Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Балаңды сақта, ата-ана!

Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен өткен «Жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын бірге қорғайық» атты өңірлік семинар-кеңесте жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау мәселесі талқыланды. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, педагогтар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, ата-аналар мен жастар қатысқан жиынның басты мақсаты – ерте жүктіліктің алдын алу, жыныстық тәрбие мәдениетін күшейту, ата-ана мен мектептің, қоғам мен мемлекеттің жауапкершілігін бір арнаға тоғыстыру.

22 тамыз 2025
КҮНДЕРЕК
Балаңды сақта, ата-ана!

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

Мамандар келтірген деректерге қарағанда, былтыр елімізде қыздардың ерте жаста жүкті болуы, бала тууы 10,2%-ға, ал жасанды түсік жасату 13,4%-ға азайған. Бұл нәтижесі бар жүйелі жұмыстың белгісі. Дегенмен, алдын алу шараларын бәсеңдетуге болмайды. Белгілі акушер-гинеколог, ұлттық комиссия мүшесі Галина Гребенникова келтірген мәліметке сай, 2024 жылы республика бойынша 1600 жасөспірім бойжеткен ана атанған, олардың ішіндегі ең кішісі небәрі 14 жаста. Расында бұл мемлекеттік деңгейде ойланатын шындық.

Семинарды ашып, жүргізіп отырған облыс  әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов ұлттық комиссиямен бірлесе отырып, облыста жасөспірімдердің жыныстық тәлім-тәрбиесін күшейтуге бағытталған жаңа пилоттық жобаны іске қосуды ұсынды. Оның айтуынша, мектеп пен ата-аналардың серіктестігі күшеймей, нәтиже күту орынсыз.

– «Бөтеннің баласы» деген ұғым болмауы тиіс. Отан – ортақ, ие болатын ұрпақ – ортақ. Демек, тәрбие – бәріміздің азаматтық борышымыз, – деген Диас Рахметұлы өскелең ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарауға болмайтынын жеткізді. Оның пікірінше, өңіріндегі динамика түсіндіру жұмысының нәтиже көрсеткенін байқатады. Мысалы, 2024 жылдың алты айында 71 ерте жүктілік орын алса, 2025 жылдың алғашқы алты айында – 45 жағдай тіркелген.

Семинар-кеңестің өңірлік үйлестірушісі, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Зүлфия Байсақова өтіп жатқан жиынның мақсатын түсіндіріп, қоғамға артылып отырған жауапкершілік жүгінің жеңіл еместігін ұғындырды.

Әдетте ерте жүктілік мәселесі көтерілгенде назардың басым бөлігі қыз балаға ауады. Бұл – дұрыс емес. Облыстық «Жетісу облысы Азаматтық альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Дәния Қыдырбаева:

– Мұндай проблемалар көбіне ана мен қыз арасындағы сенімнің әлсіреуінен туындайды. Біз осы қарым-қатынасты нығайтуды насихаттауымыз керек. Сондай-ақ жауапкершілік тек қыздарға емес, ұлдарға да ортақ. Әкелер тәрбиесін күшейту – уақыт талабы, – деп мәселенің тереңде жатқанын алға тартты.

Шын мәнінде, ерте жүктілікті болдырмау ұл мен қызға тең дәрежеде түсіндірілуі тиіс. Әке ұлына нәзік жандыларға қорған болуды үйретуі тиіс. Ұлдарды жауапкершілікке ерте жастан баулу – қыздардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Семинарда балалармен ерте жастан жыныстық даму, жеке гигиена, қауіпсіздік туралы сөйлесу керектігі де айтылды. Шынында, ана мен қыз, әке мен ұл арасындағы ашық әңгіме – некесіз босанудың алдын алады. Дәрігер кеңесі, сенім телефондары, жастар орталықтары тұрақты жұмыс істеуі тиіс. Семинарға қатысушылар  мекеменің күшімен ғана нәтижеге жету қиын екенін атап өтіп, мектеп білім беріп, медицина тексеріп, медиа дұрыс ақпарат таратып, ұйымдар отбасы құндылықтарын нығайтуға жұмыс істегенде ғана мақсат нәтижелі болатынына тоқталды. Әдетте ата-ана: «Бұл тақырыпты мектеп  үйретеді» деп ойлайды. Ал, әке-шеше баланың сенімді серігі екенін естен шығармау керек.

Семинар-кеңесті ұйымдастырушылар жасөспірімдердің денсаулығын қорғауға арналған шараның жалғаса беретінін айтып, ерте жүктіліктің алдын алу, жыныстық тәрбие мәдениетін орнықтыру, жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын қорғау барысында бірлесе жұмыс істеуге уәделесті.

 Гүлжан Тұрсын

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.