектор мекемелерінде гендерлік трансформация жүргізу, гендерлік теңдік сертификаттауы (gender seal) және әйелдердің шешім қабылдау процесіне қатысуын арттыру. Сонымен қатар, 2024 жылы жарияланған “Gender Inequalities in Labor Markets in Central Asia” атты аймақтық талдауда еңбек нарығындағы теңсіздік себептері мен ұсыныстары нақтыланған. Бұл зерттеулер Қазақстанның гендерлік күн тәртібін жүйелі түрде қайта қарауға және институционалдық өзгерістерге бағыт беріп отыр. Қазақстандағы гендерлік теңдік формалды көрсеткіштер бойынша белгілі бір ілгерілеуді көрсеткенімен, еңбек нарығындағы құрылымдық тосқауылдар, күтім жүктемесінің тең бөлінбеуі, қоғамдық стереотиптер мен саяси шешім қабылдау деңгейіндегі теңсіздік әйелдердің толыққанды мансап құруына кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселені шешу үшін заңнамалық реформалармен қатар, жұмыс берушілердің ішкі саясатын өзгерту, күтім қызметтерін дамыту, қоғамдық санада әйелдердің кәсіби әлеуетін мойындауға бағытталған мәдени трансформация қажет. Әйелдердің мансап жолын ашу бұл тек әлеуметтік әділеттілік емес, сонымен бірге елдің экономикалық өсуінің, инновациялық әлеуетінің және инклюзивті даму стратегиясының негізгі факторы, – дейді Айгерім Құсайынқызы.

Гендерлік теңдік – бұл әйелдердің ғана емес, бүкіл қоғамның дамуына әсер ететін құрылым. Әйелдің толыққанды кәсіби әлеуетін іске асыруы экономикалық өсудің, әлеуметтік тұрақтылықтың, мәдени дамудың негізі. Бұл жолда мемлекет, жұмыс берушілер, БАҚ, отбасы және әрбір азамат өз рөлін түсінуі тиіс.

Мақпал Әділханқызы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.