Алдымен студенттерге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қызметі туралы мағлұмат беріліп, Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясына түсу тәртібі жөнінде бейнеролик көрсетілді.
Колледж жастары сарбаздардың күнделікті тұрмысынан хабардар болып, асхана мен жатын бөлмелерін аралап, 3-дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, қатардағы жауынгер Айбат Амановқа арналған естелік бұрышымен танысты.
Жастарға патриоттық өнеге дарыту мақсатында тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесі ұйымдастырған шара соңында қонақтарға сарбаздардың қызмет барысындағы іс-әрекеттері көрсетілді. Отан алдындағы жауапты міндеттері түсіндірілді.
Фото: ainews.kz.





