Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықты дамыту және бірлескен экономикалық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Владимир Путин жуырда Мәскеуде АҚШ Президентінің арнаулы өкілімен өткен кездесуінің негізгі нәтижелері жөнінде ақпарат берді.
Сондай-ақ алдағы уақытта жоғары деңгейде өтетін екіжақты форматтағы және халықаралық іс-шаралар аясындағы кездесулер кестесі қарастырылды.




