22 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады. Сапар Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен жүзеге асады, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Бішкекте мемлекет басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын дамытуға бағытталған келіссөздер өткізеді.
Сонымен қатар екі елдің президенттері Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.





