Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазғы демалыс кезінде оқушылардың жұмыспен қамтылуы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.
Ведомство дерегінше, 2025 жылдың мамыр айында Enbek.kz электронды еңбек биржасында кәмелетке толмағандарға арналған «Менің жазғы каникулым» атты арнайы бөлім іске қосылған.
-
Демалыс кезеңінде 14–18 жас аралығындағы 5,4 мың оқушы жұмыс істеді.
-
Жаз айларында 16–18 жас аралығындағы жастар 13,6 мың түйіндеме орналастырды.
-
14–15 жастағы жасөспірімдердің ата-аналары 356 жеке кабинет ашып, оның ішінде 112 адам 129 түйіндеме жариялаған.
Еңбек кодексіне сәйкес, 14 жастан бастап тек денсаулыққа зиян келтірмейтін, оқуға кедергі жасамайтын және сабақтан тыс уақытта орындалатын жұмыстарға ғана рұқсат беріледі.
Қазіргі таңда осы талаптарға сай 80 мамандық белгіленген. Олардың қатарында тәрбиешінің көмекшісі, дүкен сатушысы, тазалаушы-жуушы, курьер, SMM-менеджер және басқа да қызмет түрлері бар.
1 қыркүйектегі жағдай бойынша «Менің жазғы каникулым» бөлімінде 305 жұмыс берушіден 2,1 мың бос жұмыс орны жарияланды.
Министрлік өкілдері бұл функционалдың алдағы уақытта да қолжетімді болатынын атап өтті. Жұмыс берушілер бос жұмыс орнын жариялаған кезде тиісті белгіні қою арқылы жасөспірімдерді каникул кезінде жұмысқа орналастыра алады.





