16 жасқа толған азаматтарды құжаттандыру бойынша жоспарлы жұмыс ҚР Конституциясының 30 жылдығына орайластырылған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде жүргізілуде. Айта кетейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлері 50067 жеке куәлік ресімдеген. Олардың 7429-ы Қазақстан Республикасы азаматының негізгі құжатын алғаш рет алған 16 жастағы балаларға берілді.
Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құжаттандыру рәсімі заңнамаға сәйкес жүргізіледі және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған. Жасөспірімдерге жеке куәліктерді уақытылы беруге ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені дәл осы 16 жастан бастап олардың еліміздің құқықтық және азаматтық процестеріне ресми қатысуы басталады.
Полиция Конституцияның мерейтойлық жылы аясында жүзеге асырылып жатқан осындай іс-шаралар жас ұрпақ арасындағы құқықтық сана мен азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетеді деп санайды.
А.ЫБЫРАЙ





