Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Қазақстанда жаңа банк ашылды

13 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Қазақстанда жаңа банк ашылды

istockphoto.com

WhatsAppTelegramFacebook

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «KMF Банк» АҚ-ға банк операцияларын жүргізуге лицензия берді, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банктердің саны 23-ке жетті

Агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова лицензияны «KMF Банк» АҚ басқарма төрағасы Шалқар Жүсіповке тапсырды. Жаңа банк Қазақстандағы екінші деңгейдегі 23-ші банк болды және еліміздегі ірі KMF микроқаржы ұйымын қайта құру жолымен ашылды.

«KMF – 1997 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан қаржы секторының ең көне және ең орнықты қатысушыларының бірі. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ұйым активтер, портфель көлемі және клиенттер саны бойынша Қазақстанның микроқаржы ұйымдары арасында бірінші орынды иеленді», — деп жазылған агенттік хабарламасында.

Жұмыс істеген жылдары KMF ауқымды өңірлік желі құрды және өзін әлеуметтік бағыттағы және қаржылық тұрғыдан тұрақты институт ретінде көрсетті.

Аграрлық секторға қарыз берген

2025 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша KMF активтері 395 млрд теңгені құрады. Кредит портфелі 315 млрд теңгеге жетті, бұл ретте қаражаттың 90%-дан астамы аграрлық сектордағы 100 мыңнан астам қарыз алушыны қоса алғанда, шағын және орта бизнесті қаржыландыруға жұмсалды.

«Кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету желісі бойынша жобалар экономиканың нақты секторы субъектілеріне KMF берген кредиттердің 55%-ын құрады. Клиенттерінің жалпы саны 275 мыңнан асты, олардың 70%-нан астамы өңірлерде тұрады», — деп жазылған хабарламада.

90 күннен астам мерзімі өткен берешек деңгейі 6%-дан төмен деңгейде қалды, ал капитал жеткіліктілігі 22%-дан жоғары, бұл қаржылық орнықтылығының жоғары екенін білдіреді. Филиал желісінде тұтастай еліміз бойынша 17 филиал мен 123 құрылымдық бөлімше болды. Қызметкерлердің жалпы саны 2 500 адамнан асты, олардың ішінде шамамен 70%-ы өңірлік бөлімшелерде жұмыс істейді.

Банк ретінде қандай қызмет көрсетеді?

Берілген лицензия банкке заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттар ашуды және жүргізу, кассалық және аударым операцияларын, кредиттер беру және шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізу, банктік кепілдіктер беру, банк операцияларын жүзеге асыру құқығын береді. Жеке тұлғаларға депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылғаннан кейін қызмет көрсете бастайды.

Айта кетері, KMF Банк 2025 жылы банктік лицензия алған екінші жаңа банк болды. Осының алдында 25 маусымда «БиЭнКей» коммерциялық банкі» АҚ-ға лицензия берілген болатын. Бүгінгі таңда елімізде 23 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді, оның 11-іне шетелдік қаржы топтары қатысады.

Қатысты жаңалықтар

Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04
Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдеме жалған

Бүгін, 10:51
Қысқа сақадай сай

Қысқа сақадай сай

Бүгін, 09:13

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.