Талдықорған: +21°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Жүйелерді жаңғырту уақыт талабы

06.09.2025
КҮЛТӨБЕ
Жүйелерді жаңғырту уақыт талабы
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде елде энергетика және коммуналдық саладағы жүйелердің басым бөлігі ескірген. Соның салдарынан әртүрлі апаттар орын алып, көптеген келеңсіз жағдайларға тап болдық. Бұл мәселе азаматтарға қызмет көрсету сапасына да кері әсерін тигізіп, экономикалық дамуға кедергі келтірді. 

Олар бүгінде ауқымды инвестициялық бағдарламаны іске асыруда. Нәтижесінде электр беру желілері жаңартылып, жаңа тіректер орнатылады, Жаркент пен Текелі, Ескелді және Кербұлақ аудандарында жабдықтар ретке келтіріледі. Бұл өзгерістер көшелердің көрінісін жақсартып қана қоймай, энергиямен жабдықтау сенімділігін арттырады. «ТАЭТК» АҚ өз міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарап, заманауи тәсілдерді белсенді енгізуде және мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысады.

Бұдан соң Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайы ғимаратында аталған жобаны іске асыру аясында ақпараттық-түсіндіру семинары өтті. Шараны Жетісу облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті ұйымдастырды. Семинарға энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына жауапты мамандар мен табиғи монополиялар субъектілері, құрылыс компаниялары, жобалау ұйымдары, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен салалық қауымдастықтар, екінші деңгейлі банктер, отандық тауар өндірушілер және ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірлердегі өкілдері қатысты.

Алдымен облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов сөз сөйлеп, ұлттық жобаны іске асырудың мақсат-міндеті мен тетіктеріне қысқаша тоқталды. Бұдан соң жобаның тұсаукесері жасалып, іске асыру кезеңдері түсіндірілді. Сонымен бірге ұлттық жоба шеңберінде жобаларды жоспарлау, іріктеу және іске асыру тәртібі таныстырылып, қаржыландыру тетіктеріне назар аударылды. Жобаны жүзеге асыру кезінде құрылысқа қажет өнімдерді отандық тауар өндірушілерден сатып алу мәселелеріне ден қойылып, қажетті деректерді толтыру жайына егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.

Сондай-ақ, өңірді жаңғырту картасы мен инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін құжаттар топтамасын қалыптастыру, конкурстық құжаттама кезеңдерін тәртіпке келтіру, критерий мен мердігерлерге қойылатын талаптарды күшейту, отандық тауар өндірушілермен өзара іс-қимыл әрекеттерін ыңғайландыру, офтейк-байланыс орнату, ұлттық жобаны цифрландыру мәселесі алға тартылды.

Осының аясында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Қанат Кульназаров, «ҚазОрталықТКШ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Макка Шингазиева, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева, «Qazindustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ірі кәсіпорындары айналасында шағын және орта бизнес белдеуін құру дирекциясының Бас сарапшысы Олжас Нұрмұхамбетовтің баяндамалары тыңдалды. Соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, лауазымды тұлғалардың жауабына құлақ асылды.

Жиында Қанат Темірұлы жаңа жобаның негізгі міндеттерін ұсынып, бірінші кезекте инфрақұрылымдық проблемаларды шешу тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттен ұзақ мерзімге тарифтік саясатты нақты жоспарлау қажеттігін, ал кәсіпорындардан жобаларды іске асырудағы тәртіп талап етілетінін, тек осылай ғана электр және жылу энергиясы тапшылығы жойылып, азаматтардың жайлы өмір сүруі үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуге мүмкін болатыны сөз етілді.

Ал Макка Жарқынбайқызының айтуынша, өтінімді қалыптастырып, құжаттар топтамасын дайындаудан бастап шарт жасасуға дейінгі барлық рәсім ашық және кезең-кезеңімен құрылған. Табиғи монополиялар субъектілері мен жергілікті атқарушы органдар ұлттық жобаға енгізу үшін электрондық платформада тіркелуге, жобаны техникалық, қаржылық операторлармен және тарифтік реттеушімен келісуге тиіс. Өңірлердің жобалау-сметалық құжаттаманы уақытылы дайындауы және тарифтер мен қаржыландыруға қойылатын талаптарды ескеруі маңызды. Бұл жаңғыртуды жеделдетуге және бөлінген қаражатты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Әлия Мырзағалиева «Бәйтерек» холдингі өңірлер үшін қолжетімді және ашық тетіктерді қамтамасыз ететінін, бұл Қазақстанның Даму Банкі және екінші деңгейдегі банктер арқылы тікелей несиелеу, синдикатталған қаржыландыру, жергілікті атқарушы орган облигацияларын шығару және сатып алу, жеңілдікті мөлшерлемемен бюджеттік несиелеу, жергілікті атқарушы орган немесе әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы коммуналдық кәсіпорындарды лизинг және капиталдандыру екенін және жаңғыртудың барлық құралы еліміздің әрбір өңірі үшін елеулі болуын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.

