Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Дүниежүзілік ойындар басталды

Қытайдың Чэнду қаласында ХІІІ дүниежүзілік ойындар басталды. Алғаш рет 34 спорт түрінен рекордтық 253 медаль сарапқа салынады. Араға үш жыл салып ұйымдастырылған жарысқа жүзден астам елден төрт мыңға жуық спортшы қатысады. Ал елімізден барған 31 спортшы WKF каратэ, джиу-джитсу, муайтай, спорттық құзға өрмелеу, садақ ату, спорттық самбо және жауынгерлік самбо, ушу, спорттық акробатикадан сайысқа түседі.

9 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Дүниежүзілік ойындар басталды
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан намысын қорғайтын спортшылардың дені халықаралық аренада өз есімдерін қалыптастырған қыз-жігіттер. Бұл жөнінде толық ақпарат берген Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Атап айтсақ, джиу-джитсудан жазғы Азия ойындарының чемпионы Нұржан Батырбеков, әлем чемпионы Әбу-Бәкір Жәнібек, Нұрсұлтан Дүйсенқұлов, Аслан Қанатбек, Сейілхан Болатбек бар. WKF каратэден тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева, Дидар Әмірәлі, Қайсар Алпысбай, Нұрқанат Әжіқанов, Әсел Қанай қатысады. Спорттық құзға өрмелеуден жазғы Олимпиада ойындарының қатысушылары Ришад Хайбуллин, Әмір Маймұратов, Дамир Токтаров, Бекнұр Алтынбеков бақ сынайды. Ең көп спортшымыз (9) спорттық самбо мен жауынгерлік самбоға тіркелген. Олардың қатарында Маржан Бизақ, Маратбек Рахметоллин, Бақытжан Дүйсембеков, Аружан Кенесары, Құралай Кабрайқызы, Ниетхан Төлеухан, Тәңірберген Тергеубеков, Айнұр Ақжігітова, Ұлбосын Әділова бар. Спорттық акробатикадан Даниель Диль, Вадим Шуляр, Илларион Мацымоха, Алиса Котова өнер көрсетеді. Садақ атудан Роксана Юнусова, ушудан Ислам Каримов, муайтайдан Руслан Заякин ел намысын қорғайды.

Айта кететіні, биылғы тізімде 2022 жылы АҚШ-тың Алабама штатының Бирмингем қаласында өткен XI Дүниежүзілік ойындарының жүлдегерлері де бар. Бұл тізімге каратэден топ жарған Софья Берульцева және спорттық акробатикадан қола жүлдегерлер Даниель Диль, Вадим Шуляр енген.

Ал XII дүниежүзілік ойындарының ұраны – «Шексіз спорт, сансыз ғажайыптар». Бұл ұран Чэнду қаласы ұсынатын спорт түрлерінің кең ауқымы (рекордтық 35 спорт) мен сан алуан әсерлерді бейнелейді. Жарыстың бойтұмарлары ретінде Шубао пандасы мен Цзиньцзай маймылы таңдалған. Дизайнерлер тобы бұл сирек кездесетін екі жануардың бейнесін мәдени тасымалдаушы ретінде пайдаланып, Чэндудың экологиялық тұрғыдан таза, жылы әрі достыққа толы қала ретіндегі келбетін көрсетуге тырысқан. Дүниежүзілік ойындар 1981 жылдан бастап әр 4 жылда бір рет, Олимпиада ойындарынан кейін тұрақты ұйымдастырылады.

Дүниежүзілік ойындар бастапқыда тек Олимпиада бағдарламасына кірмейтін спорт түрлерінен өткізілсе, қазіргі сәтте 4 жылдықтың басты бәсекесіндегі спорт түрлері де қосылды. Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік ойындарға 1993 жылдан бері қатысып келеді. Осы аралықта отандастарымыз 6 алтын, 4 күміс, 7 қола жүлде алды. Ең үздік көрсеткішіміз әзірге (1 алтын, 2 күміс, 1 қола) 2022 жылы АҚШ-тың Алабама штатының Бирмингем қаласында тіркелген еді.

Қатысты жаңалықтар

Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.