Талдықорған: +27°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Өңірде ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыратын профилактикалық жоба басталды

27.08.2025
КҮЛТӨБЕ
Өңірде ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыратын профилактикалық жоба басталды

Дмитрий Ерофеев

WhatsAppTelegramFacebook

Жетісу облысында ауыл халқы үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында «Ашық есік күні» профилактикалық жобасы басталды. Бұл әлеуметтік акция аясында облыстың салалық дәрігерлері аудандық орталықтарда тегін қабылдау жүргізіп, кеңес береді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік акция шеңберінде облыстың жетекші медициналық ұйымдарынан ЛОР, уролог, проктолог, акушер-гинеколог, балалар хирургі, невропатолог, нейрохирург, педиатр, травматолог және онколог мамандар келіп, қабылдау жүргізуде.

Әлеуметтік жоба алдымен Кербұлақ ауданынан басталды. Сарыөзек ауылындағы аудандық емханада дәрігерлер бір күнде 178 науқасты, соның ішінде 28 баланы қабылдады. 17 адам қосымша тексеріске жіберілсе, тағы 25 адам облыстық ауруханаға стационарлық емге жолдама алды.

Аудан тұрғындарының айтуынша, мұндай шаралар ауыл халқы үшін өте пайдалы әрі ыңғайлы.

— Денсаулығымдағы кінәраттар 2021 жылдан бері мазалап жүрген. Қалқанша безіне ота жасатқанмын. Үш ай сайын тексеруден өтіп тұрамын. Бүгін учаскелік дәрігердің жолдамасымен келдім. Қабылдауды облыстан келген маман жүргізді, енді Талдықорғанға барудың қажеті жоқ. Дәрігерлердің жылы қарсы алып, ықыласпен қабылдағанына риза болдым, – деді Басши ауылының тұрғыны Розагүл Дербісова.

Ал Сарыөзек ауылының тұрғыны, бес баланың анасы Қызғалдақ Райжанова қабылдауға екі жасар ұлымен келді.

– Ұлым ауыр пневмониямен ауырған, бірақ жергілікті дәрігерлердің көмегімен толық жазылды. Бүгін бәрі дұрыс екеніне көз жеткізу үшін тағы бір тексерілгіміз келді. Мұндай шаралар көпбалалы отбасылар үшін өте қажет. Бізге көрсетілген қолайлы жағдай үшін алғысымды білдіремін, – деді жергілікті тұрғын.

Өз кезегінде медицина мамандары мұндай профилактикалық акциялардың уақтылы диагностика жасауға, одан әрі сапалы ем алуға мүмкіндік беретінін атап өтті:

— Бүгін ата-аналар балаларын түрлі шағымдармен алып келді. Барлығын қабылдауға тырыстық, өйткені баланың денсаулығы – әрқашан бірінші орында. Балалар – болашағымыз, сондықтан оларға қамқор болу – біздің міндетіміз, – деді Талдықорған қаласындағы №2 емхананың педиатры Орынбасар Төлеубаева.

Облыстық көпсалалы клиниканың онколог дәрігері, директордың медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Бауыржан Бертаев та пікір қосты:

– Біз 178 адамды қарадық. Бірқатар науқастарға қосымша тексеру қажет, кейбіреулерін стационарға жолдадық. Басты мақсатымыз – адамдарға денсаулық жағдайын туралы нақты қорытынды жасап, тиісті ұсыныстар беру. Бұл – онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтауда аса маңызды, – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ашық есік күні» жобасы желтоқсан айының басына дейін облыстың барлық аудандарында өтеді, бұл шара сапалы медицинаға қолжетімділікті арттыруға бағытталған.

Ал келесі баратын бағыт – Текелі қаласы.

— Осы тәжірибе арқылы «Ашық есік күні» форматының қаншалықты қажет екенін көрдік. Әсіресе шалғай ауыл тұрғындары облыс орталығына бармай-ақ, салалық мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болады. Мұндай профилактикалық шараларды тұрақты түрде өткізіп, мобильді медициналық бригадаларды күшейтеміз, әрі тексеру түрлерін кеңейтеміз, – деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асқар Садықов.

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

Жетісуда республикалық мүшәйра өтеді

01.05.2026
Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.