Талдықорған: +32°C
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

ҰЛАҒАТ ИЕСІ

27.03.2025
КҮНДЕРЕК
ҰЛАҒАТ ИЕСІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінгі таңда ұрпақ тәрбиесі, жастарға жаңа дәуір талаптарына сай білім беру кез келген көкейкесті мәселелердің ең маңыздысы. Әлемдік білім кеңістігінен ойып орын алу үшін еліміздің білім жүйесі, білім беру ісінің мазмұны мен құрылымын жаңартуға қарымды қарекет жасалуда. Осы тұрғыдан сараласақ отандық кәсіптік білім беру жүйесінде 95 жылдық тарихы бар Жаркент жоғары педагогикалық колледжінің, ондағы ұстаздардың қоғамның гүлденуіне қосып жатқан үлесі айрықша.

Ел ішінде ұстаздар ұстаханасы атанып кеткен бұл оқу ошағында шәкірттерге небір майталман ұстаздар білім берген. Олардың дәстүрлі ғибратын қазір де жалғастырушылар аз емес. Солардың бірі – педагог-шебер, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің иегері Ақмарал Нұрбекова. Ол осы ұжымда өзінің ұстаздық шеберлігін шыңдады. Еңбек жолында мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, ана тілін асқақтату жолында жалықпай жұмыс істеп келеді. Ұстаз жайлы ауыз толтырып айтар талай сыр бар. 

Ақмарал өзі ұзақ жылдардан бері еңбек ететін Жаркент жоғары педагогикалық колледжінің түлегі. Ол кезде бұл оқу ошағы Панфилов педагогикалық училищесі деп аталатын. Орта арнаулы білім беретін оқу орнын «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша тамамдағаннан кейін 1987 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп 1992 жылы жоғары білімді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып елге оралды.

Өмірлік жары Айдар Исрайылұлымен университетте қатар білім алды. Олар осы оқу орнында танысып, көңілдері жарасып, 1990 жылы отбасын құрды. Университетті тамамдаған соң жас жұбайлар Айдардың ауылы Пенжімге, қазіргі Атамекен ауылына келіп, осындағы А. Розыбакиев атындағы орта мектепте Айдар тарих пәнінің, Ақмарал қазақ тілі мен әдебиет пәнінің  мұғалімі болып еңбек жолын бастады.

Ұстазды іскерлік пен ізденімпаздық жетістіктерге жетелейді. 2018 жылдан кейін әкімшілік қызметті қойып, біржола оқытушылыққа бет бұрған Ақмарал Мәметқазықызы педагогтық қызметте сан белесті бағындырды. Оған шәкірттерінің облыстық, республикалық, халықаралық білім додаларында алған Алғыс хаттары мен дипломдары дәлел.

2020 жылы Ахмет Байтұрсын- ұлының туған күні мен Қазақстан Республикасы халқының Тілдер күнін мерекелеу аясында «А. Байтұрсынұлы – әлем мойындаған ғалым» тақырыбында ұйымдастырылған республикалық іс-шарада білімімен ерекшеленіп, белсенді қатысқан Мерей Бекенді, 2021 жылы республикалық ғылыми жобалар конкурсында «Жас ғалым – 2021» бас жүлде алған Жанна Айдосованы, 2021 жылы «Ұлы Абай мұрасы және әлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Мереке Жайнақтың мазмұнды баяндамасын, 2021 жылы «Ахмет және ұлттық болмыс» атты республикалық фестиваль аясында «А. Байтұрсынұлы мұраларының заманауи білім берудегі орны мен маңызы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Ұлттың ұлы ұстазы» атты баяндамасымен Әсемай Нұрахметті, атап өтуге болады. 2022 жылы Семей мұғалімдер семинариясының түлегі, қоғам қайраткері, қазақ әдебиетінің классигі М. Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Әуезов әлемі» атты танымдық-шығармашылық фестиваль аясында ұйымдастырылған «М. Әуезов жас зерттеушілер көзімен» тақырыбындағы қашықтық ғылыми жоба байқауында «Адамдық негізі – әйел» атты мақаласындағы этнографиялық көріністер баяндамасымен Аяна Нұрахметованы, 2023 жылы республикалық «Ілияс әлемі» атты жас ақындар байқауында I орынды иеленген Дидар Қасымды, 2023 жылы «Шыңғыс Айтматов оқулары» облыстық байқауында III орын иеленген Айнұр Қуаныш пен Балеркен Абдрахимді, 2024 жылы «Ж. Аймауытұлы және сатылай кешенді оқыту технологиясы» атты халықаралық саммитте шәкірт даярлағаны үшін Алғыс хаттармен марапатталғанын айрықша атаймыз. Бұдан басқа, Ақмаралдың жемісті еңбегін айғақтайтын Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы, облыстың   «Үздік педагогы»,  «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі сияқты марапаттары ұстаз еңбегінің жемісі.

Біздің елде еңбек адамына деген құрмет ерекше. Ақмарал Мәметқазықызы өмірін еңбекке арнаған ұлағатты ұстаздардың бірі. Үлгілі отбасының мейірімді анасы. Айдар екеуі тәрбиелеп өсірген бір қыз бен екі ұлы да жоғары білім алып, елдің үлкен қалаларында халқына адал қызмет жасап жүрген жандар. Балаларынан жеті немере сүйген бақытты отбасы, шәкірттері мен ағайын-туыстың, дос-жаранның құрметіне бөленген отбасы.

 Мырзағали НҰРСЕЙІТ
 Панфилов ауданы

Қатысты жаңалықтар

ҚҚДИ зерттеуі: қазақстандықтардың 86,7%-ы Президентке сенім білдіреді

ҚҚДИ зерттеуі: қазақстандықтардың 86,7%-ы Президентке сенім білдіреді

14.09.2026
Ақыл-ой жарысы

Ақыл-ой жарысы

14.09.2026
Алакөлде көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетел азаматы тіркелді

Алакөлде көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетел азаматы тіркелді

14.09.2026
Қазақстандық ғалымдар бал мен зімбірден пайдалы жаңа сусын жасап шығарды

Қазақстандық ғалымдар бал мен зімбірден пайдалы жаңа сусын жасап шығарды

14.09.2026
Жетісуда төрт елдің әскері бірлескен жаттығу өткізуде

Жетісуда төрт елдің әскері бірлескен жаттығу өткізуде

14.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.