Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Ынтымақ пен келісім кепілі

4 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Ынтымақ пен келісім кепілі
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Татулық пен бірлікті, ұлтаралық достықты, қарым-қатынасты насихаттап келе жатқан бірегей қоғамдық ұйымның іс-нәтижелері қазір республикамыздың барлық өңірлерінде дерлік халықтың қатысуымен сараланып, сарапталып, нәтижелі игіліктері баршаға жарқырата көрсетілуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында ҚХА-ның құрылғанына 30 жыл толуы еліміздің тарихындағы маңызды белес ретінде аталып өткен болатын. Президент өз сөзінде: «Жұртымыз үшін ең үлкен марапат – елдің тыныштығы. Береке-бірлігімізді сақтай алмасақ, қастерлі Тәуелсіздігіміздің баянды болуы да екіталай», – деп атап өтті. Алқалы басқосуда Ассамблея жұмысына жаңа серпін беру, этносаралық татулық пен келісімді нығайту және Ассамблеяның аймақтардағы жұмысын жандандыру жөніндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, нақты шешімдер де қабылданған болатын.

Соның нәтижесінің бір көрінісі әртүрлі этностар тығыз орналасқан өңірлер – Қордай, Ұйғыр, Сайрам, Панфилов және басқа да өңірлерде халық Ассамблеялары жұмыс жасай бастады. Ежелден ұлттар достығының ұясына айналған жазиралы Жаркент өңірінде де аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, алғашқы сессиясы өтті.

Шараны аудан әкімі Марат Сағымбек кіріспе сөз сөйлеп ашып, қатысушыларға аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы мен мүшелері сайланатын сессияда басқа да қаралатын мәселелерді атап өтті. Аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы болып Марат Рақымбердіұлы сайланды.

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ермек Келемсейіт, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Тоқтарбай Керімқұлов, аудандық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы Азат Гайтов, аудандық «Қазақ анала- ры – дәстүрге жол» РҚБ төр-айымы Ләззат Бабаханова сөз сөйлеп, ел бірлігін нығайту жолындағы өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың жұмысын жандандыру, аудан көлемінде этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау бағытындағы жоспарлар талқыланған сессия жұмысын қорытындылаған Марат Рақымбердіұлы қатысушыларды бірлік пен татулықты нығайту жолында аянбай еңбек етуге, Қазақстан халқы Ассамблеясының аймақтық құрылымдарының жұмысын жүйелі түрде дамытуға шақырды.

Мырзағали НҰРСЕЙІТ
Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.