– Ұлттық жоба жабдықтар мен материалдарды сатып алу кезінде қазақстандық өндірушілердің басымдығын көздейді. Бұл жұмыс орындарын ашады, импортқа тәуелділікті төмендетеді және отандық өнімге тұрақты сұранысты қалыптастырады. Бұдан басқа, оффтейк-келісімшарттар біздің кәсіпорындарға жүктемені жоспарлауға және өндірісті дамытуға мүмкіндік береді, – дейді Олжас Нұрмұхамбетов.

Семинарда ұсынылған талдау деректері бойынша Жетісу облысында инженерлік желілердің тозу деңгейі 60% – дан асады. Ал нысандардың бір бөлігі 50 жылдан астам уақыт пайдаланылуда. 2026 жылы облысқа 22 млрд. теңге көлемінде инвестиция салу жоспарланған. Бұл қаражатты жылу желілерін, сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелерін жөндеуге және жаңғыртуға жұмсау жоспарлануда. Үдерістерді цифрландыруға: «SMART TURMYS» жүйесін, электрондық сатып алу платформасын және «ақылды» есептеу құралдарын енгізуге ерекше назар аударылды, бұл шығынды қысқартуға, ашықтықты арттыруға және халық үшін төлемдерді болжауға мүмкіндік береді.

Талқылауды қорытындылаған Әсет Серікұлы: «Жобаны табысты іске асырудың басты шарты – әкімдіктердің, бизнес пен коммуналдық кәсіпорындардың келісілген жұмысы. Біз желілердің тозуын қазіргі 70-80% -дан 40% -ға дейін азайтуға және тұрғындарға қажетті барлық қызметті тұрақты алуға кепілдік беруге тиіспіз», – деді.

Әлия Мырзағалиева газетімізге берген сұхбатында атап өткендей, ұлттық жоба табиғи монополиялар субъектілері үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұрын олар қайтарылатын несиелермен әрең жұмыс істеген, енді ставкаларды ішінара субсидиялаумен ұзақмерзімді несиелер алатын болады. Бұл кәсіпорындарға инфрақұрылымды жаңартуға қаражат тартуға, сонымен бірге халық үшін тарифтерді тежеуге мүмкіндік береді. Адамдардың мүдделерін ескеру маңызды. Отыз жыл ішінде елдегі тарифтер жасанды түрде ұсталды. Салдарынан біз тозған желілер, мыңдаған апат пен төтенше жағдайларға тап болдық.

Бүгін аз қаржыландырудың пайдасын көріп отырмыз. Енді тәсілді өзгерту керек. Тесіктерді жамау емес, жүйелі түрде модернизацияға инвестициялау. Адамдар сапалы қызметтерге қол жеткізіп, краннан таза су ішіп, жылу мен жарық үзіліссіз берілуі тиіс. Азаматтар коммуналдық қызметтердің сапасыздығына байланысты тұрмыстық техниканы сүзгілерге, қоқысқа қарсы немесе жөндеуге ақша жұмсамауы керек. Егер су немесе электр энергиясы сапасыз болса, әр отбасы зардап шегеді және үй шаруашылығының шығындары артады. Сапалы коммуналдық қызмет – бұл сән-салтанат емес, негізгі құқық.

Мысалы, қазір кейбір өңірлер сапалы сумен мақтана алады. Сондықтан, желілердің тозуын азайтып, кәсіпорындардың тиімділігін арттырып, ең бастысы, халықтың өмір сүру сапасы жақсартылуы керек. Бұл мемлекет пен бизнестен бастап жергілікті органдар мен кәсіпорындардың өздеріне дейінгі үдерістің барлық қатысушыларынан тәртіп пен жауапкершілікті талап ететін ұзақмерзімді міндет. Жалпы, жобаны іске асыру халық үшін неғұрлым сенімді және сапалы қызметтерді, отбасылар үшін болжамды тарифтерді және өңір экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы 2029 жылға дейін жүзеге асады.

Ал оған инвестициялық қажеттілік 13,6 трлн. теңгені құрайды. Оның 6,8 трлн. теңгесі коммуналдық желілерді жаңғыртуға, 6,2 трлн. теңгесі электр энергиясын өндіруге, қалғаны автоматтандыру мен аспаптауға жұмсалады. Аталған жоба шеңберінде 10 мың шақырымнан аса желі жаңартылады. Сөйтіп, 2030 жылға қарай жылу, су, электр, су бұру жабдықтарының тозуы айтарлықтай төмендейді.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026
Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.