Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

«Қайық аударылған»: Полицей екі ер адамды мұздай судан құтқарды

24 наурыз 2025
САЯСАТ
«Қайық аударылған»: Полицей екі ер адамды мұздай судан құтқарды
WhatsAppTelegramFacebook

23 наурыз күні, кешкі сағат 21:14—те, Ескелді аудандық полициясының кезекші бөліміне дабыл қоңырауы түсті: техникалық тоғанда қайық аударылып, екі ер адам мұздай суға түсіп кеткен. Оларды құтқару үшін жедел әрекет ету қажет болды.

Оқиға орнына бірінші болып патрульдік полиция экипажы – капитан Мұхтар Нұрмұхамбетов пен лейтенант Бекқазы Байбол жеткен. Белгілі болғандай, балық аулап жүрген егде жастағы ер адам қайық аударылған кезде суға құлап кеткен. Оның серігі еш ойланбастан көмекке ұмтылған, алайда көп ұзамай өзі де суға батып кете жаздаған – мұздай суда олардың күші қалмаған.

Полицейлер бірден әрекетке көшкен. Қиналған жандардың айқайын естіген капитан Нұрмұхамбетов батылдық танытып, мұздай суға секіріп, суға кеткендерге қарай жүзе жөнелген. Бірі әбден әлсіреп қалған, тіпті аяғы балық аулау торына шырмалып қалыпты. Ал екіншісі аударылған қайыққа жармасып үлгергенімен, қатты тоңып, әлсірей бастаған.

Жағдайдың өте күрделі екенін түсінген капитан дереу көмек шақырған. Оқиға орнына ТЖД кезекші құтқарушысы келіп, екінші ер адамды судан шығара бастаған. Дәл сол уақытта жедел-тергеу тобы да жеткен. Оның құрамындағы жедел уәкіл Өмірбек Сенбай арқанмен белін байлап, суға сүңгіп, зардап шеккендерді жағаға алып шығуға көмектескен.

Құтқару операциясы төтенше жағдайда өтті. Әрбір қадам қауіпке толы болды, бірақ полиция мен құтқарушылардың бірлескен әрі жанқиярлық әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.

Құтқарылғандар – 62 жастағы Асхат Шаяхметов пен 36 жастағы Аман Оспанов – өз сезімдерін жасыра алмады. Олар өз құтқарушыларына алғыс білдіріп, дәл осы полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың ержүректілігі олардың өмірін сақтап қалғанын айтты.

Бұл оқиға айналамызда нағыз батырлардың бар екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар өз өмірлерін қауіпке тігіп, көмекке әрдайым әзір екендерін көрсетті.

«Жетісу-Ақпарат» 

Фото: Видеодан алынған кадр

 

 

Қатысты жаңалықтар

Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін қолдаған президенттер

Дженсен Хуанг Nvidia-ға оралғанға дейін қолдаған президенттер

Бүгін, 10:08
Жетісуда табиғат қорғау рейді тікұшақпен жүргізілді

Жетісуда табиғат қорғау рейді тікұшақпен жүргізілді

Бүгін, 09:57
Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

Жетісу өңірі мал қыстату науқанына дайын

23 қараша 2026
Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

Тарихи тұлға – ұрпаққа өнеге

23 қараша 2026
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Рүстем Әмірғазыұлы Досжанов

23 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.