Талдықорған: -0°C
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ

Білім – басты құндылық

Жетісу – тарихы терең, мәдениеті бай өлке. Ал білім инфрақұрылымын дамыту – сол рухани байлықты жас ұрпақ бойына сіңірудің басты тетігі. Бүгінгі жасалған қадам – ертеңгі бәсекеге қабілетті ел болуымыздың кепілі. Өңірдегі сапалы білімге жол ашқан жаңа нысандар аймақтың ең маңызды жетістіктерінің бірі.

01.09.2025
МЕРЕКЕ АЙШЫҒЫ
Білім – басты құндылық

ult.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Биыл өңірде 130 мыңнан аса бала мектепке барады. Олардың 13 мыңы оқу ғимаратының табалдырығын енді аттайды, яғни 1-сынып оқушысы атанады. Бұл өрендерге сапалы білім, тағылымды тәрбие беру үшін ұстаздардың ұлағатты, мектептердің жайлы болмағы маңызды. Осы орайда облыс аумағында бірқатар жаңа оқу ғимараты қолданысқа беріліп, заманауи талаптарға сай күрделі жөндеуден өткен білім ордалары оқушыларға есігін айқара ашады.
Облыс әкімі Бейбіт Исабаев: «Өркениетті, озық ел боламыз десек, ең алдымен, ұстаздарға қолайлы жағдай жасап, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру – біздің басты міндеттеріміздің бірі», – деген еді өз сөзінде. Айтқандай, өңірдегі мұғалімдердің материалдық, рухани тұрғыда дамып, біліктілігін арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қазіргі таңда 11 мыңнан астам ұстазға үстемеақы төленеді. «Білім берудегі өзгерістердің мың көшбасшысы» жобасына 34 педагог қатысып, 21-і мектеп директоры болып тағайындалып отыр. Еңбек нарығының қажеттілігіне қарай сұранысқа ие мамандықтарға соңғы 3 жылда жергілікті бюджеттен 300-ден астам білім беру гранты бөлінсе, оның 104-і педагогикалық мамандыққа берілді. Нәтижесінде оқушылар халықаралық, республикалық деңгейде жетістіктерге жетіп, ел ме- рейін көтеріп жүр. Соңғы жылдары халықаралық олимпиада мен ғылыми конкурстар- ға 243 оқушы қатысып, 43 алтын, 60 күміс, 140 қола медаль иеленген.

Жетісу облысы құрылғалы 3 жыл ішінде білім саласы үнемі басты назарда. Өңір бюджетінен бөлінген қаражат есебінен бүгінге дейін 20 жаңа білім нысаны ашылды, 22-сі күрделі жөндеуден өтті. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында былтыр Жаркент қаласында 1200 орынды мектеп ғимараты қолданысқа берілді. Биыл жаңа оқу жылында Достық ауылында 600 орынды мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, қосымша 6 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде, оның үшеуінің құрылысы биыл, қалған үшеуі 2026 жылы аяқталмақ. Сонымен қатар, кадрлар тапшылығын жою мақсатында 2023 жылы Үштөбе қаласында 100 орынды гуманитарлық колледж ашылды. Бүгінгі күні колледж 4 мамандық бойынша кадрлар әзірлеуде. Соңғы 3 жылда 232 ауыл мектебінің материалдық-техникалық қоры жарақтандырылды. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғаспақ.

Заман талабына сай оқу орындарына жасанды интеллекті енгізу жұмыстары жолға қойылған. Осы ретте биыл 954 миллион теңгеге 70 заманауи кабинет сатып алу жоспарлануда.

Аймақта өскелең ұрпақтың құқығын қорғау үшін бірқатар нақты шара қабылданған. 108 мектепте әдеп-құқық жұмыс жөніндегі ментор штаты енгізілсе, облыста психологиялық қолдау орталығы ашылып отыр. Барлық мектепте «111» психологиялық қолдау қызметінің QR-коды орнатылды. Өткен оқу жылында балалар мен жеткіншектер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «ДосболLIKE» бағдарламасы облыстың 5 білім беру ұйымында (Талдықорған қаласы №6, №14, №25 орта мектептері, Көксу ауданы Жетіжал, Мұсабек орта мектептері) пилоттық режимде жүзеге асты. Биыл аталған бағдарлама мектептер мен колледждерде іске қосылады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеру мақсатында ел көлемінде алғаш рет Талдықорған жоғары политехникалық колледжі биылдан бастап дрон операторы мамандарын даярлайды. Қыркүйек айынан бастап бұл мамандықта 50 жас білім алатын болады. Олар құрап шыққан құрылғылар ауыл шаруашылығында егістіктерді бақылауға, зиянкестерден қорғауға және егінді өңдеу үшін қажет. Сондай-ақ, төтенше жағдайлар қызметінде іздестіру-құтқару, өрттің алдын алу жұмыстарында да кеңінен қолданылады.

Білім саласындағы тағы бір маңызды жаңалық – инклюзивті оқытуға арналған орталықтардың ашылуы. Ерекше білімді қажет ететін балалардың сапалы оқуына жағдай жасалып, мектептерде арнайы бөлмелер, заманауи құрылғылар, сенсорлық бөлмелер жасақталуда. Бұл – өркениетті қоғамға тән жауапкершіліктің белгісі.

 

Қатысты жаңалықтар

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция туралы пікір білдірді: өңірлер тұрақты даму үшін нақты тетіктерге ие болады

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция туралы пікір білдірді: өңірлер тұрақты даму үшін нақты тетіктерге ие болады

07.02.2026
Жетісуда өтеусіз донорлық челленджі басталды

Жетісуда өтеусіз донорлық челленджі басталды

07.02.2026
 Негізгі заңға әйелдер көзқарасы: «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты жаңа Конституция жобасын әзірлеуге атсалысуда

Адам құқықтары және болашаққа бағдар

07.02.2026
Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

Кербұлақта «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кеш өтті

07.02.2026
Жаңа Ата Заң: Бір палаталы Парламент пен саяси жаңғыру жолы

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау күшеймек

07.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.