Талдықорған: +10°C
$ 458.85
€ 503.50
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Президент төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі отырысы өтті

13 тамыз 2025
КҮЛТӨБЕ
Президент төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі отырысы өтті

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Ақордада өткен жиында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов баяндама жасады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елімізде де, әлемде де наркотизм мәселесі алаңдатарлық деңгейге жетті.

– Наркотизм – заманның дерті, қоғам үшін аса қауіпті. Ол жастардың болашағына балта шабады, ұлт саулығына қатер төндіреді. Көптеген елдің үкіметтері бұл проблеманы тек физикалық және психикалық тәуелділік емес, сонымен қатар ауқымды қоғамдық, экономикалық және құқықтық құбылыс ретінде қарастырады, – деді Мемлекет басшысы.

Сарапшылардың пікірінше, «наркотизм» ұғымы нашақорлықтан әлдеқайда кең, ол ұлттық қауіпсіздік, әлеуметтік және экономикалық мәселелермен тікелей байланысты.

Президент есірткіге тәуелді жандардың басым бөлігі қоғам тарапынан айыптаудан қауіптеніп, дер кезінде көмекке жүгінбейтінін атап өтті. Осы орайда ол емдеу-сауықтыру шараларын кеңейту, статистикалық деректерді жинау мен талдауды жетілдіру, сондай-ақ химиялық заттардың таралуын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Мемлекет басшысы интернет пен медиа индустрияда есірткі мен ішімдік ішуге қатысты жағымсыз насихаттың белең алуына алаңдаушылық білдірді.

Жиында есірткі айналымымен байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жазалау тетіктерін жетілдіру мәселесі талқыланды. Тоқаев кез келген есірткі түрінің өндірісі мен сатылымына қатаң тыйым салынуы және мемлекеттің қатаң бақылауында болуы тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ ол трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, есірткі сататын орындар мен жасырын зертханаларға қарсы іс-қимылды күшейтуді, күмәнді қаржы операцияларын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Жиын соңында Президент Үкіметке, өңір әкімдеріне және құқық қорғау органдарына нашақорлықтың алдын алу және есірткі бизнесіне қарсы іс-шараларды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Қатысты жаңалықтар

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

Депутаттан есеп талап етуге болады: мәслихат сайлауы тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?

26 қараша 2026
Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

26 қараша 2026
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

26 қараша 2026
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

26 қараша 2026
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

26 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.