Талдықорған: +15°C
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Дала төсі төлге толды

1 сәуір 2025
КҮНДЕРЕК
Дала төсі төлге толды
WhatsAppTelegramFacebook

Көшкентал – таулы аумақ.  Қысы қарлы, жазы жаңбырлы.  Биыл қыс таулы аумақта қаталдау болды.  Ортасында бораны соғып, үскірігі бет шалып, қар  қалың түсіп, мал жайылымға шыға алмай қалды. Төрт түлікті шыдамды адам бағады. Мұндайда қазекем: «Мал баққанға бітеді» дейді. Жыл он екі ай демалмайтын жұмыс.  «Исатай» шаруа қожалығы құрылғалы мал басы өсіп, жайылымы кеңейіп, несібесі артты. 

Шаруа қожалық иесі Исатай Тұрсынов  мал өсіруді бастағанда  жайылымды Шыңбұлақ өрісінен алған еді. «Көшкентал» шаруа қожалығында  механизатор болып істеген ол жер жағдайын жақсы біледі.  Шаруашылыққа арналған жерді дұрыс таңдапты. Кішкентай тұма мал суару мен шөптің бітік  шығуына септігін тигізуде. Бүгінде шаруашылықтың тізгінін  Исатай ағаның ұлдары – Жеңіс пен Дәукен қолына алған. Олар әкеден қалған мұраны шашау шығармай, өсіріп-өндіріп келеді. 
Төрт түлік жазда «Мұзбұлақ» жайлауына шығады. Ол жақта шөп шүйгін. Жылқы, ірі қара, қой-ешкі еркін жайылып, қоңданып, ет алады. Бұрындары мал ауыл маңына жайылатын. Жер таршылық етуші еді. Соңғы жылдары  аудан әкімдігі «Мұзбұлақтағы» жайлауды  бөліп берді. Енді жақсы болды. Ауыл маңының шөбі шабындыққа пайдаланылады. Былтыр басқа ауылдарда мал азығын дайындайтын шөп болмай  қиналғанда  «Исатай» шаруа қожалығының шабындығы бітік шықты. Бірнеше мая шөп көктемге еркін жетті.  Қыста мал бордақыланып, біразы сатылды. Орнын биылғы төл басады.

Қорадағы 250 қой көктемге ілікті.  Мал төлдету науқаны басталды. Қыстан  қоңды шыққан саулықтар қозылауда. Қазір бірлі-жарым  қой туып жатыр.  Бұл – берекелі шақ. Ерте туған қозылар марқа болып қалды. Алда ірі қара бұзаулап, аққа кенелер шақ жақын. «Истатай» шаруа қожалығының  жаңа туған төлдері Ешкіөлмес тауының баурайында көбейіп, өсіп-өніп, өрісті шуға бөлеуде.  Жеңістің әке мұрасын өркендете беретініне сенеміз!

Гүлжан ТҰРСЫН
Фото: Жұмабай  МҰСАБЕКОВ

 

Қатысты жаңалықтар

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

«Алакөл» қорығының қызметкерлеріне заң талаптары түсіндірілді

Бүгін, 14:00
Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Түтін басқанда не істеу керек? Төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары

Бүгін, 13:30
Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Текеліде «Серкесай» жобасының екінші кезеңі пысықталды

Бүгін, 13:00
Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Қазақстандық мамандар Қытайда білімін жетілдіруде

Бүгін, 12:30
Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Жетісуда 48 арендалық тұрғын үйге өтініш қабылдау басталды

Бүгін, 12:00

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.