Қазақстандағы «Келешек мектептері» мен инновациялық шығармашылық орталықтарының оқушылары 7–10 тамыз аралығында Қытайдың Макао қаласында өткен FIRST LEGO League Asia Open Championship 2025 халықаралық чемпионатында табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл чемпионат робототехника, ғылыми зерттеулер және инновациялық жобалар саласындағы Азиядағы ең ірі алаңдардың бірі саналады. Биылғы дода «Су асты әлемін зерттеу» тақырыбында өтті. Жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен 500-ден астам команда және 12 мыңнан астам қатысушы жиналды.
Үш күндік сайыс қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар инженерлік шеберлік, креативтілік және командалық жұмыс дағдыларын жоғары деңгейде көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.
Жүлделі орындар:
-
2 қола медаль (Champions Award) және чемпионаттың басты марапаты:
-
Leas оқу орталығының тәрбиеленушілері (Explore санаты, 6–10 жас);
-
Орал қаласының Оқушылар сарайының Subsquad командасы (Challenge санаты, 10–16 жас).
-
Арнайы төрешілер жүлделері (7 марапат):
-
Innovation Project Award – Алматы қаласындағы №97 мектептің Nova Team командасы («Келешек мектептері» жобасы);
-
Core Values Award – Leas оқу орталығының Alliance командасы;
-
Challenge Solution Award және Innovation Project Award – Түркістан облысындағы №33 мектептің AquaBots командасы («Келешек мектептері» жобасы);
-
Core Values Award және Engineering Excellence Award – Шымкент қаласындағы №149 мектептің Yassi командасы («Келешек мектептері» жобасы);
-
Challenge Solution Award – Қызылорда облысындағы №290 мектептің OtAi командасы («Келешек мектептері» жобасы);
-
Team Poster Award – Алматы қаласындағы №97 мектептің Arctic Rescuers командасы («Келешек мектептері» жобасы);
-
Team Model Award – Алматы қаласындағы «Alem» инновациялық шығармашылық орталығының Alem Innovators командасы.
Жарыс қорытындысы бойынша, қазақстандық командалар робототехника саласында жоғары деңгейдегі білімдері мен шығармашылық қабілеттерін дәлелдеп, халықаралық аренада еліміздің беделін арттырды.





