Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 5 тамыз күнгі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 537,53 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 3,98 теңгеге төмен көрсеткіш, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Ұлттық банктің 5 тамызға бекіткен ресми бағамы — 541,82 теңге.
kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта:
-
Алматыдағы айырбастау пункттерінде:
– долларды сатып алу – 537,43 теңге,
– сату – 539,64 теңге. -
Астанадағы айырбастау пункттерінде:
– сатып алу – 534,72 теңге,
– сату – 541,54 теңге.
Еске сала кетейік, 30 шілде күні елдегі айырбастау пунктерінде доллар бағамы 550 теңгеден асып кеткен еді. Осы жағдайдан кейін Ұлттық банк валюта нарығына араласатынын, яғни интервенциялар жүргізетінін хабарлады.
Нәтижесінде 1 тамызда қаржы реттеушісі теңге бағамын қолдау мақсатында 125,6 миллион АҚШ долларын сатқанын мәлімдеді.





