Талдықорған: +29°C
$ 462.31
€ 536.09
₽ 5.34
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Бұл – менің таңдауым

15.08.2025
КҮНДЕРЕК
Бұл – менің таңдауым
WhatsAppTelegramFacebook

Бір спорттан бір талант жарқ ете қалса соған елеңдеп, жолын тосып, нәтижесіне үңілеміз. Көп арасынан төбе көрсетіп үздік шықса сұлу сөздің түр-түрін арнап, мақтауын қиыстырып, бөрікті аспанға лақтыра масаттанамыз. Ал еңсесі түсіп, есе жіберсе бойды рухқа бөлеп, намысты жанитын сөз айтамыз. Кейінгі кезде көпшілікті өз көрсеткішімен сүйсінтіп, болашағынан мол үміт күтуге лайық бірқатар жастардың шоғыры қалыптасып, ел алдына лекпен шыға бастады. Командалық ойындарда өз шебіне берік, қарсыласына тегеурінді, әріптестеріне сенімді серік бола білетін жастар өсіп келеді. Атыраудағы оқу-жаттығу жиынын сәтті аяқтап, Қытайдың Хандан қаласына 3х3 баскетболдан Ұлттар лигасында ел намысын қорғауға бара жатқан Ләззат Тұрсыновамен әңгімелесудің реті түсті. Жас жетісулық баскетболшының ойыны дәл қазірдің өзінде талай маманның оң бағасына ие болды.

– Баскетболға қалай келдің, таңдауыңа отбасың қарсы болмады ма? Олардан қандай көмек болды, өзің баскетболмен түбегейлі айналысу үшін қандай тәуекелдерге бардың?

– Отбасым мені әрдайым қолдап, алға ұмтылуыма мотивация береді. Себебі, ата-анам баскетбол және волейболмен кезінде айналысқан. Бос уақытымда жақындарыммен бірге уақыт өткізуге тырысамын. Отбасымның қолдауы – менің жетістігімнің негізі деп айта аламын. Баскетбол спортына мені мектеп уақытында дене шынықтыру мұғалімім Балтабек ағай үйреткен болатын. Баскетболмен айналысу үшін уақытым мен күшімді арнаймын. Бірақ бұл – менің таңдауым, себебі, баскетбол мен үшін жай ғана ойын емес, өмірімнің бір бөлігі.

– Ұлттық лигада осыған дейін «Томирис» сапында (2022/23 жылы, сол жылы дебют жасады) ойнадың. Биыл «Жетісу» Жоғары лигадағы екі жыл қатарынан алған жеңісінен кейін Ұлттық лигадасың. Команданың дайындығы, негізгі мақсат қандай?

– Ұлттық лигаға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Жаттығулар күн сайын өтеді: тактика, физика, командалық үйлесімділікке көп көңіл бөлінуде. Ұлттық лигада басты мақсатымыз – жоғары нәтиже көрсету, плей-оффқа шығу және чемпиондыққа таласу. Командалық бірлікпен, үлкен сеніммен жұмыс істеп жатырмыз.

– Осыған дейін Жетісу облысының сапында Жастар лигасы болсын, басқа да турнирлерде үздік деп танылған өзіңе басқа командалардан да ұсыныс болғандығы анық. Соны өзің жіктеп айтып берсең және «Жетісу» сапында биыл да ойнайсың ба? Жетісудағы жанкүйерлердің де қолдауын атап өтсең.

– Жастар лигасында былтыр Қазақстан Республикасы чемпионаттарында үздік ойыншы атандым. «Жетісу» сапында толықтай қолдау бар: жаттығу, медициналық көмек, бапкерлердің бағыт-бағдары және командаластардың сенімі. Сондықтан да дәл қазір басқа команданы ойлайтындай емес. Ал жанкүйерлердің қолдауы бізге үлкен мотивация. Олардың сенімі мен ықыласы әр ойында алға жетелейді. Қиын сәтте демеу болып, жеңіске деген жігерді арттырады.

– 3х3 баскетболдан Ұлттық құрама сапында болып, Бакудегі жарысқа қатыстың. Одан Атыраудың «Барыстар» сапында да Минскіде ойнадың. Тәжірибе әр ойыннан келеді. Әр шетке шыққанда не аңғардың және өзіңді әр ойынға қалай дайындайсың?

– Бакудегі турнир мен үшін үлкен тәжірибе болды. Ұлттық құрама сапында ел намысын қорғау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Жарыс деңгейі өте жоғары өтті. «Барыстар» сапында Минск, Смоленск, Мәскеуде өткізген жарыстардың атмосферасы мүлде басқаша. Қарсыластар да, ойын стилі де өзгеше. Бұл маған тактикалық ойлау мен бейімделуді үйретті. Шетелге шыққан сайын баскетболдың әр жерде әртүрлі екенін түсінемін. Өзімді дайындауда физикалық форма мен менталдық тұрақтылыққа мән беремін. Әр турнир жеке бір сабақ.

– Жалпы ойын алдында өзіңді қалай жігерлендіресің? Мүмкін, музыка тыңдайсың, ол қандай музыка?

– Иә, мотивация ретінде музыка көп көмектеседі. Axwell, Sebastian Ingrosso орындайтын «More Than You Know» әнін жиі тыңдаймын.

– Қай ойыншы ұнайды және қай қабілетін жоғары бағалайсың?

– Маған Пейдж Бекерстің ойыны ұнайды, себебі – позициямыз бір. Ол өте қайсар және төзімділігі мықты ойыншы, соңына дейін берілмей ойнайтыны ұнайды.

– Бойыңдағы қай қасиет саған алаңда көмектеседі, ал, керісінше, өзіңе кедергі келтіргеннен кейін күресіп жүрген әдетің? Қиын сәтте өзіңді қалыпқа қалай келтіресің?

– Алаңда маған көмектесетін басты қасиет– табандылық, берілмеу. Қиындық болса да соңына дейін ойнауға тырысамын. Қиын сәтте тынысымды қалпына келтіріп, ойымды жинаймын. Қасымда әрдайым қолдайтын менің командам маған көмектеседі. Кедергі келтіретін әдетім жоқ (жымиып).

– Күнделікті жаттығу кестесі қалай? Биылғы жоспар қандай?

– Күнделікті жаттығу жоспары өзгеріп тұрады, жеңіл жүгірістен бастап созылу, керілу, көбінесе физикалық жаттығулар, одан кейін барып себетке түрлі арақашықтықтардан доп лақтырамыз. Кешкі жаттығуда көбінде бізде техника, тактика, жылдамдыққа жүгіру, соңында өз арамызда кішігірім ойын ұйымдастырамыз. Ал алдағы маусымда Ұлттық лигада өз ойынымды жаңа деңгейге көтеруді мақсат етіп отырмын.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Қазақстанда соңғы жылдары ауқымды саяси және экономикалық реформалар жүргізілді»

Президент: «Қазақстанда соңғы жылдары ауқымды саяси және экономикалық реформалар жүргізілді»

01.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев «ШЫҰ плюс» саммитіне қатысты

01.09.2026
Қазақстан халқының саны 20,6 миллионнан асты

Қазақстан халқының саны 20,6 миллионнан асты

01.09.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысты

01.09.2026
Рудничныйда жаңа мектеп ашылды

Рудничныйда жаңа мектеп ашылды

01.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.