Маусым айында ақша айырбастау пунктерінің АҚШ долларын таза сату көлемі 109,4 млрд теңгені құрады. Бұл мамырмен салыстырғанда үштен бірге, ал 2024 жылдың маусымымен салыстырғанда 25,8%-ға аз, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.
Ranking.kz деректеріне сүйенсек, төмендеу жартыжылдық қорытындысында да байқалды: қаңтар-маусымда валюта сатылымы 707,1 млрд теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,1%-ға төмендеді. Айта кетейік, 2024 жылы керісінше долларға сұраныс бір жарым есе артқан болатын.
Көшбасшы өңірлер
Сатылым көлемі бойынша алғашқы үштік:
-
Алматы – 201,2 млрд теңге;
-
Шымкент – 163,4 млрд теңге;
-
Астана – 60,4 млрд теңге.
Сондай-ақ Маңғыстау (56,6 млрд тг) мен Атырау (43,6 млрд тг) облыстарында да сұраныс жоғары. Ал ең төмен көрсеткіш Ұлытау (1,4 млрд тг) және Абай (1,6 млрд тг) облыстарында тіркелді.
Бұдан бөлек, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында айырбастау пунктері халықтан долларды сатқаннан көбірек қабылдаған.
Баға рекорд жаңартты
Сұраныс азайғанымен, шілде айында доллар бағамы тарихи рекорд орнатты. Айлық орташа көрсеткіш — 528,81 теңге, бұл маусыммен салыстырғанда 2,7%-ға, ал өткен жылмен салыстырғанда 11,4%-ға жоғары.
31 шілдеде доллар бағамы рекордтық 546,36 теңгеге жетті.





