Қазақстан Республикасындағы бәсекелестікті қорғаусаласындағы негізгі акт ҚР Кәсіпкерлік Кодексі.
Монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды анықтаужәне жолын кесу — монополияға қарсы органдардың негізгіфункцияларының бірі. Ол үшін заңнамада тергеу, жауапқа тарту, сондай-ақ нарық субъектілері де, мемлекеттік органдар да тарапынан бәсекелестікке қарсы іс-қимылдарды шектеу жәнежолын кесу шаралары көзделген.
Тергеп-тексеруді бастау үшін негіздер
Бұзушылықтарды тергеп-тексеру келесі негізде басталуымүмкін:
Тергеу нәтижелері
Тергеу аяқталғаннан кейін монополияға қарсы органныңлауазымды адамы қорытынды дайындайды. Оның негізіндекелесі шешім қабылдануы мүмкін:
• тергеп-тексеруді тоқтату;
• әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау;
• бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығару;
• материалдарды құқық қорғау органдарына беру.
Әкімшілік жауапкершілік
Істерді қарауды монополияға қарсы орган немесе мамандандырылған әкімшілік соттар жүзеге асырады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексі (ӘҚБтК) мынадай санкцияларды көздейді:
• айыппұлдар;
• монополиялық кірісті тәлкілеу.
Оның ішінде:
• ӘҚБтК-нің 162-бабы нұсқамаларды орындамағаны, ақпарат бермегені, тергеп-тексеруге кедергі келтіргені үшін жауапкершілік;
• ӘҚБтК-нің 163-бабы мемлекеттік органдар мен реттеуші функциялары бар ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері, сондай-ақ жосықсыз бәсекелестік үшін жауапкершілік;
• ӘҚБтК 159-бабы:
• 1-б. — бәсекелестікке қарсы келісімдер;
• 2-б. — бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттер;
• 3, 3-1-б. — үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану.
Осылайша, монополияға қарсы реттеу әділ бәсекелестікті сақтауда, бизнес пен тұтынушылардың мүдделерін қорғауда шешуші рөл атқарады.





