Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Кедергісіз кеңістік қалыптастыруға үлес қосқандар марапатталды

Жетісу облысының орталығында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру ісіне белсене атсалысып жүрген бірқатар азамат марапатталды.

11 қыркүйек 2025
КҮНДЕРЕК
Кедергісіз кеңістік қалыптастыруға үлес қосқандар марапатталды
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыру, олар үшін инклюзивті және қауіпсіз орта қалыптастыру мәселесіне үнемі баса назар аударып келеді. Бүгінде ел Президентінің тапсырмасына сай  еліміздің барлық өңірлерінде кедергісіз кеңістік қалыптастыру бағытында нақты шаралар қабылданып, жүйелі жүзеге асырылуда.

Талдықорғанның Қала күні қарсаңында арнайы басқосу өткізген  шаһар басшысы Ернат Бәзіл аймақтағы қолжетімді орта қалыптастыруға өз үлесін қосып келген қоғам белсенділерін, кәсіпкерлер мен меценаттарды қабылдап, сый-құрмет көрсетті. Шаһардағы салтанат сарайында өткен марапаттау рәсімінде олардың еңбегін ерекше бағалап, алғыс білдірді.

– Әрбір азаматтың қоғам өміріне толық әрі тең құқықты қатысуы — біздің басты мақсатымыз. Ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін қолжетімді орта қалыптастыру тек мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Осындай жауапкершілікті сезіне отырып, қамқорлық танытқан әрбір жанға алғысым шексіз, – деді қала әкімі.

Мамандардың мәліметінше, бүгінде Талдықорған қаласында 5200-ден астам мүгедек азамат тіркелген. Сондай-ақ,126 мемлекеттік нысан бар. Оның 118-і мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін кіріп шығуына толықтай бейімделген. Биыл мемлекеттік мекемелерді қолжетімділікпен қамтамасыз ету мақсатында 91 млн теңге бөлініп, тағы 18 мекеме жан-жақты  жабдықталған. Бұдан бөлек, қала аумағындағы 56 жеке меншік кәсіпкерлік нысанының 36-сы кедергісіз орта талаптарына сай жөндеуден өткізілген. Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

                                                                                                             Айдын КӘЛІМХАН

 

Қатысты жаңалықтар

Барымта басылмай тұр

Барымта басылмай тұр

Бүгін, 16:45
Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның құқықтық дамуының негізі

Бүгін, 16:18
Тарих пен тағылым ұштасқан

Тарих пен тағылым ұштасқан

Бүгін, 14:24
Тоқыма өндірісін өрістеткен

Тоқыма өндірісін өрістеткен

Бүгін, 12:15
Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Президент Жолдауда ел дамуының негізгі бағыттарын айқындады

Бүгін, 12:04

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.