Талдықорған: +35°C
$ 464.71
€ 531.26
₽ 6.05
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ел ертеңін ойлаған азамат

16.08.2025
КҮНДЕРЕК
Ел ертеңін ойлаған азамат
WhatsAppTelegramFacebook

Ақсу өңірі – дарынды да дара тұлғаларымен мақтана алатын қасиетті мекен. Солардың бірі – елге еңбегімен елеулі, абыройымен ардақты, ақыл-парасатымен сыйлы Ақсу ауданының Құрметті азаматы Мейірман Тілеуберлинов.

Мейірман Тілеуберлинов 1950 жылы Ақсу ауданының Діңгек ауылында дүниеге келіп, ата-анасының өнегелі тәрбиесімен ержетті. Балалық шағы «Ақсу» қой кеңшарында өтті. Алғашқы білімін Ащыбұлақ ауылындағы Мәншүк Мәметова атындағы мектепте алып, кейін Ю. Гагарин атындағы орта мектепті тамамдайды.

Жастайынан еңбекке араласқан ол кеңшарда жұмыс істеп жүріп спортпен де айналысты. КСРО Спартакиадасының күміс жүлдегері Ғалымжан Атабаевтың тәрбиесі жас жігіттің бойындағы жеңіске деген ұмтылысты оятты. Осы жол Мейірман ағаны үлкен спортқа, жеңістер мен жетістіктерге жетеледі.

Ол 1969 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының физика факультетіне оқуға түсіп, «инженер-физик» мамандығын алып шығады. Студенттік жылдары еркін күреспен кәсіби деңгейде шұғылданып, Алматы қаласының чемпионы, республикалық жарыстардың жеңімпазы, КСРО спорт шебері атанады. Еліміздің еркін күрестен жастар құрамасына мүше болып, халықаралық додаларда ел намысын қорғады. Аталмыш күрес түрінен спорт шебері дәрежесіне көтеріліп, Қазақстан Республикасының құрама командасының мүшелігіне өтті.

Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін алғашқы еңбек жолын Зылиха Тамшыбаева басқарған Еңбекші ауылында бастады. Ол өзінің еңбекқорлық, біліктілігімен ерекшеленді. Жігерлі жас қандай шаруаға да бейімді екенін танытты. Шаруашылық басшысына аудан атқамінерлерінен елгезек, тыңғылықты азаматты мемлекеттік қызметке ауыстыру туралы ұсыныс түсті. Бірнеше айдан кейін ол Қапал ауданына шақыртылып, ауданда ашылған алғашқы спорт мектебіне жетекшілік етті. Маман өзін мықты ұйымдастырушы, талапшыл басшы ретінде танытты. Сөйтіп ұйымдастырушы, көшбасшы, қайраткерлік жолға аяқ басты.

Оқу бітірген соң ұстаздық қызметке кірісіп жаттықтырушы, мектеп мұғалімі, аудандық спорт комитетінің төрағасы, аудандық партия комитетінің идеология саласындағы жетекші кадр, тұрмыс қажетін өтеу комбинатының директоры секілді жауапты лауазымдарды абыроймен атқарады. Еркін күрестен ересектер арасында еліміздің құрама командасында екі жыл мүше болды.

Ақсу және Ескелді аудандарының «Құрметті азаматы». Ескелді ауданында 15 жыл қажырлы еңбек етті. Талдықорған ауданының атын Ескелді ауданына аударуға елеулі үлес қосты Бұл мәселені сол кездегі аудан әкімі Болатби Құтпанов және аудан белсенділері Наурыз Қылышбаев, Болысбек Тазабеков, Сабит Биболовтармен ақылдаса келіп, Ескелді би атамыздың атын берейік деген шешім шығарды. Барлық округтерде жиналыс өткізіп, хаттамасын толтырып, ұсыныстарын жинап, үкіметке хат жолдады.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі ауыр кезеңде де Мейірман Тілеуберлинов ел үшін маңызды істердің басы-қасында жүрді. Қапал ауданы әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасарлығына көтерілді. Ол ауыл халқының тұрмысын жақсарту, жаңа басқару жүйесін ұйымдастыру, әкімшілік реформаларды тиімді жүзеге асыру жолында өлшеусіз еңбек етті.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі мен ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында оның басқаруындағы аудан ауылшаруашылығы өнімдерін өсіруде облыстағы үздіктер қатарынан көрінді.

Аудан жабылғаннан кейін де Талдықорған және Ескелді аудандарында мемлекеттік қызметте, кейін «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында жетекшілік қызметтер атқарып, қоғамдық-саяси жұмыстың өрлеуіне зор үлес қосты. Партия жұмысының жүйеленуіне, жастар мен жас мамандарға жағдай жасауға, ауылдың әлеуетін арттыруға аянбай тер төкті.

Мейірман Тілеуберлиновтің ел алдындағы еңбегі мемлекет тарапынан лайықты бағаланды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттары, төрт бірдей медаль, «Нұр Отан» партиясының бірнеше Құрмет грамотасы, Алматы облысы мен Ескелді ауданы әкімдерінің марапаттары – үлкен құрметтің айғағы.

Қазіргі таңда Мейірман аға зейнеткерлік демалыста. Ел болашағына бей-жай қарай алмайтын азамат ретінде облыстық сайлауалды штабы мен партия жанындағы ардагерлер кеңесінің белсенді мүшесі. Жастарға ақыл-кеңесін айтып, елдік мүдде жолында өз тәжірибесін үйретуден жалыққан емес.
Ол тек еңбек майданында емес, адамдық биікте де үлкен тұлға. Ардақты әке, сүйікті ата, адал жар. Немерелеріне адамдықтың, отансүйгіштіктің, мейірім мен еңбекқорлықтың қадірін ұқтырып жүрген өнегелі қария.

Бүгінгі мерейлі 75 жасы – бұл тек өмір жасының межесі емес, халқына сіңірген адал еңбектің, маңдай термен келген жетістіктің, жүрекпен істелген қызметтің шынайы шежіресі.

Еліне еселі еңбегі сіңген Мейірман Тілеуберлинов – нағыз халық азаматы. Оның өмірі – бүгінгі жастарға тағылым, елге адал қызмет етем деген жанға үлгі. Ол ұлағатты ұрпақ өсірді. Жары Гүлнәз Райымбековамен немерелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде. Гүлнәр тәтеміз де жауапты қызметтер атқарып, елдің әлеуметтік жағдайының жақсаруына атсалысты.

Мерейтойыңыз құтты болсын, абзал аға! Ел алдында мерейіңіз үстем, денсаулығыңыз мықты, абыройыңыз асқақ болсын!

Гүлжан ТҰРСЫН

Қатысты жаңалықтар

Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

Физикадан тарихи триумф: Қазақстан әлемнің ең беделді олимпиадасында бес алтын иеленді

13.07.2026
Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай?

Грантқа құжат қабылдау басталды: Шекті баллдар қандай?

13.07.2026
Сарқанда «Су шашу» мерекесі өтті

Сарқанда «Су шашу» мерекесі өтті

13.07.2026
Қазақстанда алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі тағайындалды

Қазақстанда алғаш рет «Құрметті донор» төсбелгісі тағайындалды

13.07.2026
ӘЧ-2026: Төрт саусақ бірдей емес

ӘЧ-2026: Төрт саусақ бірдей емес

13.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.