Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Министр грантсыз қалған түлектерге маңызды үндеу жасады

8 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Министр грантсыз қалған түлектерге маңызды үндеу жасады

istockphoto

WhatsAppTelegramFacebook

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ЖОО-ға грантқа түсе алмаған түлектерге үндеу жасап, олар тағы қандай бағдарламалар арқылы оқуға түсе алатынын атап өтті, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомство басшысы бұл туралы өзінің Telegram-дағы парақшасында жазды.

«Құрметті талапкерлер және ата-аналар!

Биылғы білім бәйгесінде бақ сынап, жауапты межені еңсергендеріңізге қуаныштымын! Сіздердің білімге деген талпыныстарыңыз, қажырлы еңбектеріңіз және асқақ армандарыңыздың тоғысқан сәтіне куә болып, тамсана түстік. Бұл ретте 77 мыңнан астам талапкер грант иегері атанып, көзайым болғандығын атап өтіп, өзімнің және Ғылым және жоғары білім министрлігінің атынан құттықтаймын!

Әр адам өмірінде түрлі асулардан өтеді. Кейде үлкен жетістікке жету үшін кішігірім сынақтардан сүрінбей өту қажет болады.

Егер сіз биыл мемлекеттік білім грантына іліге алмаған болсаңыз – бұл үміттің үзілгені емес! Грант – тек бір мүмкіндік. Ал сіздің бойыңыздағы талап, білімге деген құштарлық пен табандылық – нағыз жетістікке бастар басты күш. Мақсатына сенген адам ешқашан жарты жолда қалмайды. Айта кетейін, биылғы конкурсқа өтініш берушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп, сондықтан бәсекелестік те өте жоғары болды. Алайда, бүгінгі таңда білім алуға мүмкіндік беретін бір ғана мемлекеттік грантпен шектеліп қалуға болмайды. Сізге қолжетімді өзге де гранттар мен жеңілдіктер бар. Олар:

Университетішілік ректор гранттары

– белсенді, оқу үлгерімі жақсы, әлеуметтік жағдайы ескерілген талапкерлерге оқу орындары тарапынан берілетін арнайы гранттар. 2025 жылы мұндай гранттардың жалпы саны 2 000-нан асты. Мысалы, «Туран-Астана» университеті негізгі ҰБТ-дан 100-ден астам бал жинап, «Алтын белгі» иегері атанған талапкерлерге 4 жылдық ректорлық гранттар ұсынады. Ал Халықаралық туризм және меймандостық университеті 680 мақсатты грант бөліп отыр.

Жергілікті әкімдік гранттары

– әлеуметтік аз қамтылған немесе сұранысқа ие мамандық иелерін дайындау мақсатында облыстық, қалалық әкімдіктер бөлетін білім гранттары. Мысалы, 2025 жылы жергілікті атқарушы органдар бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға 1 700-ден астам білім грантын бөлді.

Жұмыс берушілердің арнайы гранттары

– Бұл гранттар жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында жасалған келісім негізінде ұсынылады және болашақ мамандарды жұмыспен қамту мақсатын көздейді.

Жеке демеушілер мен қорлардың гранттары

Мысалы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 500 грант ұсынады, «KAZENERGY» қауымдастығы Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобаларының қаражаты есебінен инженерия, IT, жаратылыстану ғылымдары, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салалары бойынша оқуға төлем жасауға қолдау білдіреді, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы «Murager» білім беру бағдарламасын жүзеге асырып, ауылдық жерлерден шыққан жастарға уран өндіру мен өңдеу, геологиялық барлау, ядролық отын циклі, энергетика, экология және ғылым салаларымен байланысты бағыттарда гранттар ұсынады.

Сонымен қатар кейбір талапкерлер гранттан бас тартуы мүмкін, осы кезде мүмкіндік келесі жоғары бал жинаған талапкерлерге беріледі немесе ақылы бөлімде оқуды бастап, кейінгі оқу кезеңінде оқу үлгеріміне қарай бос грантқа өтуге мүмкіндік бар. Грант ала алмаған түлектерді осы жоғарыдағы мүмкіндіктерді барынша пайдалануға шақырамыз.

Бастысы – мақсаттан таймау, мүмкіндіктерді зерттеп, әрекет ету. Сіздің арманыңыз – сіздің болашағыңыз. Ол жолда қолдау мен мүмкіндік әрдайым табылады! Еліңіз үміт артқан Сіздердей жастың болашағы жарқын боларына сенеміз!», — деп жазды ол.

Қатысты жаңалықтар

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстерге арналған жаңғыртылған терминалды ресми түрде ашты

15 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.