11 қыркүйек күні еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы болады – деп хабарлайды 7-su.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, кей облыстарда қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Желдің жылдамдығы секундына 20-28 метрге дейін жетуі мүмкін.
-
Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар облыстарында – нөсер жаңбыр, бұршақ, дауыл, кей жерлерде тұман күтіледі.
-
Алматы, Жетісу, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында – найзағай ойнап, жел күшейеді.
-
Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарында – жаңбыр мен найзағай, тұман, қатты жел болжанып отыр.
-
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстарында – төтенше өрт қаупі сақталады.
Сонымен қатар, Астана, Алматы, Шымкент, Өскемен, Талдықорған, Павлодар және басқа да қалаларда найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.
Мамандар тұрғындарды ауа райы болжамына мұқият болып, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.





